Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУДА 
Жан-сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі
ықтимал бір сәтті кезі сипатталады. 
 
Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін, тұяқ серіппей қатып ұйықтап 
қалыппын. Әжем жұлқылап оятты. 
- Қожа. Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің? 
Кӛзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут 
қалған екен. Атып түрегеліп, тез киіндім де, беті-қолымды шайып жіберіп


49 
Sauap.org
бір кесе айранды тікемнен тік тұрған күйде қотара салдым. Кеше титықтап 
келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі болатын пәндерді сумкама 
асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім. 
Қоңырау соғылып кетіпті. Бірінші сабақ орыс тілі болатын. Анфиса 
Михайловна класқа жаңа кіріп барады екен, тасырлатып жүгіріп келе жатқан 
мені кӛріп, тоқтай қалды. Мұғалімдердің ішінде бұл ӛзі алтын адам. Былтыр 
біздің мектепке педучилищені бітіріп келген. Жазда барып, институтқа 
сырттан оқуға түсіпті. 
- Қадыров, немене, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта, галстугіңді түзе. 
Омырауымды сипалап таппаған галстугім, сӛйтсем, иығыма шығып 
кеткен екен. Бұрып әкеп, орнына қойдым да, зып беріп класқа кірдім. Балалар 
дүр етіп түрегелді. Маған емес, әрине, артымда келе жатқан оқытушыға 
құрмет кӛрсеткендері ғой. Бірақ мен оны басқаша қабылдадым. Бір секундқа 
кідіріп, мұрнымды кӛкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме 
қойып, тәжім еттім. Бұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен 
қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді. Анфиса 
Михайловнаның қас-қабағын аңдамаққа, артыма жалт бұрылып қарап едім, 
оның да күлімсіреген жүзін кӛрдім. «Әй, Қадыров, шығармайтының жоқ-ау» 
дегендей, Анфиса Михайловна жымиып, басын шайқап қойды. 
Адам жанын ол керемет түсінеді. 
Мақтанғаным емес, кластағы орыс тілін тәуір біледі дейтін оқушының 
бірі менмін. Ӛткен жылдың барлық тоқсанында да бұл пәннен ауызша, 
жазуша ылғи «бестік» бағалар алдым. Анфиса Михайловнаның мені тәуір 
кӛретіндігіне, мүмкін, бұл да себеп шығар. 
Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, ол: 
- Ал балалар, Пушкиннің «Қысқы кешін» жаттап келдіңдер ғой? — деді. 
- Жаттап келдік. 
- Тәтей, мен айтайыншы! 
- Мен айтам! 
- Анфиса Михайловна, менен сұраңыз, — деген дауыстар бірін бірі баса-
кӛктеп, жамырап кетті. 
Сендер дәл осы сәттегі Қожекеңнің халін білсеңдер етті. Менің кеше 
сабақ қарауға мұршам болды ма? Үйге ел орынға отыра келіп жеттік. Одан 
кейін Сұлтан ат тұсап келейік деп, жайылымға ертіп барды. Содан соң 
Хасеннің Мәрзиясын қай жігіт айналдырып жүргенін білеміз деп, ел 
жатқанға дейін бостан босқа Хасеннің үйін торуылдадық. 
- Кім айналдырса, сол айналдырсын. Бізге оның керегі қанша? — деймін 
Сұлтанға. 
- Керегі бар, — дейді Сұлтан. 
- Не керегі бар? 
Жауап беру орнына Сұлтан ауыр күрсінеді. 
- Қара Кӛже, саған бұны түсінуге әлі ерте, — дейді. «Бопты, сен-ақ 
түсін». 


