«Қалың мал» романы. 1913 ж. Қазанда, Каримовтар баспасында жарық көреді.
С. Көбеев: Надандыққа, ескішіл... салтқа қарсыкүрес жүргізудің бірден-бір жолы – халық ағарту... деп ұғушылардың бірі мен едім... кейін... жеткіліксіз екеніне көзім жетті. Іздене келе... күрес құралдарының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім».
Мазмұны: Есіл бойын жайлаған Атығай елінің алпыстағы Тұрлығұл деген байының әйелі Қатша қайтыс болады. Ол Байғазы, Құрымбай билердің ақылымен Итбай деген шала молданың қызы Ғайшаны айттырады. Екі арадаТұрлығұлдың інісі Әбіш жүреді. Қалың малына 250 сом мен біраз мал береді. Шешесі Айсұлу қарсы. Қожаш Ғайшаны Тұрлығұл ауылынан алып қашады.
Тақырыбы - әйел мәселесі, өрісі тарыла бастаған ескілік заңдары. Роман түйінін Ғайша мен Қожашты мұратына жеткізумен шешеді.
Роман негізіне алынған матералдардың өмірлік шындығы:
Кішіқұмда жүргенде «Қара бақсы» хикаясын естиді.
Сүйген қызы Сағилаға Нұржақып у бергізеді.
Өз елінде Керей ру басы бесіктегі баласын Матақай руының қызы Жадырамен атастырады. Әкесі кейін қарсы болады. Торсан болыс келгенде Сүлеймен деген сүйгені тағы басқалар үйді өртеп, болыс қашып келмей қояды.
Романда барлығы 70 шақты кейіпкер бар. Олар екі топқа жіктелген.
Ғайша бостандық үшін күреске даяр батыл қыз. Оның суреті Байғазы сөзімен беріледі: «Баласы ай десе аузы, күн десе көзі бар, киген киімінде бір кіршік жоқ, бармақтары майысқан, бойы тал шыбықтай. Шай құйғанда аяқты қағыстырмай, әдеппен отырып тұрып жүрді. Өзінің оқығаны да болу керек, біз ас артынан әңгімелесіп отырғанымызда кітапқа да қарап отырды».
Қожаш пен оның жолдастары Жүніс, Бірке, Әлкендер Ғайша образын толықтыра түсетін бас бостандығын аңсаған жандар. «Қожаш – орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі, сұлу қара торы, бір сөзді, уәдеден таймайтын жігіт».
Б. Шалабаев: «Қожаш пен Ғайша арақатынасы тым жеңіл, сенімсіз көрсетілген. Ғайша бір кездесуде – ақ ойында отырып Қожашқа күйеуге шығуға келісім береді»
С. Қирабаев: «Біріншіден, Тұрлығұлдан құтқаратын адамның қайсысына баруға да Ғайша әзір. Екіншіден, Ғайша бойжете бастағаннан бері қарайҚожашты сыртынан жақсы жігітке есептеп жүруші еді».
Серғазы – адал ниетті, момын жан.
Итбай – мақтаншақ, атаққұмар, есі – дерты баю, даңғой, ұсақ мінезді. Оның мінез өзгешеліктерін деталь арқылы шебер ашады: қыз айттыруға келгенде «қазыны бұзбай сал» деуі, қалаға бара жатқанда ат айдаушыға «ауыл үстінен шауып өт, бұл кім екен деп көргендер таңырғап қалсын» дегені. Итбай образын жасауда жазушы юморды пайдаланған.
Тұрлығұл «ұзынбойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам».Прототипі – Кішіқұмдағы Ыбрай бай. Ол сезімсіз, топас, қара жүрек, кекшіл жандардың типтік бейнесі.
Жазушы романында ауыз әдебиетінің және орыс әдебиетінің (Чехов, Гоголь) озық дәстүрлерін ұстанған.
Мақал – мәтелдер мол: «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Ат сатсаң ауылыңмен», «Шариғатпен кескен бармақа уырмас», «Аюға намаз үйреткен намаз».
Пейзаждық суреттер көп емес, барында табиғат жалаң емес, кейіпкердің іс - әрекеті, көңіл – күйімен байланыста.
Әдет-ғұрып элемнттері көрініс берген: қыз ұзату ырымдары, шілдехана, ұлттық ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |