Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет20/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
Лекция 20-век

«Адасқан өмір». М. Мағауин: «Адасқан өмір» поэмасы қазақ сөз зергерлерінің ғасырдан ғасырға ұштасып келе жатқан, адам және оның табиғаты, өмір және оның мәні туралы толғауларының бір арнаға келіп тоғысқан құймасы, шырқау шыңы тәріздес».

1918 ж. жазылған лирикалық – философиялық, сюжетсіз поэма. Лирикалық кейіпкер «меннің» дүниеге келген шағынан бастап жарық дүниеден қайтқанға дейінгі ғұмыры төңірегінде автор түйіндеулері монологпен берілген. Ол өз өмірі сияқты поэманы бес бөлімге бөледі: Мен бала; Мен жігіт; Мен тоқтадым; Мен кәрі; Мен өлік.

Жарық дүниеге келгеннен бері өлгенге дейінгі сезімін, ойын, арманын, қалпын жыр етеді. Қоғамдық өмір, әділет, дін, адамгершілік, еңбек, кәсіп, соғыс, бейбітшілік, өнер, ғылым сияқты әлеуметтік, философиялық мәселелерді қозғайды, бәрі жайлы қорытынды айтады.

«Кедей». 1919 жылы жазылған лирикалық – реалистік поэма. Ақын кейіпкер кедей арқылы өзінің демократтық – рефолюциялық пікірін білдіреді. Кедейді соны тұрмысқа бастауды армандаған, әділетті өмірге жетсе деп толғанған. Автор таптық қайшылық, қоғамдық - әлеуметтік теңсіздік тақырыптарын қозғап, қаналушы таптың типтік образын жасайды.

«Айтыс» (алғаш 1989 ж. «Жұлдыз» жұрналының №12 санында жаряланған). Аяқталмай қалған. Мұнда С.Т. дала ақыны мен қала ақынын айтыстырып, сан қырлы әлеуметтік, адамгершілік проблемаларды көтерген. Әр ақынның өз мекенін, әлеуметтік ортасын сүйіспеншілікке бөлеп, сөз орайында кемшіліктерін де теріп айтады.

Аяқталмағандықтан да болар, мұндағы авторлық позиция көмескі. Екі кейіпкерді тоқайластырар түйіні ойлантады.



Көсемсөзі. Б. Кенжебаев: «Сұлтанмахмұттың публицистикалық шығармаларының бәрі де актуальды, күрделі, көкейтесті мәселелер жөнінде жазылған; бәрі демазмұнды, терең мағыналы. Сонымен бірге, автордың ой – пікірлері жүйелі, дәлелді, сөз байламдары, сөйлем құрылыстары нық, қисынды, көркем суретті».Олар жанры жағынан әр түрлі: очерк, проблемалық мақала, әңгіме, әдебиет сыны, рецензия, мақала – репортаж, ел аузынан жиған – терген, аударма материалдар.

«Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», «Социализм» - оқу – мәдениет, техника тақырыбында.

«Зарландым» - очерк-мақала. Оны жазу барысында қазақ арасының қилы – қилы әлеуметтік, этиклық, психологиялық мәселелерді көтеруді ниет еткен.

«Өлең һәм айтушылар» С. Т. – ты қазақ өлеңі мен ән – жырының жоқшысы ретінде көрсетті. Ол өлең – жырды қызғыштай қорғау керек, ән айту дәстүрін жалғастыру қажет дейді.

«Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» әдебиет сынының жарасымды үлгісі қатарында әдебиет туындыларын сарапқа салады.

«Жаңа кітап» М. Дулатовтың «Азамат» өлеңдер жинағына арналған мақала – рецензия.

«Ауырмай есімнен жаңылғаным» - көркем әңгіме. Тақырыбы – жесірлік қасіретін тартқан әйел тағдыры.

«Жазықсыз тамған қан» Құрбан қажының әңгімесі есебінде Тарбағатай жерінде жазылған. Тақырыбы – екі жастың ескі салттан өте алмай, арманда қалуы.

Сонымен, ақынның көсемсөзі туралы ғалым М. Фетисовтың пікірімен қорытындылауға болады: «Тұтастай алғанда, С. Торайғыров көсем сөзі қазақ публицистикасы дамуындағы айрықша белес».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет