Білгенге маржан. Мүсіндеу – көлемді бұйымдар жасалатын бейнелеу әрекетінің бір түрі. Ермексаз – әртүрлі пішіндегі заттарды мүсіндеуге болатын жұмсақ материал. Ермексаз кескіші – ермексазбен жұмыс істеуге арналған пластиктен немесе ағаштан жасалған құрал.
Мүсіндеу тәсілдері:домалақтау, шиыршықтау, жаныштау, созу, тегістеу т.б. негізгі тәсілдерін үйрену керек.
Домалақтау. Ермексаздың бір бөлігін екі алақанмен ширатып, дөңгелек пішінге келтіреміз.
Шиыршықтау.Дөңгелек ермексазды жұмыртқа немесе цилиндр пішінге келтіру. Екі қолды бір-біріне көлбеу ұстап шиыршықтаса, ермексаз жұмыртқа қалпына келеді.
Жаныштау. Ермексазды тандыр нан пішініне келтіру үшін оны алақанмен үстелдің үстінде қатты жаныштау керек.
Шымшу.Үлкен пішінді бұйымның ұсақ бөлшектерін шығаруда қолданылатын әдіс.
Созу. Ермексазды қолмен созып, қажет пішінге келтіру. Тегістеу. Ермексаздан жасалған бұйымның артық бөлшектерін саусақ немесе кескішпен алып тастау үшін қолданылатын әдіс.
Кесу.Ермексазды кескішпен бірнеше бөліктерге бөлу. Тілу. Бұйымға қайшымен тілік жасау. Бұл әдіспен шөп, кірпінің инесі, құстың қауырсынының кескінін шығаруға болады.
Біріктіру. Бөлшектерді бір-біріне қатты күш салмай жапсыру. Балаларға бұл тәсілдердің бәрін бірден айтуға болмайды.
(ЖЖ)Практикалықжұмыс Жұмысты бастар алдында орнымызды дайындап, клеенка төсенішті алдымызға жаямыз. Ермексазды жақсылап жібітеміз.
Үкінің пішінін ермексаздан жасау жолдарын рет-ретімен
Оқушылар мұқият тыңдап, сұрақтары болса қояды.
Оқушылар қызықты ақпаратпен танысады.
Ермексазды алақан арасына салып, жақсылап жұмсартады. 1-кезең. Қоңыр түсті немесе кез келген түсті ермексазды домалақтап, цилиндр формасын келтіреді. Қырларын жұмсартып, домалатады.
кезең. Сұр немесе кез келген түсті ермексаздан қанатын және аяғын жасайды.
кезең. Көзі болатын қара түсті кішкентай екі шар жасайды, одан үлкен сары түсті
екі шар, одан үлкен екі ақ түсті шар жасап, оларды
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқулық, ермексаз, стек, плёнкалы төсеніш, қажетті құралдар, жұмыс дәптері.
Қауіпсіздік ережесі жазылған слайд
15 минут
https://qrmedia.kz/AT4tO
түсіндіріп көрсетеді.
Керекті материалдар: ермексаз, стек.
Қоңыр түсті немесе кез келген түсті ермексазды домалатып, цилиндр формасын жасаймыз. Қырларын жұмсартып домалатамыз.
Сұр немесе кез келген түсті ермексаздан қанатын және аяғын жасаймыз.
Көзі болатын қара түсті кішкентай екі шар жасаймыз, одан үлкенірек сары түсті екі шар, одан да үлкенірек екі ақ түсті шар жасап, оларды жалпақтаймыз.
Жайпақталған фигураларды бірінің үстіне бірін үлкеннен кішісіне қарай жабыстырамыз. Сары түсті ермексаздан пирамида тәрізді тұмсық жасаймыз. Осылайша үкіміз дайын.
. Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.