Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет31/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Шығармашылығы.

«Үлгілі тәржімә». 1910 ж. Қазанда Каримовтар баспасынан шыққан. Кітапқа Крыловтан аударған 37 және көп авторларға ортақ (Ушинскийдің «Детский мир и хрестоматиясынан алған «Сандуғаш пен шымшық», Толстой әңгімелерінің мазмұнымен жазылған «Өтірікші өлеңі т.б.) 7 мысал мен 114 жолдан тұратын елін сағынған адамныңс езімі бейнеленген «Мекен» деген бір өлең енген.

«Кішіқұмда мұғалім болып жүргенде... Пушкин, Лермонтов сияқты ақын, жазушылардың шығармаларының мазмұнын айтып, түсіндірумен қатар, әсіресе Крылов мысалдарын көбірек оқып аударып беріп жүрдім», - дейді автор.



С. Қирабаев: Спандияр Крылов мысалдарын, Абай сияқты, зор ақындық талантпен, шабытпен, асқан шеберлікпен аудара алған жоқ. Жай ғана қарапайым өлең түрінде, кейде еркін, кейде сөзбе-сөз айдарды, көбінесе, мағына-мазмұнына ғана мән берді... Аудармалардың құндылығы оригиналға қаншалықты жақындығында емес, өз заманына қызмет ете білуінде. Дәлмедәл аударма жасау мақсатын Спандияр алдына қойған емес. Ол сюжетін өзінше қайталап еркін айтып шығады, қазақ ұғымына сай жеткізеді. Аударма жасаудағы мақсаты – шығарманың идеясын қазақ ұғымына сай, елді содан үлгі алуға шақыру.».

С. Көбеев Крыловтың әр тақырыпқа жазған мысалдарын аударған: Жағымсыз қасиеттерді сынау ( «Қарға мен түлкі», «Маймыл мен көзілдірік», «Әтеш пен меруерт тас»), тұрмыстық сатира ( «Үш қатынды бір кісі», «Пәлеге ұшыраған қарашекпен»), тарихи тақырыпта («Екі төбет»).

Крылов шығарманың идеясын образ арқылы береді де, оқушыға тікелей арнап ештеңе айтпайды. Ал ол кездегі қазақ ауылдары үшін бұл жеткіліксіз, ойын ашық айтып, үлгі ал деп нұсқайды. Осы принципті аудармаларында берік ұстады. Мысалы, «Емен ағашы мен тал шыбық» мысалының аудармасын мына сөздермен байтайды:

Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма,

Көршіге сенімсіздік қып қысым салма.

Мықтылықты күшің болса, орнымен қыл,

Бәрін де беретұғын жалғыз алла.

С. Көбеев көбінесе мысалдарды қазақ ұғысына сай береді. Мысалы, «Үш жігіт пен бір шал» мысалындағы мына жолдарды:

То, надобно, чтод ты два века жил,

Неужели будешь ты второй Мафусаил?

Қазақша былай деп береді:

Дәуіттей сенің жасың мыңға келмес,

Байғұс шал сөзімізге қылма егес.

Осы мысалда шалдың үш жігітке қайтарған бір жауабында орысша нұсқада жоқ «Кәрі қойдың өміріндей уақытым бар» деген жолдар кездеседі.



В.Г. Белинский М. Ломоносов шығармашылығы туралы былай дейді: «Ақындық творчествосы тарихи қажеттіліктен туды. Оның өлеңдері мен мақтай сөздерінен қандай көркемдікті талап етуге болады? Өйткені, олар қаншалықты шабыттың әсерінен теса, соншалықты өмірдің қажет етуінен туған». С. Көбеев мысалдары туралы да осыны айтуға болады.

«Үлгілі бала». 1912 ж. Қазанда Каримовтан баспасынан шыққан.

С. Көбеев : «Үлгілі бала» хрестоматиясына аударған мысалдарды (өзі аударған) кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін (Л. Толстойдың «Азбукасы», К. Ушинскийдің «Детский мир и хрестоматия»,»Родные слова» еңбектерінен) ...қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, қазақтың ауыз әдебиетін (халық аузындағы аңыздарды жазып алған) пайдаландым. Осымен қатар табиғат туралы қызықты әңгімелер (табиғат, жануарлар дүниесінен алғашқы мәліметбереді) кіргіздім». Сонымен «Үлгілі бала» Ы. Алтынсарин хрестоматиясынан кейінгі алғашқы оқу құралдарының бірі, педагогикалық еңбек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет