Сүт қышқылды бактерияларының антагонистикалық қасиеттері.
Көптеген зерттеулерде сүт қышқылды бактериялардың антагонисттік Қасиеттерін жаңа культуралар табу мақсатында зерттелген, өйткені сүт қышқылды бактериялардың антимикробты қасиеттері бар, олар тағамның сапасын жақсартады, (ацидафильді сүт, айран және т.б.). Осыған байланысты сүт қышқылды бактериялардың антагонистік қасиеттері туралы әдебиеттерде көп жазылған.
Сүт қышқылды бактериялардың антагонизм тағамның бұзылуын тудыратын ішек таяқшаларына , протейге, патогенді микробтарға және культураларға қарсы зерттелген [59,37,60,61,62].
Сүт қышқылды бактериялардың антагонистік қаситтерін штрихты себу, шығыр және лунок, көбінесе және тест культуралар себу әдістерімен сапалы анықталады.
Көптеген жұмыстардың мақсаты зерттелініп отырған сүт қышқылды бактериялардың антимикробты әсерінің бар болуы немесе жоқ болуы анықтау болып табылатын. Нәтижесінде L.bulgaricus, ацедофильді таяқшалар, L.casei, L.helveticus, L.lactis , мезафильді сүт қышқылдық стрептококтар (S.lactis, S.acetoinicus, S.diacetilactis) ішек таяқшаларын, стафилококтарды, сарциндеріді және кейбір бактерияларды тежейтіндігі анықталады. [36,34,65,66,67,68,69,70].
Ішек таяқшаларының өсуін көптеген сүт қышқылды бактериялар тежейді, бірақ бәрінің антогонистік қасиеттері бірдей емес. S.lactis (85%) және
S.acetoinicus (87%) штаммдарының көбісі ішек таяқшасының өсуін ингибирлеген, ал S. cremoris штамдарының тек 35 % -і осындай қасиетке ие .
Бұндай культураларды ірімшік жасауда кеңінен қолданған. Олар тек ішек таяқшаларын және басқа ауру тудырған микроораганизимдерді ғана емес, сондай-ақ өндірістік жағдайға тұрақты және де қалған ашықты микрофлорасымен жақсы үйлесті [41].
Ацедафильді бактериялар және ашытқылар ацедаофилин үшін де сүттегі ішек таяқшалардың өсуін тежей алады . Мысалы ,таза культурада 4 сағаттан кейін клетка саны 1000 есе кебейсе, ал егер культурада ацедофильді бактериялар болса онда ол 20-200 есе ғана көбеед і [41].
Көптеген термофильді сүт қышқылды бактериялар да антагонистік қасиеттерге ие.
S. thermophilus және L. thermophilus культураларын зерттегенде, олардың құрамының 66.6 % антагонистерден тұрады [37]. Бірақ термофильдерде, L. bulgaricus –ке қарағанда антогонистік әсері аз . Осыған байланысты бірлескен культураларда антагонистік қасиеттердің күштірек екенін білуге болады. Осылай L. bulricus-тың бактерицидті және бактериостатты қасиеттері L. thermophilus-пен қосылғанда ішектің шіріткіш микрофлорасына қарсылығы күшееді [41].
Бірлескен культураның активтілігі L. bulgaricus-ң микрокультурасына қарағанда жоғары болады.
Қымызды ашытатын Lactobacillus bulgaricus және Lactobacillus acidophilus сүт қышқылды бактериялардың да антагонистік қасиеттері бар. Олар E.coli, B.subtilis-тердің өсуін тежейді [46].
Біз Алматы облысының сүт үлгілерінен 15 түрлі штамм бөліп алдық. Олардың антагонистикалық қасиеттерін сериялық көбейту әдісімен анықтадық.
Сүт қышқылды бактериялардың антагонистік қасиеттері 3 тест культурасында тексерілді : Stsphilococcus aureus, Bacillus Subtilis, Escherichia coli.
Культуралардың антогонистік қасиеттерін жеті тәулік бойы культивирлеп, анықтадық тәжірибені пастерленген бие сүтімен жүргіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |