Кейбір ферменттер абсолютті топтық өзгешелік қасиет көрсетеді, бұл жағдайда олар субстраттар топтарының айналуын катализдейді. Мысалы, алкогольдегидрогеназа тек этил спиртінің ғана емес, сонымен қатар басқа да алифаттық спирттердің айналуын катализдейді.
Салыстырмалы өзгешелік екі түрлі болады: салыстырмалы топты және салыстырмалы субстратты өзгешелік.
Асқазан-ішек жолының протеолитикалық ферменттері (пепсин, трипсин, химотрипсин және т.б.) әртүрлі белок молекулаларының полипептидті тізбектеріндегі пептидті байланыстардың гидролизін тудырып, топты салыстырмалы өзгешелік қасиеттерін көрсетеді.
Цитохром Р450 ферменті әртүрлі қосылыстардың гидроксильденуіне қатысып, өзінің салыстырмалы субстраттық өзгешелік қасиетін көрсетеді.