50 
Sauap.org
«Қысқы кешті» жаттап келмек түгіл, мен ондай тапсырма берілгенін 
ұмытып та кеткен екем. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп 
жағы қып ете қалды. «Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым-ау!» 
Анфиса Михайловна тақтаға шақырып сұрай бастады. Әуелі Балабекова 
деп, Жанарды атады. Жанар сабаққа дайындалмай келуші ме еді. 
Буря мглою небо кроет, 
Вихри снежные крутя, — 
деп бастады да, сыдыртып, тоқталмай айтып шықты. 
- Жарайсың, Балабекова, отыр. 
«Жарайсыңды» Жанарға ішімнен мен де айтып жатырмын. «Япыр-ай, 
енді мені шақырып қалмаса игі еді. Жазған басым, кеше осы ӛлеңді бір 
жапырақ қағазға кӛшіріп, балыққа ала кетсем ғой, ерігіп демалып отырғанда 
теп-тез-ақ жаттап алам». 
- Тұрсынбаев, — деді мұғалім. 
Менің желкемнен қылқиып, арт жатымда отыратын Жантас орнынан 
түрегелді. 
- Буря мглою... 
- Тақтаға шығып айт. 
- Бәрібір емес пе? 
Ох, сұмпайы Жантас. Сұмпайысын қарай гӛр. Партаның астына кітапты 
ашып қойып, бір кӛзі мұғалімде болса, бір кӛзімен соны сығалап тұрмақшы 
ғой. Ӛйтіп кӛрген күнім құрсын да. Жантастың пасық қулығына жем бола 
қоятын адам Анфиса Михайловна емес. 
- Тәртіп жұрттың бәріне бірдей. Тақтаға шығып айт, — деп, ол дегенінен 
қайтпады. 
Жантас мұрнын уқалап, тырп-тырп басып тақтаға шықты. 
- Ал енді айт. 
- Буря мглою... — Жантас осыны айтты да, жым болды. 
- Дальше? 
- Мұғалім, мен жаттамай келіп едім... 
- Неге жаттамадың? 
- Диірменге барам деп... уақытым болмай... 
Анфиса Михайловна Жантасқа біраз қарап тұрды да: 
- Мүмкін, орныңа барып айтатын шығарсың? — деді. Біз ду күліп 
жібердік. 
- Отыр, Тұрсынбаев. Осымен, міне, екінші рет «екілік» баға алып 
отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келгеніңмен қоймай, 
қулыққа басып, мұғалімді алдамақ боласың. Бұның жаман. Бұдан былай 
мұндай қылығыңды маған кӛрсетпейтін бол. Білсең, білемін деп, білмесең
білмеймін деп, шыныңды айт. 
Сол керек, залым Жантас. Кірмегенің қара жер, сауап болды. Біреуді 
атыстырып, зымияндық ойлағанша, сабақ оқысаң болмас па еді.Бір ойым 
осылайша Жантасты табалап жетісіп жатса, екінші ойым тӛбемнен тас 
құлауын күткендей үрейлі халде. «Қазір тақтаға сені шақырса қайтесің? Сен 


51 
Sauap.org
не деп сылтау айтасың? «Сұлтан екеуіміз балық аулап, қарақшылық ӛмірдің 
қамын жасаумен болдық» демекшімісің? 
- Жақанов, — деді мұғалім. 
Тағы бір қатерден жаным қалғандай, «уһ» деп демімді шығардым. Менің 
байқауымша, әр мұғалімнің сабақ сұрау тәсілі әртүрлі. Мәселен, Майқанова 
тізімнің басынан тӛмен қарай қуалап сұрайды. Онысы біз үшін рақат. Ӛзіңе 
дейін неше оқушы қалғанын, сенен қашан сұрауы мүмкін екенін біліп 
отырасың. 
Ал Анфиса Михайловна ӛйтпейді. Алфавитті қуаламай, тәртіп сақтамай 
сұрайды. Қазір тізімнің басындағы біреуді атаса, одан соң соңғы жағынан 
біреуді атайды. Бүгін сұраған адамнан ертең тағы да сұрауы мүмкін. 
Қысқасы, ол кімнен сұрағысы келсе, содан сұрайды. Оның ой-пиғылын күні 
ілгері аңдау мүмкін емес. 
Менің ендігі бар үміт артқаным қоңырау үні болды. Шіркін-ай, сол 
сыңғырлап қоя берсе, жаным қалар еді-ау. Келесі жолы «Қысқы кешті» 
қатырып жаттап келіп, бірінші болып айтар едім. Әне, мұғалімдер бӛлмесінің 
есігі ашылғандай болды. Дәу де болса, бұл шыққан кезекші әйел. 
Жұдырықтай ғана сүйкімді сары жез қоңырау соғылған қолында. Қазір 
сыңғырлап қоя береді. 
Жоқ, бұл шыққан кезекші емес кӛрінеді. Басқа біреу болды. Япыр-ай, 
қырық бес минут уақыт ендігі ӛтсе керек еді ғой. Бұл мұнша неғып созылып 
кетті? Әлде кезекші әйел тысқа шығып кетіп, біреумен сӛйлесіп тұрып қалды 
ма. Әне қоңырау... Жоқ, бұл арба екен ӛтіп бара жатқан. 
Жақанов та зулатып айтып шықты. Бұның бәрі бүгін тез айтқыш болып 
кеткен екен. Мұғалім еңкейіп, оған баға қойып жатыр. Жаным қылпылдап 
тырнағымның ұшына келді. «Енді кімді шақырар екен?» 
- Қадыров... 
Тӛбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген 
меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп 
суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай. Адам ӛмірінде сыпаттап айтуға тілің 
жетпейтін неше алуан бақытты минуттар бола береді-ау. Соның бірін мен дәл 
осы сәтте бастан кештім. Мен ләм деп үлгергенімше, дәлізден қоңырау үні 
сыңғырлап қоя бергені. Уһ! 
- Жарайды, отыр Қадыров. Сенен басқа жолы сұраймын, — деді Анфиса 
Михайловна. 
Буын-буынымнан әл кетіп, орныма сылқ ете қалдым. 


52 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет