"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»



бет6/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:

Общие стандартные условия предоставления кредитных линий АО «Bereke Bank»< p>

6.2. Банк құқылы:
6.2.1.Заемшы үшін Келісім талаптарын Жақсарту жағына қарай бір жақты тәртіпте өзгертуге;
6.2.2. Заемшы Негізгі қарыздың кезекті бөлігін қайтару және/немесе сыйақыны төлеу үшін белгіленген мерзімді бұзған кезде сол бойынша Кредиттік құралды және сыйақыны 40 (Қырық) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қайтаруды талап етуге;
6.2.3. Жеке келісім бойынша қаржыландыруды тоқтата тұруға/ тоқтатуға, Келісімде қарастырылғандай Бұзушылық жағдайлары басталған кезде, сондай-ақ, Келісімде, Қолданыстағы заңнамада белгіленген басқа жағдайлар орын алғанда, Заемшының Жеке келісім бойынша Банк алдындағы Берешек сомасын мерзімінен бұрын қайтаруын талап етуге;
6.2.4. Заемшының мерзімі өткен Берешегі болған кезде мерзімінен бұрын өтеу туралы хабар алған кезде Кредиттік құралды мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат бермеу, ал ақшаны Жеке келісімде белгіленген кезекте Берешекті өтеуге жіберу және көрсетілген Берешек өтелген соң қалған соманы (болған кезде) Кредиттік құралды мерзімінен бұрын өтеуге жіберуге;
6.2.5. Төмендегі жағдайларда Жеке келісімді жасаған күні белгіленген сыйақы мөлшерлемелерін ұлғайту жағына біржақты тәртіпте өзгертуге:
(i) Заемшының Келісімде қарастырылған жағдайларда Кредиттік құралды алуға және қызмет көрсетуге байланысты шынайы ақпаратты ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы;
(ii) Жеке келісім бойынша келесі жағдайларда, Банктің Заемшыдан міндеттемелерді мезгілінен бұрын орындауын талап етуге құқығының пайда болуы:
- Банкті алдын-ала жазбаша хабардар етусіз, акционерлік қоғамның (шаруашылық серіктестіктің) акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін Заемшының қатысушылары (акционерлері) құрамын өзгерту;
- Заемшының және/немесе Келісімнің бойынша міндеттемелердің орындалуына Қамтамасыз етуді ұсынған кепіл берушінің Банктің Қамтамасыз етудің іс-жүзінде болуын және құжаттары бойынша, мөлшерін, сақталу жайы мен талаптарын тексеру құқықтарын бұзуы;
- Заемшының (Заемшының Келісім бойынша міндеттемелерінің орындалуына Қамтамасыз етуді ұсынған кепіл берушінің) мүлкіне, соның ішінде Банкке кепілге қойылған мүлкіне үшінші тұлғалардың талап қоюы;
- Келісімде қарастырылған өзге жағдайларда;
Сыйақы мөлшерлемесі біржақты тәртіпте ұлғайған кезде, Банк Байланыс арнасы арқылы Заемшыға Келісімде белгіленген міндеттемелердің бұзылғандығы және сыйақы мөлшерлемесінің бір жақты тәртіпте өзгергендігі туралы хабарламаны бойынша жаңа Өтеу кестесімен қоса жібереді. Хабарлама және Өтеу кестесі онда көрсетілген шарттарда төлемдер жүргізу үшін негіздеме болып табылады және Банк Заемшыға соңғы хабарламаны және Өтеу кестесін әзірлеген және жіберген сәттен бастап күшін жоятын бұрынғы хабарламалардың және Өтеу кестелерінің орнына жүреді. Заемшы Банкпен тіркелген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерімен келіспеген жағдайда және Заемшы жаңадан тіркелген сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы төлеуден бас тартқан жағдайда, Банк осы Жеке келісімді мерзімінен бұрын бұзуды және бұрын берілген Кредитті қайтаруды талап етуге құқылы, Заемшы мұндай жағдайда Жеке келісім бойынша Берешегін мерзімінен бұрын өтеуге міндетті.
6.2.6. Жалпы талаптардың 6.3.3. тармағында қарастырылған тәртіпте жіберілген хабардан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, Заемшының Келісімде көзделген міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде қабылданатын шараларды қолдануға.
6.2.7. Заемшы Келісім бойынша міндеттемелерлді орындауды кейінге қалдыруға жол берген жағдайда, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікк реттеуге беруге;
6.2.8. Мерзімі өткен берешек туындаған кезде Кредиттік құрал бойынша сыйақының есептелуін бір жақты тәртіпте уақытша тоқтата тұруға.
6.2.9. Жеке келісімде көзделген сыйақы мөлшерлемесі бойынша Кредиттік құрал бойынша сыйақының есептелуін қалпына келтіру туралы шешімді бір жақты тәртіпте қабылдауға.
6.2.10. Кредиттік құралдың мақсатқа сай пайдаланылуын, кепілге салынған мүліктің жағдайын және Заемшының міндеттемелерінің орындауын тексеруге. Бұл жағдайда, Банк Заемшыдан көліктің ұсынылуын және Банк қызметкерлері мен Банк уәкілеттеген үшінші тұлғалардың қоймалық. Өндірістік, қызметтік және өзге ғимараттарға кіруіне рұқсат етуді талап етуге. Тексерулер саны және олардың мерзімдері Банкпен өз бетінше белгіленеді немесе Тараптармен келісіледі;
6.2.11. Жеке келісім жасалғаннан кейін, қолданыстағы заңнамаға осы Тараптардың өзара қарым-қатынасына қатысты өзгерістер енгізілген жағдайда және/немесе кредит беру бойынша Банктің саясатында және/немесе процедураларында өзгерістер орын алғанда немесе Банктің Жеке келісім бойынша Кредиттік құралды беруге және қызмет көрсету қабілеті мен мүмкіндігіне кері әсерін тигізетін оқиғалар (Банктің одан әрі Кредиттік құрал бойынша қызмет көрсетуі мүмкін болмайтын және/немесе Банкке Кредиттік құрал бойынша қызмет көрсету кезінде келтірілген (келтіруі мүмкін) шығындардың көлемі айтарлықтай артуы (артуы мүмкін), Банктің бастапқыда жоспарланған түсімнің болуына кедергі келтіретін өзгерістер, оған кіретін, бірақ шектелмейтіндер, ақша нарығында және/немесе капитал нарығындағы өзгерістер; қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің, валюта бағамдарының, инфляция көрсеткіштерінің, құнсызданудың өзгеруі) орын алған жағдайда, Банк Жеке келісім шеңберінде және негізінде Кредиттік құралды беруді уақытша тоқтатуға және Жеке келісім талаптарын өзгертуге бастамашыл болуға құқылы. Бұл жағдайда, Банк Кредиттік құрал беру туралы өзінің міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді, ал Заемшы Банкке Жеке келісімнің және/немесе ұсынылған Кредиттік құралдың талаптарын тиісті түрде өзгертетін қосымша келісім жасаудан негізсіз бас тарта алмайды.
6.2.12. Өз қалауы бойынша, Заемшыдан келесілерді талап етуге:
- Талап бұзу оқиғасы орын алған жағдайда, Келісім бойынша Заемшының Банк алдындағы міндеттемелеріне қамтамасыз етуді ұсынуға;
- қамтамасыз ету құны төмендеген жағдайда (себебіне қарамастан) – Қамтамасыз етуді басқа, өтімділігі бойынша құны бірдей, оның құны Қамтамасыз етудің бастапқы құнынан артық немесе тең затқа айырбастауды немесе қамтамасыз етуді тиісті шарттардың талаптарына сәйкес толықтыруды талап етуге. Мұндайда, Заемшы қамтамасыз етуге тәуелсіз бағалаушы арқылы қамтамасыз етудің құнын нақтылау үшін өз есебінен қайта бағалау жүргізуге құқылы;
- Заемшы және/немесе Кепіл беруші есебінен тәуелсіз бағалау компаниясында кепіл затын немесе бағаланатын басқа да Қамтамасыз ету заттарын кезеңдік қайта бағалаудан өткізіп тұруға;
6.2.13. Тиісті растайтын құжаттар болған жағдайда, Банктің Заемшының Жеке келісім бойынша қаржылық міндеттемелерін және/немесе Жеке келісімге, сонымен қатар қамтамасыз етуді беру және/немесе берілген қамтамасыз етудің қауіпсіздігіне қатысты басқа да міндеттемелерді орындамауына/ тиісті дәрежеде орындамауына байланысты келтірілген барлық қосымша шығындарды, Заемшының Шоттарын, сондай-ақ басқа банктерде және/немесе қаржы мекемелерінде ашылған банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы тиесілі ақшаны өндіріп алуға құқылы.
6.2.14. Келісім талаптарына сәйкес өзге құқықтар.


Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет