Белки биокатализаторы ферменты


Убихинонның ( коэнзим Q10) биологиялық әсерлері



бет4/13
Дата19.10.2023
өлшемі2,02 Mb.
#119573
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ферменттер

Убихинонның ( коэнзим Q10) биологиялық әсерлері

  • Коэнзим Q10 тотығушы субстраттың сутегінен электрондарды оттегіге трансмембраналық тасымалдауға қатысып, митохондрияларда АИФ синтезін ынталандырады.
  • Жүрек, бауыр, бүйрек, көк бауыр, ұйқы безі АТФ энергиясын көп мөлшерде пайдаланады, сондықтан оларда кофермент Q10 жоғары деңгейі үнемі сақталуы керек. Миокардта коэнзим Q10 мөлшері басқа мүшелермен салыстырғанда жоғары болуы соған байланысты.
  • Коэнзим Q10 митохондрияларды тотығушы стрестен табиғи қорғаушы болып табылады және тек түрлі тканьдердің митохондрияларында ғана емес, барлық клеткалардың биологиялық мембранасында антиоксидант қызметін атқарады.
  • Жүректің ишемиялық ауруы кезінде пайда болатын зақымдалуларда сол бос радикалдар негізгі рөл атқарады. Клеткалардың қызметінің қалпына келуі антиоксидантты жүйенің белсенділігіне байланысты болады.
  • Коэнзим Q10 өзінің липофильдігі нәтижесінде Е витаминін тотықсыздандырады, ол токоферолдың белгілі тотықтырғышы аскорбин қышқылынан да жақсы қызмет етеді.
  • Коэнзим Q10 макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігін күшейтеді, сүйек миында және қан плазмасында гранулоциттердің саны артады, иммуноглобулиндердің мөлшері жоғарылайды, тимус қызметін тұрақтандырады, қан түзілу процесін ынталандырады.
  • Коэнзим Q10 жүректің ишемиялық ауруының дамуына, коронарлы артериотромбоз, миокард инфарктысы дамуын тежейді,майлардың энергетикалық ыдырауын ынталандырады, май тканьдерін оттегімен қанықтырады, бұл семіздік кезінде салмақтың төмендеуін қамтамасыз етеді.
  • Коэнзим Q10 - табиғи күшті иммуномодулятор, иммунды жүйе қызметінің жетіспеушілігін қалпына келтіреді, ағзаның антимикробты және вирусқа қарсы қорғануын белсендіреді.
  • Пародонтоз, ісік ауруларын емдеуде қолданылады.

.

  • .
  • Коэнзим Q10 радиоактивті зақымдалудың салдарын емдеуде қолданылады.
  • Коэнзим Q10 дәрілік заттардың токсикалығын азайтады, ісік ауруларының сәулелік және химиотерапиясында қолданылады, екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайларда, оксидантты тресс, артық салмақ болған кезде қолданылады
  • Коэнзим Q10 тиімді геропротектор қасиеттері бар (қартаюдан қорғау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет