ФАД және ФМН коферменттері В2 витаминінің (рибофлавиннің) туындылары және келесі аэробты дегидрогеназалардың коферменттері:
(сукцинатдегидрогеназа, ацил-КоА-дегидрогеназа және т.б.).
В2 витамині (рибофлавин) және оның туындылары ФАД пен ФМН тотыққан түрінде сары түсті болады, бұл түс тотықсызданған кезде жойылады
ФАД
ФМН
Коэнзим А
Коэнзим А - В3 витамині– пантотен қышқылының туындысы
Коэнзим А ацильдеуші реакцияларды катализдейтін ацилтрансферазаларда коферменттік қызмет атқарады
Құрамында витаминдер жоқ нуклеотидті коферменттер
Бұл топтағы коферменттерді нуклеозидтің түріне байланысты топтастыруға болады–аденозинді, гуанозинді, уридилді, цитидилді және тимидилді:
аденозиндифосфат (АДФ),
гуанозиндифосфат (ГДФ),
цитидиндифостфат (ЦДФ),
уридиндифосфат (УДФ).
Бұл коферменттер трансферазалардың, изомеразалардың және синтетазалардың каталитикалық белсенділіктерін қамтамасыз етеді
Металлокоферменттер
Коферменттердің бұл тобына құрамында гем бар темірпорфиринді және кобламидті коферменттер жатады.
Темірпорфиринді құрамында гем бар коферменттер.
Цитохромдардың, цитохромоксидазаның, каталазаның, пероксидазаның және басқа оксидоредуктазалардың коферменттері темірпорфиринді коферменттерге жатады, олардың молекуласындағы ферриформа (Fe+++) ферроформаға (Fe++) ауысуы мүмкін.
Кобламидті коферменттер В12 витаминінің туындылары, олардың құрылымында кобальт бар.
Бұл коферменттер метильді топтарды және басқа біркөміртекті радикалдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін ферменттердің (метил трансферазалардың) құрамына кіреді