Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУДА 
Сұлтан екеуіміздің қайта табысып, татуласуымыз, 
Қарасудан балық аулауымыз сөз болады. 
Тараудың аяғы серттесумен тынады. 
Мен Сұлтанды жайлаудан келгелі бері кӛргенім жоқ. Қайда екенін де 
білмеймін. Тӛңіректің тӛрт бұрышының Сұлтекеңе бәрі мекен, бәрі ӛpic. 
Бірді бірге ұрып, жүрген болар жосылтып. 
Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық ӛнер-қабілеттер 
толып жатыр-ау. Асауға шалманы қалай дәл тастайсың. Неше саққа жүгіртіп, 
құйқылжытып, қалай тамаша ысқырасың. Бие сауғанда шӛпілдетіп жібересің. 
Жолдасыңа қоң етіңді ойып беруден тартынбайтын батылсың да жомартсың. 
Бірақ арамдығың да бар: ӛтірік айтасың, ұрлық істейсің. Егер оқуды 
тастамасаң, әлгі айтылған лас қылықтарыңнан ада болсаң, сенен түбінде 
жаман азамат шықпас еді. 
Менің Сұлтан жӛніндегі пікірім осындай. 
Сұлтанды мен жиі ойлаймын. Одан ажырасқалы бері ӛзімді жартыкеш 
қалғандай, бірдеңем жетіспейтіндей сезінем. Ал Сұлтекеңнің қасында 
уақыттың қалай зымырап ӛткені білінбеуші еді. 
Бір күні мен мектептен қайтып келе жаттым. Қора бұрышын айнала 
бергенім сол еді, бір ит оқыстан «ыр-р- р» деп, ала кеп түсті тақымымнан. 
Баж етіп, артыма жалт бұрылдым. Қарасам, ит түгіл, сайтан да жоқ, шидің 
түбінен сылқ-сылқ күліп Сұлтаным шығып келеді. 
— Ой, мықтап бір қатырдым-ау, Қара Кӛже. Нағыз сужүректің ӛзі 
екенсің ғой. Үйге барып, тезірек шалбарыңды ауыстыр. Ха-ха! 
Мен Сұлтаннан мұндай кӛңілді келісті күтпеп едім. Жайлаудағы тойда 
оны Жұмағұлға ұстап бермек болған «опасыздық» қылығымнан кейін ол 
маған тісін басып жүрген шығар, бір ыңғайын тауып, бәлем, әкемді танытар 
ма екен деп қауіптенетін едім. Жоқ, олай емес, бұрынғы жолдастығымыз сол 
бәз-баяғы қаз қалпынан бұзылмағандай, қаймағы шайқалмағандай. Сұлтаным 
күлкіге шашалып, сықылықтап тұр. Реңінен жаулық ойлағандай ештеңе 
танылмайды. Бұны кӛріп, мен бойымды тез жинап ала қойдым. Сұлтанға 
кӛңілімде дық сақтап жүрген адамдай ӛңімді суыққа салып: 
- Сен менен аулақ жүр, — дедім. 
- Не боп қалды, Қара Кӛже? 
- Анада мені неге тастап қашып кеттің? Соның адамгершілікке жата ма? 
- Жә, жо, Қара Кӛже. Соны әлі ұмытпай жүрмісің? Жұмағұлмен мен 
есептестім. Оған мынау деген әдемі күміс темекі сауыт апарып бердім. Бері 
қара, одан да, сен қазір балыққа барасың ба? Сонау жоғарыдағы Киікбайдың 
ӛткелі тұсынан ар жақтан мен ғажап бір қарасу таптым. Балық деген, саған 
ӛтірік, маған шын, бықып жүр. Бардық болды, сүзіп аламыз. 
- Торың бар ма? 


46 
Sauap.org
- Диірменші Иванның торын аламыз. Ол менің досым. 
Балық аулау тәрізді жаным құмар істен бас тарту маған қиын еді. 
- Жарайды, мен тамақтанып алайын, — дедім. 
Сұлтан қанжырдай бір тор атты біздің қораға кіргізіп байлап қойыпты. 
Соған баяғыша екі ерді ерттедік те, мінгесіп алып, тартып отырдық. Шіркін, 
рахат-ау ат үсті. Еңсем кӛтеріліп, кӛңілім бірден гүл-гүл жайнап кеткендей 
болды. Жолдан диірменге соқтық. Диірменші Иван қарт Сұлтанмен 
шұрқырап кӛрісті. Екеуі темекі тартысып, бір-бірінен жаңалықтар сұрасып, 
жетісіп қалды. 
- Сіз бізге ауыңызды беріңізші. Балық аулайық деп едік, — деді Сұлтан. 
Иван ләм-мим деп бір ауыз сӛз айтпады. 
- Ау, әне, үйдің үстінде тұр. Ала бер, — деді. 
Ауды алып ап, әрмен қарай жӛнелдік. Қалың тоғайдың ішіндегі ескі 
сүрлеумен сыпылдатып келеміз. Кей жерлерден бӛстектей ұйысып бүлдірген 
сабақтары ұшырасады. Сол сабақтардың ара-арасынан қып-қызыл боп, 
маржандай жылт-жылт етіп, бүлдіргеннің ӛзі кӛрініп қалады. Түсе қап, теріп 
жегім келіп, аузымның суы құрып кетеді. Бірақ оған Сұлтан кӛнбейді, оның 
жаны балыққа жетпей жай табар емес. 
Сұлтан айтқан қара су жыныс тоғайдың ішінде екен. Арнасы шұңғыл
тор салуға қолайлы. Атты анадай жерге талға байлап қойдық та, ӛзіміз 
жаяулап, аяғымыздың ұшынан басып келдік. Бықып жүрген балығы қайсы 
деп, еңкейіп, мойнымды созып қараймын. Сол кезде Сұлтан «кис!» деп, 
пробка тәрізді серіппелі жағаны бір теуіп қалып еді, кілең бір ұп-ұзын қара 
балық ӛріп шыға келді. Зу-зу етіп, жоғары-тӛмен безіп-безіп барады. 
- Ту! Кӛбін-ай балықтың! — деп айқайлап жіберіппін. 
- Тс-с-с, айғайлама! — деді Сұлтан. 
Екеуіміз теп-тез шешіндік те, қара судың аяқ жағынан бастап сүзуге 
кірістік. Маған Сұлтекең бір қылтаға торды ұстатып қойды. Ӛзі ұзын ашабас 
шыбықпен судың астан-кестеңін шығарып, күмпілдетіп келеді. 
- Кӛтер! 
Ботана топан лай судың ішінен торды жалма-жан тік кӛтеріп алдым да, 
ап-ауыр күйінде кӛгалдың үстіне сүйретіп тастай бердім. Бірін бірі сабалап 
шоршақтаған кӛп балық шүпірлеп, үйіліп түсті. 
- Ура! 
Қарасудың басы онша алыс емес, тӛбешіктенген саздан шығады екен. 
Бас-аяғы бір сағаттай уақыттың ішінде сүзе-сүзе кӛмейіне жеттік. Ұстаған 
балығымыз бір шӛмеле болды. 
Енді, міне, Сұлтан екеуіміз пейіштің нақ тӛрінен орын алғандай отты 
маздатып жағып тастап, жетісіп балық пісіріп жеп отырмыз. Нан, тұз, балық 
асып жейтін ыдыс ала келмегенімізге ӛкінеміз. Сұлтекең кепканы теріс 
айналдырып киіп алған. Бір жақ қабырғасы қап-қара болып, қарылып піскен 
ыстық балықты күйелеш-күйелеш ұртына жӛнелтіп жатып: 
- Қара Кӛже, айтшы, осылай ӛмір сүрген жаман ба? — деді. Мен 
ойымдағыны айттым: 


47 
Sauap.org
- Рақат, нағыз рақат. 
- Ендеше, оқу оқып не азабың бар. Таста оқуды. 
- Онда мені мамам ӛлтіреді. 
- Ӛлтірмей қалсын. Кісі ӛлтірудің оңайын-ай, ә. Бұрнағы жылы жәкем де 
маған: «Оқуды тастайтын болсаң, жота теріңнен таспа тілмесем неғылсын, 
онда екі қолымды тӛбеме қойып, беземін сенен», — деп ант су ішуші еді. Сол 
да түк істеген жоқ қой. Белбеуімен жотама екі осқанда: «Ойбай-ай, бүйтіп 
ӛмір сүргенше, суға атып ӛлейін!» деп, ӛзенге қарай тұра жүгіріп ем, екі кӛзі 
шарасынан шығып, ӛзінің зәресі ұшты. Артымнан қуып жетіп, құшағына 
алып: «Оқымасаң, оқымай-ақ қой, әйтеуір, тірі жүр, қу жалғыз», — деп 
аймалап, сүйіп, үйге әкелді. Содан бері қарай ләм деп аузын ашпайтын 
болды. Ал егер мамаң саған қол тигізетін болса, онда милицияның тура ӛзіне 
жүгір. Баланы ата-анасы ұрсын деген заң жоқ бізде. Бұл үшін олардың 
кекесін танытып жібереді. 
«Мамам мені ӛлтіреді» дегенім, әрине, жай сӛзім. Мүмкін, сәби кезімде 
ұрса, ұрған шығар. Бірақ ес білгелі ол маған қол тигізіп кӛрген емес. Қандай 
реніші болса да сӛзбен айтады, қас-қабағымен білдіреді. Қымс етсе, «әй, 
тоқмаш жейсің!» «тоқмаш берем!» деп күш кӛрсететін — ол әжемнің әдеті 
ғой. Бірақ оның «тоқмашы» да жапырайған аузынан ұзап кӛрген емес. 
Оқуды тастау менің пәруейімде жоқ нәрсе. 
- Жоқ, мен оқуды тастай алмаймын, — дедім үзілді-кесілді. 
- Оның да дұрыс екен, — деп иланды Сұлтан. — Сен оқуды тастасаң, 
маған ілесіп тастады деп, екеуімізді бірдей қудалап, пәле қылады. Оқи бер. 
Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін, кейін дырдай бастықтың бірі болып 
шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер. Машинаңды бере тұршы деп 
барсам, қалайша бермейсің. 
- Мен бастық болмаймын, — дедім. 
- Енді кім боласың? 
Мен ӛзімнің үлкейгенде жазушы болатындығыма кәміл сенемін. Бірақ 
тап қазір Сұлтанға немесе басқа біреуге солай деп айтып кӛрші, — жатып кеп 
келеке қылады. 
- Кім болатындығымды ӛзім білем. 
Біраз қаужаңдап әлденіп алғаннан кейін, Сұлтан екеуіміз балықтарды 
соя бастадық. Күн кешкіріп, тоғай ішін кӛлеңке басып кетті. Ызыңдаған біз 
тұмсық сары масалар кӛбейді. Балықтың ішін жарып жіберген бетте, Сұлтан 
оның торсылдағын алып, тарс еткізіп маңдайына бірді соғып қалады. Ӛстіп-
ӛстіп оның маңдайы сап-сары ала болып боялды. 
Сұлтан кенет: 
- Қара Кӛже, қарақшы болғың келе ме? — деп сұрады. 
- Қайтіп? 
- Осы араның бір жерінен кӛрінбестей етіп күрке жасап аламыз. 
Балықты мол етіп кептіріп жайып тастаймыз. 
Кейде, мүмкін, жолға шығып, кісі тонаймыз. Бұрынғы қарақшылар 
қайтіп ӛмір сүрсе, біз де сӛйтеміз. 


48 
Sauap.org
- Біздің ыдыс-аяқ, мылтық ештеңеміз де жоқ қой? 
- Оның бәрін үйден әкеп аламыз, — деді Сұлтан. — Бұл бір керемет 
болар еді ғой. 
- Мен оқуды қайтем? 
- Оқуыңды оқи бер. Біз күндіз емес, түнде қарақшылық істейміз. 
Сұлтанның идеясы мені қызықтырып жіберді. Иә, бұл, шынында да, 
ғажап болар еді-ау. Шіркін, бір түнде Жанарды да ұрлап әкелер едік. Ол бізге 
ас пісіріп, кірімізді жуып берер еді. 
Балықтарды сойып болғаннан кейін, әдемілеп тұрып шыбыққа тіздік. 
Содан кейін маңайдан күрке жасайтын ыңғайлы жер іздей бастадық. Ондай 
ыңғайлы жер судың дәл жағасынан табыла кетті. Ит тұмсығы батпайтын 
жыныс кӛк талдың арасы. Талдың желкілдеген ұштарын шырмап, айнала 
тоқып тастап едік, іші ұядай ғана әдемі қуыс пайда болды. Оның оймақтай 
аузынан бір кісі еңбектеп азар сыяды.Үңгірге Сұлтан рақаттана қарап тұрып: 
- Қарашы, Қара Кӛже, тамаша емес пе. Бұл арада жүз жыл тұрсаң да, 
тӛбеңнен дәл келіп түспейінше, жан адам таба ала ма? — дейді. 
- Таба алмай қалсын. Тіпті дәл келіп түскен адамның ӛзі бұның асты 
қуыс деп еш ойламайды. 
- Қатып кетті. Ӛмір деп, міне, осыны айт. Мылтық әкелеміз. Менің 
келіскен финкам бар, оны әкелеміз. Ex, Қара Кӛже. Ӛмір бойы кӛрмеген 
рақатыңды кӛрсететін болдым-ау. Бірақ Қара Кӛже, біз мынаған келісейік: 
ендігәрі бір-бірімізге жаздағыдай опасыздық істемейік. Шын адал дос 
болайық. Қарақшылар бірі үшін бірі жанын қиюға тиіс. Кәне, әкел қолыңды! 
Сұлтан екеуіміз қол алыстық, шынашақ ілмелестірдік. Сұлтан оны сол 
қолының алақанымен қырынан бір қойып үзді де: 
- Тоқта, біткен жоқ, — деп, шӛпшек аташпен жерге дӛңгелек сыза 
бастады. 
- Бұ не? 
- Бұл қызыл ошақ. Кім де кім сертті бұзатын болса, о дүниеде дозақта 
шыжғырылады. 
Дӛңгелектің ортасын айқастыра Сұлтан сызықтар жүргізді. Сонан соң 
етпетінен жата қалып, сол сызықтардың түйіскен жеріне маңдайын тигізді. 
Бұл ырымды мен де істедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет