«Бейорганикалық химия» бөлімінің міндеті. Курстың мазмұны,құрылымы мен принципі


Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі



бет2/10
Дата18.10.2023
өлшемі79,08 Kb.
#118915
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі.
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесін қарастыруды қарапайымнан күрделіге қарай қозғалысы қағидасына сай, жай заттардан -металдар мен бейметалдардан бастаған жөн.
Орта мектепте оқытылатынбейорганикалық химия курсы 7-сыныптан бастап 10- сыныпқа дейін қарастырылған.Мысалы;периодтық заң немесе периодтық жүйе 7- сыныпта,одан соң 10-сыныпта тереңірек қарастырылады.
Химиялық элемент немесе бейорганикалық қосылыстарды оқытудың үлгісі.

  1. Тарихи дерек.Бұл химиялық элементті немесе қосылысты кім, қашан және қалай ашты. Атауының шығуы, маңыздылығы және қысқаша пікір жазу керек.

  2. Табиғатта кездесуі. Жер қыртысында кездесуі және алатын орны, пайыздық мөлшері. Изотоптық қүрамы. Литосфера; гидросфера; атмосфера; биосферада пайыздық мөлшерде кездесуі. Сутек пен гелий үшін ғаламшарда кездесуі есептеледі.

  3. Қарапайым жағдайдағы физикалық қасиеттері. Агрегаттық күйі. Сыртқы белгілері (дәмі, түсі, иісі, тактикалық сезімі және т.б.). Суда еруі. Физикалық түрақтылығы (тығыздығы, бапқу температурасы жэне т.б.)




  1. Периодтық жүйедегі орны. Атом немесе молекулалық құрамы.Кристалдық торы.



  1. Химиялық қасиеттері. Электролиттік диссоцация-лану. Химиялық қосылыстармен эрекеттесуі. Оттегімен, сутегімен, бейметалдармен әрекеттесуі, периодтық жүйедегі орналасуы (галогендер, халькогендер, сілтілер, металдар, сілтілік жер металдар). Сумен, оксидтермен, қышқылдармен, түздармен әрекеттесуі. Қыздырғандағы күйі. Ерекше қасиеттері. Сәйкестендіру. Қолдану тәртібі. Табиғилығын көрсетуге болатын қасиеттерінің бэрін тәжірибе түрінде көрсету.

  2. Биологиялық (физиологиялық) қасиеттері. Биогендік элемент немесе зат ретіндегі орны, мағынасы.

  3. Адамзат қызметінің әр-түрлі саласында қолданылуы (белгілі бір жүйелі түрде).



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет