«Бейорганикалық химия» бөлімінің міндеті. Курстың мазмұны,құрылымы мен принципі


Б ір топтағы (кластағы) заттан басқа топтағы затты алуға негізделген бейорганикалық қосылыстар топтарының арасындағы байланысты генетикалық



бет7/10
Дата18.10.2023
өлшемі79,08 Kb.
#118915
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Б ір топтағы (кластағы) заттан басқа топтағы затты алуға негізделген бейорганикалық қосылыстар топтарының арасындағы байланысты генетикалық деп атайды.

6.Периодтық заңның ашылуы.

Элементтерді жүйеге келтіру мәселесін орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев шешті.


Қасиеттері ұқсас элементтерді бірінің астына бірін орналастыру нәтижесінде шыққан тік қатарларды Д.И.Менделеев топтар деп атады.
Сілтілік металмен басталып нағыз металемеспен аяқталатын горизонталь элементтер қатарын периодтар деп атады.
Жалпы (екеуіне ортақ) электрондық жұптар арқылы іске асатын химиялық байланысты коваленттік деп атайды.
Осындағы “ковалентті” сөзі “біріккен” деген мағынаны дәл білдіреді. Ковалентті байланыстың екі түрі бар: полюсті (полярлы) және полюссіз (полярсыз).
Ковалентті полюссіз байланысты симметриялы электрондық бұлт түзетін жалпы электрондық жұп іске асырады. Байланыстың бұл түрі электртерістілігі бірдей атомдардың арасында туындайды: H2, О2, N2, F2, Cl2, Br2, J2, C, P, As, PH3, CS2. Мысалы; хлор молекуласы түзілген кездегі электрондық жұп хлор атомдарының екеуіне бірдей қатысты.
Ковалентті полюсті байланыс - әртүрлі екі атом арасында түзіледі, осындағы электрондық бұлт электртерістілеу атомға қарай ығысқан: HCl, H2О, H2S, CО2 және т.б. Мысалы; хлор мен сутек молекулаларының арасындағы реакция сатыларының біреуінде олардың атомдары әрекеттесіп, ковалентті байланыс түзеді:
Электролиттік диссоциация теориясы.Электролиттердің ерітіндісі мен балқымаларында әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды.Диэлектрлігі жоғары ортада (су, спирт т.б.) иондарға ыдырайтын заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттердің молекулалары суда ерігенде зарядталған бөлшектерге иондарға ыдырайды. Бұл құбылыстарды электролиттік диссоциация дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет