Дәріс №18
ӘРІП ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ
(1856-1924)
ШҚО, Жарма ауданында туған. Жасында мектеп, медлеселерде оқып, кейін Семейде орысша оқуға түседі.Ол қазақ, шығыс, орыс әдебиетін және қытай, орыс араб, парсы тілдерін меңгерген.
Ақын оқуын бітірген кезден бастап, өлең, қисса жазумен айналысады. Шығармаларының біразы «Мені де ұмытпаңдар» деген атпен (1970 ж.) шықты.
Қисса-поэмалары: «Зияда», «Қожа Ғапан», «Тәһір», «Нұрғазарун».
Аудармалары: А.С. Пушкиннен «Евгений Онегин», «М.Ю. Лермонтовтан «Ақын өліміне».
Ақын алуан тақырыпта жазылған көптеген өлеңдері бар. Оларды жазылу мезгілі жағынан былай бөлуг е болады:
1. Ақынның 19-ғасырда жазылған өлеңдері. Олар негізінен арнау. Мазмұны: заман, дүние, дін, адамгершілік, мінез – құлық, оқу – байлық туралы.
2. Қазан төңкерісіне дейін жазылған өлеңдері әрі көп, әрі тақырыбы жағынан қазақ өмірінің түйінді мәселелері. Ақынның орыс классиктерінен, Абайдан үлгі алғаны байқалады. Осының арқасында ол сыншыл реалист деңгейіне көтеріледі.
Ағартушылық сарында қалам тербеген. Мысалы, «Ғылым туралы» өлеңінде былай дейді:
Мысалы: дүние – теңіз, ғылым – кеме,
Кемесіз терең суға түсем деме.
Толқыны тауға ұқсаған мына заман
Сезе ме мұны даңғой, жаһіл неме.
Ақындық ойы мен идеясын жеткізу барысында сатираны пайдаланған. Біржан мен Сараның айтысын бастырған
Сонымен Әріп Тәңірбергенов өзінің ақындық сапарын насихат, арнау өлең, жырлар мен ескі ғажайып ертек, аңыз сюжетіне бұрынғы шығыс әдебиеті стилінде қисса, дастан жазудан бастайды. Сонан Абайдың сынымен, орыс әдебиетінің әсерімен демократтық, реалистік бағытқа келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |