Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУДА 
Менің республика жұртшылығына 
қалай танылғаным жайлы айтылады. 
- Уа, кім бар? 
Дауыс пошташы Кӛштібай қарттікі еді. 
- Мен бар! — деп жүгіріп шықтым есік алдына. 
Мен жыл сайын бірнеше газет-журнал жаздырып аламын. Қажет болса, 
атап берейін: «Пионер» журналы. «Қазақстан пионері», «Пионер правдасы», 
«Лениншіл жас» газеттері. Ал мамам «Қазақстан әйелдерін» алдырады. Мен 
әуелгіде бұны әйелдер журналы болғаннан кейін онша менсінбейтін едім, 
сӛйтсем, нағыз қызық журнал сол екен. Кӛштібай маған «Қазақстан 
әйелдері» журналы мен «Қазақстан пионері» газетін ұстата берді. 
- Басқа газеттер келген жоқ па? 
- Жоқ. 
Есік алдындағы орындыққа отыра қалып, әуелі «Қазақстан пионеріне» 
кӛз жүгірте бастадым. Менің газеттің соңғы бетінен бастап оқитын әдетім 
бар (басқалар да сӛйтетін шығар деймін). Ӛйткені қызықты әңгіме
фельетондар, сықақ ӛлеңдер соңғы бетке басылады. Бұдан соң үшінші, 
екінші беттерге ауысамын. Бұлай қарай жүрген сайын газет мазмұны 
қоңырлай береді. Ал бірінші бетте не жазылғанын тақырыбын оқып-ақ біліп 
аламын. 
Осыған қарап мен газет шығарып отырған құрметті ағайлар оқушының 
мүддесін ескере бермей ме деп ойлаймын. Әйтпесе, газеттің ең соңғы 
бетіндегі материалдарды бірінші бетіне, ал бірінші беттегіні ең соңғы бетіне 
басса, қандай тамаша болар еді. Газетті алған бетте тӛңкеріп әуреленіп 
жатпас едің. «Қазақстан пионерінің» соңғы беті мені біраз бӛгеп қалды. Аты 
мәлім С. С. дейтін балалар жазушысының «Кӛркейген кӛшелер» дейтін 
әңгімесі басылыпты. Атына қарағанда және суреттерінің аңғартуынша, 
балалардың кӛшеге ағаш отырғызуы айтылатын тәрізді. Иә, маңызды 
тақырып, керек тақырып. «Кӛркейтейік кӛшені» дейтін менің бұл тақырыпқа 
жазылған ӛлеңім де бар. 
Тағы біраз сықақ ӛлең, жұмбақтар, қытай халқының әзілдері басылған 
екен. Одан соң кейін қарай сырғып, келесі бетке (газеттің үшінші бетіне) 
ауыстым. Жоғарыдағы бір сурет кӛзіме жылы ұшырап барады. Шатырлы 
үйдің бір пұшпағы, жүк машина, кузов толған, қолдарына айыр, тырма 
ұстаған жарқын жүзді балалар. Астындағы жазуына кӛз жүгірте бастадым да, 
орнымнан атып түрегелдім жынды адамдай. Сосын ас үйге қарай тура 
жүгірдім: 
- Әже, ау, әже! 
- О не? 


42 
Sauap.org
- Қарашы, газетке менің суретім шығыпты. Қарашы. Міне, мынау ортада 
тұрған менмін. Міне, міне. 
Әжемнің кӛзі онша жетіңкіремейді: 
- Қайсы? Мынау кӛп адам тәрізді ғой жыпырлаған.- 
- Мен мынау... ең алда тұрмын ғой қасқая қарап. Осы менмін. Дәл ӛзім. 
- Басқалар кім? 
- Ӛзіміздің балалар. Мынау, міне, Темір, мынау қолына тырма ұстаған 
Батырбек, мынау басы қылтиып тұрған Жантас... Кӛрдіңіз бе: «Жаңа ӛмір» 
колхозы жетіжылдық мектебінің оқушылары жазғы демалыстарында артель 
шаруашылығына айтулы кӛмек тигізді. Суретте колхоздың шӛп шабу 
науқанында үлгілі еңбек еткен бір топ оқушы...». 
Ім... м... м... суреттің астындағы жазуды әжеме дауыстап ақырын оқып 
берсем де, кенет тілімді тістеп алғандай болдым. Аяғымды ұшынан басып, 
сыртқа зытып отырдым. «Мәссаған! Мен бұның байыбына бармай, мақтан 
кӛріп жатырмын. Ұят-ай! Қандай ұят іс болған! Шӛп шабыс науқанына мен 
қашан қатыстым? Қашан үлгілі еңбек еттім?». «Ӛлімнен ұят күшті» деп бекер 
айтылмаған ғой. Осы оймен қабаттасып, бетіме қаным теуіп шыққанын 
сезінемін. 
Суретке қараймын, сол қалпы. Бәрін бір ӛзі тындырғандай қақ ортада 
қасқиған баяғы Қожа. Батырыңның ойына түк кіріп шықсайшы. Танауы 
делдиіп, кӛріңдер мені дегендей, кеудесін алға тосып, қасындағы басқа 
балалардан ӛрескел тұр. Әй, сығыр, ӛзімнің де оңатын қылығым жоқ қой. 
Тым құрыса, бір жақ шетке таман қағаберіс тұрсамшы. Кимелеп алға 
шығатын не әкемнің құны бар десеңші. Қысылғаннан маңдайымнан бұрқ етіп 
тер шығып кетті. Енді балалар, басы Жантас қу болып, мені күлкі ететін 
болды. 
Кенет басымда қуанышты бір ой жылт ете қалды. Ура! Ақыл табылды. 
Суреттің астындағы жазуын сиямен танылмастай етіп ӛшіріп тастаймын. 
Сонан соң құйынша зырлап, бүкіл ауылды аралап кӛрсетіп шығуға болады. 
Тфу, неткен ақымақпын. Газет осы бір ғана дана болып шығып па екен? Қазір 
оны балалардың бәрі алып оқып жатқан шығар... 
Айтып, айтпай не керек, осы сурет мені талай тәлкекке жем қылды. 
Бірақ біраздан соң мен мойымайтын болып алдым. Балаларға: «Бәлем, енді 
мені жазда колхозда жұмыс істеген жоқ деп айтып кӛріңдерші. Айта 
алмайсыңдар. Менің жұмыс істегеніме «Қазақстан пионерінің» ӛзі куә деп, 
кеудемді қағамын. 
Республика жұртшылығына мен осылай танылдым. 


43 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет