Жұмыстың орындалу реті: Палитраға ақ және көк түстерді араластырып, толығымен бояп шығады.
Кепкеннен кейін бұтақты қоңыр түспен салады.
Бұтақтың жарық жерлерін ақшыл қызыл сары түспен бояйды.
Ақ түске кішкене қызыл түсті қосып, жаңа түс шығарып алады.
Шығарып алған түспен бұтақтарға гүлдердің суретін салады.
Гүлдің үстінен ақ түспен жартысын бояп шығады.
Жапырақтарын салу үшін, жасыл түске көк түсті араластырып, бояп шығады.
Жапырақтың жарық реңктерін салу үшін, жасылға лимон түстес сары бояуды қосып, түртіп бояйды.
Осылайша гүлденген алма ағашын салып шығады.
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды.
|
Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия.
5 минут
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Көрме ұйымдастыру.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Оқушылар ермексаздан жасаған жұмыстарын көрмеге ұсынады.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс, келісемін»,
«Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1–10 балдық жүйе бойынша, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.
|
|