"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»



бет9/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
8. Құпиялылық
8.1. Банк Заемшыға банктік қызметтерді ұсыну, Банктің Келісімнің, Шарттардың/ Өтініштердің, Кепіл шарттың талаптарын орындау және/немесе Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын сақтау барысында, Заемшы Банкке кез келген формада және түрде құпия ақпаратты береді, ал Банк мұндай құпиялылық ақпаратты қабылдайды және оған қатысты Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
8.2. Құпия ақпарат болып Заемшы Банкке кез келген құжаттамалық, яғни құжатта белгіленген (қағаз, электронды немесе кез келген басқа тасымалдаушыда) ақпаратты білдіреді, оған қатысты келесі талаптар сақталады:

  • аталған ақпарат үшінші тұлғаларға белгісіз болуына қарай шынайы немесе әлуетті коммерциялық құндылығы бар;

  • мұндай ақпарат жалпыға мәлім болатын санатқа жатпайды, яғни заңды түрде еркін қолжетімділігі қарастырылмаған;

  • мұндай ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық ақпаратқа жатқызылуы мүмкін;

  • мұндай ақпарат Заемшы Келісім аясында ұсынғанға дейін Банктің басқаруында болмаған.

8.3. Төмендегі ақпарат құпиялылық ақпарат болып табылмайды:
а) жалпыға мәлім болып табылатын немесе Заемшыдан мұндай ақпаратты алған Банктің Келісімді бұзу нәтижесінен тыс жалпыға мәлім болып табылатын;
б) Банктің заңды меншігінде болған немесе оған Заемшы ұсынғанға дейін белгілі болған;
в) Банктің мәліметі бойынша Заемшы алдында құпиялылықты сақтау бойынша міндеттеме жүктелмеген үшінші тұлғадан Банк құпиялылық талаптарында емес алған;
г) Қазақстан Республикасының Банкке қолданылатын заңнама талаптарына сай немесе уәкілетті мемлекеттік органның заңды талабы негізінде ашылуға жататын.
д) жеке зерттеулер, жүйелі бақылаулар немесе Заемшыдан алған құпиялылық ақпаратты пайдалануынсыз жүргізген өзге қызмет нәтижесінде Банкке белгілі болған ақпарат;
е) Заемшының жазбаша келісімімен және/немесе Заемшының өзімен үшінші тұлғаларға жариялау нәтижесінде өз құпиялылығын жоғалтқан ақпарат.
8.4. Банкке Жеке келісімді, Шартты/ Өтінішті беру күніне кез келген ақпарат және/немесе құжаттама Заемшымен ұсынылғанын және Заемшымен келешекте Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңында (бұдан әрі – «Заң») анықталған мемлекеттік және/немесе қызметтік құпия болып табылады.
Заемшы Банкке ұсынатын ақпаратта және/немесе құжаттама Заңмен анықталғандай мемлекеттік және/немесе қызметтік құпия болған жағдайда, Заемшы көрсетілген ақпараттың және/немесе құжаттаманың тасымалдаушыларында және/немесе ілеспе құжаттарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құпиялылық таңбасын көрсетеді.
Заемшы көрсетілген ақпараттың және/немесе құжаттаманың тасымалдаушыларында және/немесе ілеспе құжаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгендей құпиялылық таңбасының болмауы Банк үшін көрсетілген ақпарат және/немесе құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және/немесе Заңда белгіленген қызметтік құпияға жатпайтынмен және/немесе жатуға тиісті еместігімен келіседі.
Заемшы егер көрсетілген ақпараттың және/немесе құжаттаманың тасымалдаушыларында және/немесе ілеспе құжаттарында құпиялылық таңбасын көрсетпесе, мемлекеттік және/немесе қызметтік құпияны Банкке беру нәтижесінде оның жариялағаны/жоғалғаны үшін Заемшы осы арқылы өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
8.5. Егер Заемшы Банкке электрондық, қағаз және/немесе өзге де материалдық тасымалдаушыда (бұдан әрі – «Дербес деректер субъектілері» және «Тиісінше дербес деректер») тіркелген белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын Дербес деректер субъектісіне жататын мәліметтерді берген жағдайда, Заемшы Дербес деректерді берген кезде Дербес деректер субъектілерінен олардың Дербес деректерін Банкке, Банк акционеріне және үшінші тұлғаларға осындай үшінші тұлғалар Банктің клиентке қызмет көрсетуіне қатысатын шамада құпия негізде беруге келісімін алады.
Банк Тараптар арасында жасалатын/жасалған шарттар аясында алған Дербес деректер әрі қарай өңделеді, сақталады және келесі мақсатта Қазақстан Республикасымен қатар оның шекарасынан тыс, осы Тармақта көрсетілген тұлғаларға табысталады: 1) Банктің "өз клиентіңді біл" процедураларының талаптарын сақтауы, 2) FATCA талаптарын орындау, 3) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл талаптарын орындау, 4) Заңнама талаптарын сақтау. Бұл ретте Банк Заңнамаға сәйкес алынған дербес деректерді қорғаудың қажетті деңгейін және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Заемшы Банк талабы бойынша банкке Дербес деректер субъектісінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге, сондай-ақ оларды беруге келісімін алу туралы дәлелдемені ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет