Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
7 минут
Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
|
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Бәріміз бір топпыз, Жалқаулыққа жоқпыз. Аянбай еңбек етеміз, Мұратымызға жетеміз.
(ЖЖ) Жұмыс ережесімен келісу.
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Балалар, бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың өлеңімен бастаймыз.
Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз.
«Өткенге шолу» орталығы.
Ø 1. Қолөнер деген не?
Ø 2. Шебер дегеніміз кім?
Ø 3. Ұста деп кімді айтамыз?
Ø 4. Еңбек дегенді қалай түсінесің?
Ø 5. Ісмер дегеніміз кім?
Ø 6. Зергер деп кімді айтамыз?
Ø 7. Өнер дегенді қалай түсінесің?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сәндік панно». Ұлттық ою-өрнек пен декор элементтерін зерттеу.
(ҰЖ) Талқылайық! Панно (фр. panneau, лат. рannus – мата кесіндісі). Панно:
мүсіндік бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген қабырғаның бір бөлігі;
қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішкі төбесін әсемдеу мақсатымен салынған кескіндемелік туынды.
|
Сәлемдеседі. Тыңдайды.
Оқушылар қайталайды.
Оқушылар мұқият тыңдайды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
|
Дескрипторлар:
Оқушылар сұраққа жауап бере алады.
Өз ойларын дұрыс жеткізе біледі.
Құрал-жабдық-тарды біледі
Сұраққа жауап береді.
|
Интербелсенді тақта.
Презентация. Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар: фетр матасы, қайшы, қағаз желімі, қарындаш, сызғыш.
Толығырық «Қазақ Энциклопедиясы», V том.
|