«Бақытсыз Жамалдың» негізгі идеясы - әйел теңдігі, қазақ болмысындағы қалыңмал, әмеңгерлік сияқты кеселдерге қарсы бағытталған. Жастардың бас бостандығы, олардың адамдық өмір жолындағы күресі – махаббат хикаясы арқылы баяндалады.
Автор роман фабуласы ретінде әлеуметтік мәні бар күрделі мәселені алған. Әрі оны сәл де болса сентименталды реңкі бар реалистік стильде баяндайды. Кейбір эпизодтарда натуралды баяндаулар да ұшырайды. Шығарма композициясына жымдаспай оқшаулау тұрған әңгімелер де бар. Мысалы, алғашқы тарау оқиға өтетін ортаның он бес жыл бұрынғысын баянадайды.
Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты саналы қыз. Жамалдың айқыне портреті болмаса да бірнеше жерде кездесетін жанама портрет, мінездеулер бар. Жамалдың құрбылары мен ауылдастарының сөздеріненгізу арқылы қаламгер бас кейіпкердің бейнесін үздіксіз толықтырып отырады. Мысалы, «Балаларының ішіндегі ең зейіндісі Жамал» т.б. Автор Жамалдың ішкі толғаныстары мен сезімдерін де беруге тырысады.
Жамалға ауыл жігіттеріне ұқсамайтын сауатты, өнерлі Ғалидың жолығуы бостандыққа барар жалғыз жолдай көрінеді.
Романдағы екінші мәнді тұлға – Ғали. «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, азырақ бетінде қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығыпк еле жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді».
Шығармада ара – тұра кездесетін табиғат, диалог пен іс - әрекет көріністері фрагменттік деңгейде қалып қойған.
Автордың басты мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқанс латқа қарсы күреске енді қазақ ортасынан шыққан сауатты жастардың замана талабын ұға бастаған, қоғамның шаруашлық, әлеуметтік рухани тірлігіне араласа бастаған жаңа адамдар бейнесін көрсету.
«Балқия» пьесасы тақырыбы, идеясы, көркемдік шешімі жағынан «Бақытсыз Жамалмен» үндес.
Достарыңызбен бөлісу: |