"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»


Банкке келесілерге тыйым салынады



бет8/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:

Общие стандартные условия предоставления кредитных линий АО «Bereke Bank»< p>

6.4. Банкке келесілерге тыйым салынады:
6.4.1. Кредиттік құралға қызмет көрсету бойынша комиссиялар мен өзге төлемдердің осы Келісімді жасасқан күнгі белгіленген мөлшерлері мен есептеу тәрітібін ұлғайту жағына қарай бір жақты тәртіпте өзгертуге;
6.4.2. Келісім аясында комиссияның және өзге төлемдердің жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізуге.
6.4.3. Егер заем беру талаптарында сақтандыру шарттарын жасау туралы және/немесе қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса, Заемшының Кепіл берушінің сақтандыру ұйымын және/немесе бағалаушыны таңдауына шектеу қоюға;
6.4.4. төмендегі жағдайларды қоспағанда, Келісім аясында жаңа заемдар беруді бір жақты тәртіпте тоқтата тұруға;
1) Банктің жаңа заемдарды шығармау құқығы пайда болатын, Келісімде қарастырылған жағдайлар;
2) Келісім бойынша Заемшының Банк алдындағы міндеттемелерін орындамауы;
3) Банктің Келісімді тиісінше орындауына әсерін тигізетін Қолданыстағы заңнама талаптарының өзгеруі.
6.4.5. Жалпы талаптардың 6.2.5. тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Келісім жасалған күнге бекітілген сыйақы мөлшерлемесін бір жақты тәртіппен ұлғайту жағына өзгертуге;
6.4.6. Егер өзгесі қолданыстағы заңнамада қарастырылмаса Кредиттік құралды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыппұлын немесе айыппұлдық санкциялардың өзге түрлерін өндіріп алуға;
6.4.7. Егер Негізгі қарызды және/немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күніне түскен болса және сыйақыны және/немесе Негізгі қарызды төлеуді одан кейінгі бірінші Жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын өндіріп алуға.
7. Есептілік
Жеке келісімде көзделген жағдайда Заемшы Банкке келесілерді беруге міндеттенеді:
1) Жеке келісімде көзделген мерзімде жылдық қаржылық есептілікті;
2) Жеке келісімде көзделген мерзімде тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
3) Жеке келісімде көзделген өзге де есептілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет