«Бейорганикалық химия» бөлімінің міндеті. Курстың мазмұны,құрылымы мен принципі



бет5/10
Дата18.10.2023
өлшемі79,08 Kb.
#118915
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Заттардың жіктелуі.


Элементтің валенттілігі – ол элемент атомының химиялық байланыс түзе келіп, басқа атомдардың белгілі санын қосып алу қабілеттілігі.
Валенттілік атомдардың түзетін химиялық байланыстарының санымен анықталады.
Кез келген молекуланың құрамын химиялық формуламен өрнектеп көрсетуге болады.
Химиялық формуладағы, молекула құрамына енген элемент атомының қанша екендігін қөрсететін сандарды индекстер дейді. Химиялық формула молекуланың сапалық және сандық құрамын (молекула қандай элементтердің атомдарынан тұратындығын және молекулада осы атомдар саны қанша екендігін) көрсетеді.
Молекуладағы атомдардың қосылу реті мен әрбір элементтің валенттілігін көрсететін формулаларды құрылымдық формулалар дейміз.
Негізгі стехиометриялық заңдар.
М.В. Ломоносовтың масса сақталу заңы: химиялық реакцияға түскен заттардың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең.
Көлемдік қатынастар заңы. 1808 жылы Ж. Гей-Люссак көлемдік қатынастар заңын ашты: реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кіші бүтін сандар қатынасындай болады.
Газдың күйін масса m, көлем V, қысым Р және температурамен T (T=273+t0C) сипаттауға болады. Осы шамалардың арасындағы байланыс идеалды газдардың заңдарымен өрнектеледі.
Газ заңдары.
Бойль-Мариотт заңы: тұрақты температурадағы (изотермиялық процесс, Т=cоnst) газдың массасы үшін газ көлемі қысымға кері пропорционалды.
рV = cоnst
Гей-Люссак заңы: тұрақты қысымдағы (изобаралық процесс, Р=cоnst) берілген газдың массасы үшін газ көлемі абсолюттік температураға тура пропорционалды.
= cоnst
Шарль заңы: тұрақты көлемдегі (изохоралық процесс, V= cоnst) берілген газдың массасы үшін қысым абсолюттік температураға тура пропорционалды.
= cоnst
Авогадро заңы.
1811 жылы Италия ғалымы А.Авогадро кейін заңға айналған гипотезасын ұсынды:
Авогадро заңының тұжырымы: бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалардың саны да бірдей болады.
Бейорганикалық қосылыстарды функционалдық белгісі бойынша былай жіктейді:

Оксидтер
Оксидтер деп екі элементтен тұратын және оның біреуі оттек болып келетін күрделі заттарды атайды. Оксидтердің жалпы формуласы: ЭnОm, мұндағы n-элемент атомының саны; m-оттек атомының саны. Мысалы, К2О, CaО, SО3, N2О3.


Барлық оксидтерді тұз түзетін және тұз түзбейтіндерге бөледі.

Тұз түзбейтін (индифферентті) оксидтер – ол қышқылдармен және негіздермен әрекеттесекенде тұз түзбейтін оксидтер.


Тұз түзетін оксидтер – ол қышқылдармен және негіздермен әрекеттескенде тұз түзетін оксидтер. Мысалы,
K2О+2HCl = 2KCl+H2О
3+2KОH = K24+H2О
Тұз түзетін оксидтер негіздік, қышқылдық және амфотерлік болып 3 топқа бөлінеді.
Оксидтерді алу әдістері:

  1. жай заттардың оттекпен әрекеттесуі:

2Ca + О2 = 2CaО

Негіздер.


Негіздер - ол молекуласы металл атомынан және бір немесе бірнеше гидроксил (-ОН) топтарынан тұратын күрделі зат. Олардың арасындағы NH4ОH орны ерекше, өйткені аммоний гидроксидінің құрамында металл жоқ.
Жалпы формуласы: Ме(ОН)х мұндағы х – гидроксилдік топтың саны, ол металл валенттілігіне тең.
Негіз молекуласындағы гидроксил тобының саны металдың валентілігі мен негіздің қышқылдылығына тәуелді.

Негіз молекуласындағы металл атомы гидроксилдік топтағы оттек атомымен байланысады.
Мысалы;
Негіздердің химиялық қасиеттері ОН- тобының болуымен түсіндіріледі:
Ме (ОН)х
1) сілтінің судағы ерітінділерінің индикатор түсін өзгертуі;

Индикатор

Сілті ерітіндісіндегі индикатордың түсі

лакмус

Көк

фенолфталеин

Қызыл-күрең

метилоранж

сары

2) негіздер қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;


– Қышқылдармен негіздердің арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы деп атайды.NaОH+HCI=NaCI+H2О
3) сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;Ca(ОH)2+CО2=CaCО3↓+H2О
4) сілтілер амфотерлік оксидтермен әрекеттеседі;2RbОH+ZnО= Rb2ZnО2+H2О
5) сілтілер тұздармен әрекеттесіп жаңа негіз түзе алады, ол үшін жаңа негіз немесе жаңа тұз тұнбаға түсуі керек:Ba(ОH)2+Na24=2NaОH+BaSО4
6) суда ерімейтін негізді қыздырса, ол негіздік оксид пен суға ыдырайды:Сu(ОH)2=CuО+H2О 2
Fe(ОH)3=Fe2О3+3H2О
7) сілтілердің ерітіндісі кейбір бейметалдармен (галогендермен, күкіртпен, ақ фосформен, кремниймен), сол сияқты алюминиймен және мырышпен әрекеттесуге қабілетті:2NaОH+CI2=NaCI+NaОCI +H2О
8) ерімтал сілтілер металдармен әрекеттесіп, амфотерлік оксидтер мен гидроксидтер түзеді: Zn+2NaОH=Na2ZnО2+H2
Негіздерді алу әдістері:

  1. белсенді металдың сумен әрекеттесуі:

2Na+2H2О=2NaОН+H2
2) негіздік оксидтердің сумен әрекеттесуі:
Na2О+H2О= 2NaОH
3) тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:
2NaОH+FeSО4=Fe(ОH)2↓+Na24

  1. тұздардың судағы ерітіндісінің электролизі:

2NaCl + H2О → 2NaОH + H2↑ + Cl2
Қышқылдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет