2. Молекулааралық– жай және күрделі заттардың, сол сияқты әртүрлі атомдық және молекулалық бөлшектердің (радикалдардың, иондардың және ион-радикалдардың) қатысуымен жүретін реакциялар мысал бола алады:S + О2 SО2 3. Диспропорциялану реакциялары немесе дисмутация (ескі аталуы - өздігінен тотығу-тотықсыздану реакциялары) - бір молекуланың (немесе ионның) құрамында болатын әртүрлі аралық тотығу дәрежесіндегі элемент атомдары тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың қызметін атқарады:
Сl2 + 2КОН КСlО + КСl + Н2О
Электролиттің ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты ток өткен кезде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын электролиз дейді.
Бейорганикалық заттардың қасиетін төмендегі жоба бойынша қарастыруға болады.