Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алу және қасиеттерін анықтау Мазмұны


Өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижелері және



бет14/16
Дата26.03.2023
өлшемі268 Kb.
#76197
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
dip -bie-sutinin-fermenttik-oniminen-sut-qyshqyldy-bakterijalaryn-bolip-alu-zhane-qasietterin-anyqtau-31 (1)

3 Өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижелері және
оны талқылау


3.1. Бие сүтінің және қымыздың химиялық құрамы
Кесте 6

Бие сүтін алған жер

Майы

Жалпы белогы

Сүт қанты

Қышқылдығы, 0Т

сүт

қымыз

сүт

қымыз

сүт

қымыз

сүт

қымыз

Жамбыл ауданы

1.25

1.21

2.15

2.01

6.51

5.67

6.2

120

Қарасай ауданы

1.12

1.1

2.18

2.15

6.65

5.85

6.5

110

Райымбек ауданы

1.0

0.95

2.27

2.12

6.57

5.61

6.5

130

Бұл кестеде көрініп тұрғандай Жамбыл ауданының бие сүтінің майлылығы жоғары, Райымбек ауданының бие сүтінің белогы жоғары, ал Қарасай ауданының бие сүтінде қанты жоғары. Ал қышқылдығы 3 ауданда бір- біріне ұқсас келді. Алынған мәліметтер әдеби мәліметтерге сәйкес келеді 2.




3.2 Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылы бактерияларын айқындау

Таңдалып алынған сүт қышқылды бактериялар штаммдарының ферментативті активтілігі зерттелді. Ароматтүзгіштігі, аргининен диацетил мен аммиактың түзілуі, пратеолитикалық активтілігі зерттелді.


Микроорганизмдер генофонында прокариоттар ерекше орын алады, оның ішінде сүт қышқылды бактериялар.
Ароматтүзгіштік айрықша сүт қышқылды бактериялар тобының өмірсүргіштігінің нәтижесі болып табылады олар, сүт қышқылынан басқа, диацетил, ацетоген, ұшқыш қышқылдар, көмірқышқыл газын, спирттер және эфирлер түзеді. Осылардың ішінен аромат түзуден жетекші роль атқаратын диацетил болып табылады. Аромат түзгіш сүт қышқылды бактериялары сүт өнімдерін өндіру үшін ашытқыға қажетті компанент болып табылады.
Осыған байланысты біз сүт қышқылды бактерияларынан 15 штамм бөліп алып, және оның ішінде активтілігі күшті сүт қышқылды бактерияларының 3 штаммын алдық және олардың физиолого – биохимиялық қасиеттері, антагонисттік активтілігін және морфолого-культуралды қасиеттерін зерттедік. Морфологиялық белгілерін зерттегенде, барлық зерттеген штамм культуралары жылжымайтын, спора түзбейтін, грам оң мен боялады және олар каталазонегативті болып табылды. Осы белгілерге байланысты біз оларды сүт қышқылды бактерияларының группасына жатқыздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет