"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»



бет7/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
6.3. Банк міндетті:
6.3.1. Заемшының өтініші бойынша Жеке келісім бойынша Берешекті өтеуге түскен ақшаның бөлінуі (Негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және мерзімінен кешіктірілген төлемдерді көрсетумен басқа да төлеуге жататын сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша түрде 3 (үш) Жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына 1 (бір) реттен жиі емес ақысыз ұсынуға;
6.3.2. Шарт бойынша берілген Кредиттік құралдарды Банкке мерзімінен бұрын жартылай немесе толық қайтару туралы өтініш негізінде – төленуі тиісті сома мөлшері туралы ақпаратты, Негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбы мен басқа да сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген түрде 3 (үш) Жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, айына бір рет көп емес жиілікпен ақысыз жазбаша түрде ұсынуға;
6.3.3. міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ ол басталған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде кез келген Байланыс арналары арқылы Заемшыны хабардар етуге:
1) хабарламада көрсетілген күнгі жағдай бойынша мерзімі өткен берешек мөлшерін көрсете отырып, Келісім бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін кешіккені және Жеке келісім бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы;. Егер көрсетілген хабарламада мерзімі белгіленбесе, онда хабарламаны алған күннен бастап 5 (Бес) жұмыс күні ішінде;
2) Заемшы-жеке кәсіпкердің Банкке жүгіну құқығы;
3) Заемшының Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары жөнінде.
Хабарлама, егер ол келесідей жолмен Заемшыға жіберілген болса, жеткізілген болып есептеледі:
- Жеке келісімде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
- Жеке келісімде көрсетілген тұрғылықты жері (мекенжайы) бойынша, оның табыс етілгені, оның ішінде көрсетілген мекенжайда тұратын Заемшының кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
- Заемшының хабарлама алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де Байланыс арналарын пайдалану арқылы.
Хабарламаны адресатқа, алушыға тапсыру мүмкін еместігі туралы белгімен немесе оны қабылдаудан бас тартумен, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген өзге Байланыс арнасын пайдалану кезінде оның қабылданғанын растамаумен байланысты қайтарған жағдайда хабарлама тиісті түрде жіберілген болып есептеледі;
6.3.4. Заемшы өтінішін қарастырып, жазбаша жауап дайындауға;
6.3.5. жақсарту Шарттарын қолдану күніне дейін алдын ала 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын байланыс арнасы бойынша Заемшыға Келісім бойынша жақсарту Шарттарын қолдану туралы хабарламаны жіберуге;
6.3.6 Заемшының сұратуы бойынша соған қоса, бірақ онымен шектелмей өткен кезеңдер үшін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде берешегі туралы кеңейтілген ақпаратты ұсынуға;
6.3.7. Заемшы – жеке кәсіпкердің өтініші алынған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Келісім талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарауға;
6.3.8. Келісім бойынша Банк құқықтарының (талаптарының) үшінші тұлғаларға өту талаптары бар шартты (бұдан әрі - талап ету құқығын шеттету шарты) жасаған кезде Заемшыны (оның уәкілетті өкілін) хабардар етуге:
- талап ету құқығын шеттету шарты жасалғанға дейін (талап ету) құқықтардың үшінші тұлғаға көшу мүмкіндігі туралы Заемшыны Байланыс арнасы арқылы хабарлама жіберу арқылы хабарландыру;
- құқық (талап ету құқығы) үшінші тұлғаға өткені туралы Байланыс арнасы арқылы хабарлама жіберу арқылы талап ету құқығын беру туралы шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде хабарландыру, Берешекті өтеу бойынша әрі қарайғы төлемдер үшінші тұлғаға (Келісім бойынша (талап ету құқығы) құқық өткен тұлғаның атауы және орналасқан жері) тағайындалуы, берілген құқықтардың (талап ету құқықтарының) толық көлемі туралы, сондай-ақ негізгі қарыздың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлды) және төленуі тиіс басқа сомалардың мерізімі кешіктірілген және ағымдағы сомалар қалдығын көрсетумен;
6.3.9. Келісім аясында берілген заемдар бойынша Заемшыға Байланыс арналары арқылы келесі ақпаратты ұсыну: алынған заем сомасы туралы, сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі, заемды өтеу мерзімдері, төлемдер күні, комиссиялардың және заемды беру мен оған қызмет көрсетуге қатысты өзге төлемдердің (болса) атаулары мен мөлшерлері туралы ақпарат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет