Қышқыл – ол құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі зат.
Қышқылдар қатты (мысалы: H3PО4, H3BО3, HJО4) және сұйық түрде (мысалы: H2SО4, HNО3) болады. Кейбір қышқылдар (мысалы: HCl, H2S) газдардың судағы ертіндісі түрінде болады.
Қышқылдарды былай жіктеуге болады:
негізділігі;
Қышқылдың негізділігі– ол қышқыл молекуласындағы, металл атомдарымен алмаса алатын, сутек атомдарының саны.
қышқыл молекуласындағы оттек атомдары бойынша;
1) қышқылдардың индикатор түсін өзгертуі:
Индикатор
қышқылды ортадағы индикатор түсі
лакмус
кызыл
фенолфталеин
түссіз
метилоранж
қызыл
2) қышқылдар негіздермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
Н3РО4 + ЗNаОН = Nа3РО4 + ЗН2О
Н2SО4 + 2КОН = К2SО4 + 2Н2О
3) қышқылдар негіздік оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
Н2SО4 + СаО = СаSО4 + Н2О
ЗН2SО4 + Ғе2О3 = Ғе2(SО4)3 + ЗН2О
4) қышқылдар амфотерлік оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
ЗН2SО4 + АI2О3 = А12(SО4)3 + ЗН2О2
5) қышқылдар амфотерлік гидроксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
ЗНСІ + Сг(ОН)3 = СгСІ3 + ЗН2О
6) ерімейтін жаңа тұз бен әлсіздеу қышқыл түзілетіндей жағдайда қышқылдар тұздармен әрекеттеседі:
НСІ + АgNО3 = АgСI↓ + НNО3 7) қышқылдар металдармен әрекеттеседі.
Кышқылдардың алыну әдістері: 1) қышқылдық оксидтердің сумен әрекеттесуі:
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4 2) күшті қышқыл-тотықтырғыштың бейметалдармен әрекеттесуі:
ЗР + 5НNО3(конц.) + 2Н2О = ЗН3РО4 + 5NО
3) әлсіз қышқыл тұзының күшті қышқылмен немесе алынатыннан гөрі жеңілдеу ұшатынымен әрекеттесуі:
СаСОз + 2НС1 = СаС12 + СО2↑ + Н2О
NаСІ (қ) + Н2SО4(конц.) = NаНSО4 + НС1↑
4) жай заттардан алу:
Н2 + С12 = 2НС1 (судағы ерітінді)
Тұздар Тұздар - ол металл атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Орташа (қалыпты) тұздардың құрамы өрнектелетін жалпы формуласы: Мех(Ас)у, мұндағы х - металл атомының саны; у- қышқыл қалдығының саны.
М ысалы: К3РО4, NаСІ, Са3(РО4)2.
Орта (қалыпты) тұздар – ол қышқыл молекуласындағы сутек атомдардың орнын металл атомдары толық басқан кезде түзілетін тұздар.
Қышқылдық тұздар – ол көпнегіздік қышқыл молекуласындағы сутек атомдарының орнын қышқыл қалдықтары ішінара басқан кезде түзілетін тұздар.
Негіздік тұздар – ол көпқышқылдық гидроксид молекуласындағы гидроксотоптың орнын қышқыл қалдықтары ішінара басқан кезде түзілетін тұздар.
Бинарлы немесе қос тұздар – ол көпнегіздік қышқылдағы сутек атомдарының орнын бір емес, екі әртүрлі металл атомдарымен басқан кезде түзілетін тұздар.
Мұндай тұздар әртүрлі заттардың бейтарап молекулалары бірімен бірі қосылғанда түзіледі: (NH4)2SО4 + Ғе2(SО4)3 = (NH4)2SО4 · Ғе2(SО4)3 = 2NH4Ғе (SО4)2 Қос тұздар бір сатыда екі металдың (немесе аммонийдің) катионына және қышқыл қалдығының анионына диссоциацияланады:
К АІ (SО4)2 К+ + А13+ + 2SО42- N Н4Ғе(SО4)2 NH4+ ; + Ғе3+ + 2SО42- К ешенді тұздар диссоциация кезінде әуелі кешенді иондарды бөледі және де олар формулада квадратты жақша ішінде болады, сосын өз кезегінде әлсіз электролит ретінде екінші рет диссоциацияға түседі:[Аg(NНз)2]С1 [Аg(NН3)2]+ + СI- [Аg(NНз)2]+ Аg++2NН3 Орта тұздардың құрылымдық формуласын құрастырғанда тиісті қышқыл формуласындағы сутек атомдарының орнына (металл валенттілігін ескере отырып) металл атомдарын қояды.
Қышқылды тұздардың аталуы қышқыл қалдығының атауына "гидро" қосымшасын қосып айтылады. Мысалы:
NаНSО4- натрий гидросульфаты
Са(Н2РО4)2 - кальций дигидрофосфаты
Негіздік тұздардың аталуы қышқыл қалдығының аталуына "гидроксо" қосымшасын қосып құралады. Мысалы:
Сг(ОН)SО4 - хром (III) гидроксосульфаты
1) тұздар металдармен (өзінен белсенділеу) әрекеттесіп, жаңа тұз және жаңа металл (өзінен белсенділігі төмендеу) түзеді:
СuSО4 + Ғе = ҒеSО4 + Сu
3) тұз ерітінділері сілтілермен әрекеттесіп, жаңа тұз және жаңа негіз түзеді. Реакция толық жүруі үшін түзілетін жаңа тұз немесе жаңа негіз тұнбаға түсуі керек:
ҒеС13 + ЗКОН = Ғе(ОН)3↓ + ЗКСl
4) тұздар қышқылдармен әрекеттесіп, әлсіздеу жаңа қышқыл немесе ерімейтін жаңа тұз түзеді:
ВаС12 + Н2SО4 = ВаSО4↓ + 2НС1
Ва2+ + 2Сl- + 2Н+ + SО42- = ВаSО4↓ + 2Н+ + 2Сl- Ва2+ + SО42- =ВаSО4↓
5) егер де жаңа түзілген тұздардың біреуі тұнбаға түсетін болса, онда екі тұз өзара әрекеттесіп, жаңа тұздар түзеді:
АgNО3 + КСl = АgСl↓ + КNО3 6) тұздардың басым көпшілігі қыздырғанда ыдырайды:
СаСО3 = СаО + СО2↑
7) негіздік тұздар қышқылмен әрекеттесіп, орта тұз бен су түзеді:
СuОНСl + НСl = СuС12 + Н2О
8) қышқылдық тұздар сілтімен әрекеттесіп, орта тұз бен су түзеді:
NаНSО3 + NaОН = Nа 2SО3 + Н2О
Тұздарды алу әдістері:
1) металдардың бейметалдармен әрекеттесуі:
2Nа + С12 = 2NаС1
2) металдардың қышқылдармен әрекеттесуі:
Мg + Н2SО4 = МgSО4 + Н2↑
3) қышқылдар мен негіздік оксидтердің әрекеттесуі:
Н2SО4 + СаО = СаSО4 + Н2О
4) қышқылдар мен негіздердің әрекеттесуі (бейтараптану реакциясы):
ЗNaОН + Н3РО4 = Nа3РО4 + ЗН2О
5) қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі:
Н2SО4 + ВаС12 = ВаSО4↓ + 2НСl
6) екі тұздың өзара әрекеттесуі:
К2SО4 + ВаС12 = ВаSО4↓ + 2КС1
7) негіздік және қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі:
СаО + СО2 = СаСО3 8) гидроксидтердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі:
Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3↓ + Н2О
9) металдардың тұз ерітіндісімен әрекеттесуі:
Ғе + СuSО4 = ҒеSО4 + Сu
10)тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:
СuС12 + 2NаОН = Сu(ОН)2↓ +2NaCI