Бердалы мырзаханов



бет90/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
Эмоциялық жану синдромы. Медициналық қызметкер жәрдем көрсетуде пациенттермен тығыз эмоционалдық жанасуы себебінен пайда болатын өзгеріс, яғни медициналық қызметкер психикалық әлсіреуге душар болады. Бұл жағ- дайда үнемі қалжырап жалығуы салдарынан медициналық қызметкердің иммунитеті төмендеп, түмауратуы жиілейді, созылмалы дерттері өршиді.
Бұның нәтижесінде медициналық қызметкердің кәсіптік әрекеттесуінің тиімділігі төмендейді, медициналық қызмет- кер бұрынғыдай өз жұмысына толық беріле алмайды, өзіндік бағалауы төмендейді, оның ісіне жетістікті баға берілмейді. Ауру адамдарға теріс, негативтік көзқарасы байқалуы мүмкін. Мұндай медициналық қызметкер науқастармен әрекеттесуде, оның сырқаттануына байланысты дамыған психологиялық феномендерге назар аудармай, аурудың ішкі бейнесін, үрей- ленуін, депрессивтік реакциясын байқамай, оны елемейді. Мұндай кризис жағдайында, медициналық қызметкер дем алуы, іс ауыстыруы, психологиялық «жеңілденуі» немесе психологиялық жәрдем алуы қажет. Әйел мамандарда Бұл
жағдай жиі байқалады. Бұл адамдарға психологиялық сипаттама бергенде, олардың эмоциялық тұрақсыздығын, көңіл-күйінің қобалжуын, интроверттілігін айту керек.


Тақырып 6.4. Кәсіби маңызды қасиеттер және менеджерлерді дайындау


Ірі медициналық мекемелерде басқару мамандарының, яғни менеджерлердің болуы, бүтінгі күннің талабына, әрі шындығына айналып отыр. Медициналық қызметкер әлемі мен менеджерлер арасында маңызды айырмашылық барын айта кеткен жөн. Тарихи жағынан алғанда медицина менедж- ментке қарағанда күшті интеллектуалдық негізге ие, Бұл екі саланың академиялық дәлдігінде бар айырмашылықты, олар- ға қатысты әдебиеттерден де көруге болады. Медициналық қызметкер мен менеджер арасындағы маңызды айырмашы- лықтар келесі сызбада берілген.


1. Менеджер мен медициналық қызметкерлер арасында ұқсастық бар ма?


Айырмашылықтарына қарамай медициналық қызметкер мен менеджерлердің ұқсастықтары да бар. Екі мамандық та өзіне тиянақты, адал қызмет адамдарды талап етеді. Медици- налық қызметкер мен менеджерлер қаржылық стимулдарға көңіл бөлетіндіктен, қауіп-қатерді бағалап, жауапкершілікті өз мойындарына алады. Екі мамандық үшін де кәсіби термин- дерді көп қолданғаннан гөрі, тиімді қарым-қатынасқа түсу өте маңызды. Тиімді басқару үшін менеджерге медициналық қызметкердің қолдауы керек, ал медициналық қызметкер тиімді жұмыс істеу үшін менеджерлердің көмегі керек деп сирек жағдайда ғана айтады. Соған қарамастан, бөлімше не- месе клиникалық бөлімді басқаратын медициналық қызмет- керге менеджметтік дағдылар керек-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет