«Бейорганикалық химия» бөлімінің міндеті. Курстың мазмұны,құрылымы мен принципі


Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш



бет9/10
Дата18.10.2023
өлшемі79,08 Kb.
#118915
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бейорганикалық химия бөлімі

Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
Су – әлсіз амфотерлік электролит. Судың диссоциациялану теңдеуі:
2 Н2О Н3О+ + ОН-
немесе
Н2О Н+ + ОН-
а) егер [Н+] = [ОН-] = 10-7 моль/л болса, онда орта бейтарап;
б) егер [Н+] > [ОН-] , [Н+] > 10-7 моль/л болса, онда орта қышқылдық;
в) егер [Н+] < [ОН-] , [Н+] < 10-7 моль/л болса, онда орта сілтілік.
Әртүрлі қышқылдықта болатын ерітінділердегі сутек иондарының концентрациясы көп реттілікке өзгере алады. Сондықтан, ыңғайлы болуы үшін сутек иондары концентрациясының теріс ондық логарифмін пайдаланады, оны сутектік көрсеткіш деп атайды рН (пэ-аш):
pH = -lg[H+] pОH = -lg[ОH-]
Қышқылды ерітінділерде рН < 7, бейтараптыда рН = 7, сілтілікте рН >7.


Қышқылдар мен сілтілер әсер еткендегі индикатор түсінің өзгерісі
1-кесте

Индикатор

Индикатор бояуы

қышқылды ортада
(рН < 7)

бейтарап ортада
(рН = 7)

сілтілі ортада
(рН > 7)

Лакмус

қызыл

күлгін

көк

Метилоранж

қызғылт

қызыл сары

сары

Фенолфталеин

түссіз

түссіз

қызыл күрең



Тотығу дәрежесі, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ұғымдары.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары деп электрондардың бір бөлшектерден екіншісін ауысуымен байланысты жүретін реакцияларды айтады, яғни әрекеттесуші молекулалар қүрамына енетін элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгеруі.
Тотығу дәрежесі (тотықтыргыш сан, тотыққан күй, электрохимиялық валенттілік) деп қосылыстагы атомның немесе ионның шартты зарядын айтады.
Қазіргі кезде қолданыста жүрген тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық теориясын 1914 жылы Л.В.Писаржевский ұсынған:
1. Электрондарын беретін молекулаларды (атомдарды немесе иондарды) тотықсыздандырғыштар деп атайды, ал электрондарды беру процесінің өзін - тотығу дейді. Ол тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесінің артуымен қатар жүреді және де зат тотықсызданған түрден тотыққан түрге айналады.

  1. Электрондарды қабылдайтын молекулаларды (атомдарды немесе иондарды) тотықтырғыш деп атайды, ал электрондарды қабылдау процесінің өзін – тотықсыздану дейді. Ол тотықтырғыштың тотығу дәрежесінің азаюымен қатар жүреді және зат тотыққан түрден тотықсызданған түрге айналады.

  2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әрекеттескенде берген электрондар саны қабылдаған электрондар санына тең болады. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштар ретінде иондар да бола алады.

Химиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларын төрт түрге бөледі:
1. Молекула ішілік - тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың функциясын бір молекула немесе бір күрделі ион құрамында болатын әртүрлі элемент атомдары атқарады.
2 (NН3ОNJ3) 2NН3 + N2 + 3J2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет