Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет19/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Лекция 20-век

Поэмалары.

«Қайғы». Бізге 28 жолдық жұрнағы ғана жеткен.

«Таныстыру» Алашорда басшыларын дәріптейтін шығарма деп әдебиеттен аластатылған. 1917 – 18 ж.ж. Абай елінде жазылған, төңкерістен кейін елді кім басқаратын ерлер кім деген сұраққа жауап іздейді. Шығарма қара қазақ пен оқыған азаматтың диалогына құрылған. Өлеңмен жазылған мінездемелердей.Олар кімдердікі? «Бірі күн, бірі ай, бірі шолпан» - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов; тұңғыш профессор – математик - Әлімхан Ермеков; Алашордашы Халел Ғаббасұлы; Шәкәрім ақын, ол туралы ақын былай дейді:

Ерте оянған кісінің біреуі осы,

Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын...

Қазақ деп жекелеме, азамат де,

Ол кісінің пікірімен болсаң таныс;

Алғашқы журналистердің бірі, аудармашы, жазушы, тарихшы, фольклор мен этнографиялық деректерді жинап, жариялаған Нәзипа Құлжанова; Семей семинариясының оқытушысы, оқыған, зиялы, халыққа қызмет еткен Нұрғали Құлжанов; заңгер Райымжан Мәрсеков –

Айтпақшы Мәрсекеңнің баласы бар,

Адвокат, қырма сақал Райымжан шал.

Ұмытқан оқуларын былай қойсақ,

Саяз жүрек, ұсақ ой, тынысы тар...

Бұл – поэма жанрындағы тұңғыш талпынысы. Реалистік арнада жазылған шығармада іргелі әлеуметтік мәселелерді көтерген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет