Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет34/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Лекция 20-век

Дәріс №17

ҒҰМАР ҚАРАШҰЛЫ

(1876-1921)



Өмірі. Ғұмар Қарашев - көрнекті ақын, ойшыл-философ, дін-шариғат, имандылық жолын жетік білген, араб, парсы, башқұрт, татар, түрік тілдерін жақсы меңгерген, халқын берекелі ел болуға, өнер-білім, ғылымға үндеген қайраткер-ағартушы, қазақ елінің көкейтесті мәселелерін толғаған қаламгер, баспасөз жанашыры.

Ғұмар Қарашев Бөкей ордасы, Қырқұдық деген жерде кедей отбасында өмірге келген.. Жетім қалып, ата-ананың аялы алақанының ыстық табынан орта айырылған Ғұмыр бай ағайын, туыстары Нұрқайдың қамқорлығында болған. Ауыл молдасынан оқып, сауатын ашады, хат таниды. Кейіннен указной молла Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл қалиғари сияқты моллалардан, Жалпақтал қаласында (қазіргі Фурманов елді мекені) Ғалікеев Ғұбайдулла хазіреттен дәріс алып, сол кісінің ұстаған медресесін бітіреді. 1902-10 жылдары өзі туып өскен ауылда (аулында) Тіленшісай, Борлы мекендерінде жәдит (жаңаша) тәсілімен бейресми-медресе-мектеп ашып, балаларымызға сауат аштыруға біршама жетістіктерге жеткен.

Қазан төңкерісі қарсаңында ол Уфада болады. Сол қаладағы діни орталықтың жетім балаларға, кемтарларға, жоқ-жітіктерге көмек беру бөлімінде қызмет етті. Бұл уақытта оны осы мекеменің қазиы етіп сайлаған.

Еліне, халқына қызмет етуді өміріне мақсат-мұрат тұтқан ақын 1918 жылы діни мансабын біржола тастап, елге қызмет етуге, әлеуметтік өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сол мақсатпен туған жері Жәнібекке келеді. Ордадағы педтехникумда сабақ береді. 1918 жылғы 24-қыркүйекте өткен бөкей губерниясының мұғалімдерінің І съезіне, 1918-20 жылдарда өткен осы губерния кеңестерніің І, ІІ, ІІІ, IV cъездеріне делегат болып қатысады. Съезде жарыс сөздерге шығып, өз пікірлерін ашық айтады.

1919 жылы Ғұмар Қарашев Бөкей губерниясының атқару комитетінде істеді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Ғұмар Қарашевқа Ордада ұйымдастырылған “Мұғалім” атты айына 2 рет шығатын тәлім-тәрбие, ғылыми-пән журналының шығаруышлар алқасын басқару міндеті жүтелген. “Мұғалім” – ең алғашқы, тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді.

Ғұмар Қарашев 1920 жылы 21-маусым айында ІІ Бөкей губерниялық партия конференциясында губерниялық комитеттің пленум мүшесі болып сайланды Жоғарыда аталған қызметте жүріп 1921 жылдың 16 сәуірде “өзі туып-өскен” Тіленшісай жаққа барып елді артельге ұйымдастырып, қайтып келе жатқанда қашып жүрген ақ бандылар қолынан қаза табады...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет