Технологиялық – болашақ педагогтардың басқару құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін, формалары мен құралдарын көрсетеді. Мазмұндық блок қажетті білімді, білік пен дағдыларды қамтиды, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Мақсаттық жұмыстың табыстылығы мен тиімділігі (нәтижелілігі) бастапқы ұстанымдардан яғни негіз ретінде қабылданған принциптерден талап етіледі.
Өлшемдік – болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуын, оның динамикасын айқындауға арналған өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлерді қамтиды. Зерттеу барысында болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің осы аталған өлшемдік белгілерін айқындап алуға талпындық.
Ол үшін біз болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуының құрамын төрт компонентке сәйкес анықтадық: мотивациялық- құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік және бағалаушылық-нәтижелік (кесте 8). Мотивациялық-құндылықты – гуманды басқарушылық құндылықтарға сәйкес іс-әрекеттің тұрақты мотивтерін қалыптастыруды қарастырады (басқарушы рөлін психологиялық күйі тұрғысынан қабылдау; білім беру субъектілерімен өзара әрекеттесуге ұмтылушылық; сынып ұжымын, оқушының жеке-тұлғасын дамытуды, оқу-тәрбие үдерісін басқаруға өзінің тілегінің болуы
және т.б.)
Когнитивтік – студенттердің басқарушылық құзыреттіліктерін танытуға қажетті әлеуметтік-саяси, экономикалық және психологиялық-педагогикалық білімдерін қалыптастыруды көздейді. Осы компонент кәсіби педагогикалық міндеттермен қатар және менеджерлік саладағы міндеттерді шешу барысында кәсіби және арнайы меңгерген білімдерін пайдалана алу іскерліктерін кіріктіретін әдіснамалық, теориялық және технологиялық білімдердің бірлігін құрайды. Сондай-ақ, аталған қалыптастыру бойынша осы құрам педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.
Кесте 9 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштері
Компонент-
тері
|
Өлшемдері
|
Көрсеткіштері
|
төмен деңгей
|
орта деңгей
|
жоғары деңгей
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Мотивация-
|
Гуманды
|
Басқарушылық
|
Басқарушылыққа оң
|
Басқарушылыққа оң
|
лық-
|
басқарушылы
|
қа,
|
қатынасы бар, бірақ
|
қатынасы анық.
|
құндылықты
|
қ
|
құндылықтарға
|
оның
|
Оның бүгінгі күннің
|
|
құндылықтар
|
қызығушылығ
|
ізгіліктіқұндылықтарын
|
сұранысы
|
|
ына оң
|
ы жоқ.
|
ішінара ғана түсінеді.
|
менқоғамдық
|
|
қарым-
|
Педагог-
|
Педагог-менеджерлікке
|
тапсырысқасай
|
|
қатынасының
|
менеджер
|
ұмтылысы байқалады,
|
қажеттілігін,
|
|
болуы
|
болуғаұмтылы
|
алайда оның
|
педагог үшін
|
|
|
сы көрінбейді.
|
маңыздылығына мән
|
маңыздылығын
|
|
|
Оны қажет
|
бермейді.
|
айқын сезінеді.
|
|
|
етпейді
|
|
Онытерең
|
|
|
|
|
қызығушылығымен
|
|
|
|
|
көрсете алады.
|
Когнитивтік
|
Педагог
|
Басқару,
|
Басқарушылық
|
Басқарушылық
|
|
менеджер,
|
басқарушылық
|
құзыреттілік түрлерін,
|
құзыреттілігі
|
|
басқарушылы
|
мазмұны
|
құрылымын, мазмұнын
|
саласынан білімі
|
|
қ бойынша
|
бойынша
|
біледі. Педагог-
|
жеткілікті.
|
|
танымдық
|
білімі аз. Оның
|
менеджердің атқаратын
|
Басқарушылық
|
|
білімінің
|
құрылымын,
|
қызметінен хабары бар.
|
құрылымын,
|
|
тереңдігі
|
мазмұнын
|
Педагог-менеджердің
|
мазмұнын,
|
|
|
білмейді.
|
құндылықтарын
|
құндылықтарын
|
|
|
Педагог-
|
(эмпатия, рефлексия,
|
жақсы меңгерген.
|
|
|
менеджердің
|
толеранттылық,
|
Педагог-
|
|
|
құрылымын
|
шеберлік және т.б.)
|
менеджердің
|
|
|
(эмпатия,
|
біледі. Бар түсініктерін
|
атқаратын рөлін,
|
|
|
толеранттылық
|
күнделікті іс-әрекетте
|
қызметін толық
|
|
|
, шеберлік және
|
көрсете алмайды
|
біледі. Оларды
|
|
|
т.б.) білмейді
|
|
практикалық,
|
|
|
|
|
өмірлік іс-
|
|
|
|
|
әрекеттерінде
|
|
|
|
|
көрсетуге
|
|
|
|
|
ұмтылады.
|
Іс-әрекеттік
|
Басқарушылы
|
Топтық іс-
|
Осы саладан
|
Топтық іс-
|
|
қ
|
шараларда,
|
практикалық
|
шараларда
|
|
құзыреттілігін
|
сыни
|
іскерліктерді
|
басқарушылығы
|
|
таныта алуы
|
жағдаяттарда
|
айтарлықтай біледі,
|
анық көрінеді. Өзіне
|
|
|
басқарушылық
|
бірақ тұрақты көрсете
|
сенімді.
|
|
|
таныта
|
алмайды. Өзіне
|
Проблемаларды
|
|
|
алмайды.
|
сенімділігі аз, сол
|
өздігінен шеше
|
|
|
Өздігінен
|
себепті сыныпқа, оқу-
|
алады. Топқа ықпал
|
|
|
шешім
|
тәрбие үдерісінің
|
ете алады, оларды
|
|
|
қабылдай
|
сапасын жақсартуға
|
соңынан ерте алады.
|
|
|
алмайды.
|
ықпал ете алмайды..
|
Сыни жағдаяттарда
|
|
|
|
Өздігінен шешім
|
басқарушылығын
|
|
|
|
қабылдауға талпынады.
|
батыл, ерік-
|
|
|
|
Топта басқарушылық
|
жігерімен
|
|
|
|
танытады. Топтық іс-
|
танытады. Жаңа
|
|
|
|
әрекеттерде ішінара
|
идеялар ойлап таба
|
|
|
|
жекелік таныта алады.
|
алады.
|
9 - кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Бағалаушы лық- нәтижелік
|
Өзінің басқару іс-әрекеттерін жете түсінуі мен өздігінен бағалауы, субъектілермен өзара әреккеттестіккк е түсе алуы
|
Өзінің басқарушылық іс- әрекеттерін, амал-тәсілдерін талдауға ұмтылмайды, өздігінен бағалай алмайды.
Басқару іс- әрекетінде білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестікке түсе алмайды.
|
Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін, амал- тәсілдерін ішінара түсінеді. Бірақ оларды талдау, бағалау барысында өзгелердің көмегіне сүйенеді.
|
Өзінің басқарушылық іс- әрекеттерін жете түсінеді. Сыни жағдаяттарда басқарушылық амал-тәсілдерді қолданады.
Оларды өздігінен талдайды және бағалайды.
Басқару іс- әрекетінде субъектілермен өзараәрекеттестікт і анық көрсетеді. Өзінің ізгілікті бағытын, стратегиялық қырағылығын көрсете біледі.
|
Іс-әрекеттік–болашақ педагогтар басқарушылық құзыреттілігін танытуға, практикалық іс-әрекетке, жылдам шешім табуға қабілеттілігін, тәуекелге баруға қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайларды қарастырады. Кәсіби жағдаяттарда басқарушылық құзыреттілігін қолдану іскерліктері мен өздігінен білім алу әрекетін, өзін-өзі дамытуын жүзеге асыруын көрсетеді; білім беру субъектіліерімен өзара белсенді әрекеттестігін қамтиды, бұл жағдайда білім беруші мақсатын, міндеттерін анықтайды, білім алушының танымдық іс- әрекетін белсендіру үшін жағдай тудырады, кері байланысты жүзеге асыру үдерісіне бағыттайды, бақылайды, ынталандырады; білім алушыларға оқу іс- әрекеті үдерісінде шешуге арналған кәсіби бағытталған проблемаларды көрсетеді. Осы компонент білім алушылардың кәсіби және өмірлік тәжірибесіне, олардың кәсіби басқару мотивациясына, ғылыми басқару жоспарларына, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне негізделеді.
Бағалаушылық-нәтижелік – білім алушылардың өзіндік басқарушылық амал-тәсілдерін, іс-әрекеттерін жете ұғынуын және өзінің басқару іс- әрекеттеріне өзіндік талдау жасау мен өздігінен бағалауын, алынған нәтижелерді қойылған мақсаттармен біріктіруін танытады, білім беру субъектілерімен ізгілікті бағыттағы өзара әрекеттестікке түсе алуын көздейді.
Мотивациялық-құндылықты өлшем – гуманды басқарушылық құндылықтарына оң қарым-қатынасының болуы.
Көрсеткіштері:
менеджер рөлін жеке психологиялық күйі тұрғысынан қабылдауы;
гуманды басқарушылық құндылықтарға, іс-әрекетке ұмтылуы;
күрделі жағдайларда менеджер функциясын өзіне алу тілегінің болуы;
басқарушылық құзыреттілігін жеке жетілдіруі.
Когнитивтік өлшем – Педагог-менеджер, басқарушылық бойынша танымдық білімінің тереңдігі.
Көрсеткіштері:
басқарушылық құзыреттілік саласынан теориялық-әдіснамалық, арнайы кәісби білімінің болуы; басшы, лидер ұғымдарының ұқсастықтары мен айырмашылығын білуі;
басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұнын меңгеруі;
педагог-менеджердің атқаратын қызметін, рөлін игеруі;
басқарушылық құндылықтарды (эмпатия, рефлексия, толеранттылық, шеберлік және т.б.) мән-мағынасын жете түсінуі және т.б.
Іс-әрекеттік өлшем – Басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы. Көрсеткіштері:
топқа ықпал ете алуы, топты соңынан ерте алуы;
топтық іс-шараларда басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы;
сыни жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдай алуы;
өзіне жауапкершілік алып, проблемаларды өздігінен шеше алуы;
жаңа идеяларды ойлап табуы.
Бағалаушылық-нәтижелік өлшем–өзінің басқару іс-әрекеттерін жете түсінуі мен өздігінен бағалауы, субъектілермен өзара әреккеттестіккке түсе алуы.
Көрсеткіштері:
рефлекцияға, сынға, өзін-өзі сынауға (сыни ойлауы, сыни тұжырымдар жасай білуі) қабілеттілігі;
өзінің басқару іс-әрекеттерін өздігінен талдауы;
сыни жағдаяттарды талдай білуі, бағалай алуы;
білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестікке түсе алуы;
өзінің стратегиялық қырағылығын көрсете білуі.
Осы проблеманы зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін қорытындылау болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың үш деңгейін (жоғары, орта және төмен) көрсетуге мүмкіндік берді:
Төмен деңгей
Басқарушылыққа, құндылықтарға қызығушылығы жоқ. Педагог-менеджер болуға ұмтылысы байқалмайды. Оны қажет етпейді. Басқарушылық құзыреттілігі саласынан білімі төмен. Оның құрылымын, мазмұнын білмейді. Педагог-менеджердің құндылықтарын (эмпатия, рефлексия, толеранттылық, шеберлікжәне т.б.) білмейді. Топтық іс-шараларда, сыни жағдаяттарда басқарушылық таныта алмайды. Өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін, амал-тәсілдерін талдауға ұмтылмайды, өздігінен бағалай алмайды. Басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерімен өзараәрекеттестікке түсе алмайды.
Орта деңгей
Басқарушылыққа қызығушылығы бар болғанымен, құндылықтарға мән бермейді. Педагог-менеджер болуға талпынады, бірақ оның маңызын, әлеуметтік мәнін түсінуі жеткіліксіз. Басқарушылық құзыреттілік түрлерін, құрылымын, мазмұнын біледі. Педагог-менеджердің атқаратын қызметінен хабары бар. Педагог-менеджердің құндылықтарын (эмпатия, рефлексия, толеранттылық, шеберлік және т.б.) біледі. Бар түсініктерін күнделікті іс- әрекетте көрсете алмайды. Осы саладан практикалық іскерліктерді айтарлықтай біледі, бірақ тұрақты көрсете алмайды. Өзіне сенімділігі аз, сол себепті сыныпқа, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға ықпал ете алмайды. Өздігінен шешім қабылдауға талпынады. Топта басқарушылық танытады. Топтық іс-әрекеттерде ішінара жекелік таныта алады. Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін, амал- тәсілдерін ішінара түсінеді. Бірақ оларды талдау, бағалау барысында өзгелердің көмегіне сүйенеді.
Жоғары деңгей
Басқарушылыққа, құндылықтарға қызығушылығы айқын байқалады. Оның қоғам сұранысынан, әлеуметтік тапсырыстан туындап отырғанын, мұғалім үшін мәнділігін толық түсінеді. Осы салада тұрақты қызығушылығын, білімдерін таныта алады. Басқарушылық құзыреттілігі саласынан білімі жеткілікті. Басқарушылық құрылымын, мазмұнын, құндылықтарын жақсы меңгерген. Педагог-менеджердің атқаратын рөлін, қызметін толық біледі. Оларды практикалық, өмірлік іс-әрекеттерінде көрсетуге ұмтылады. Топтық іс- шараларда басқарушылығы анық көрінеді. Өзіне сенімді. Проблемаларды өздігінен шеше алады. Топқа ықпал ете алады, оларды соңынан ерте алады. Сыни жағдаяттарда басқарушылығын батыл, ерік-жігерімен танытады. Жаңа идеялар ойлап таба алады. Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін жете түсінеді. Сыни жағдаяттарда басқарушылық амал-тәсілдерді қолданады. Оларды өздігінен талдайды және бағалайды. Басқару іс-әрекетінде субъектілермен өзараәрекеттестікті анық көрсетеді. Өзінің ізгілікті бағытын, стратегиялық қырағылығын көрсете біледі.
Ал енді, модельдің төртінші бөлігі ол – ұйымдастырушылық. Мұнда педагогикалық іс-әрекеттегі студенттердің басқару құзыреттілігін қалыптастыруда оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарының маңызды екендігі көрсетіледі. Бұдан басқа, аталған қалыптастыруды ұйымдастыру кезеңдерін, мазмұндық блокты даярлау жұмыстарын, эксперимент субъектілерін анықтауды қамтиды.
Педагогикалық университеттегі студенттердің басқару құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі белгілі бір педагогикалық шарттарды ұстанғанда ғанатиімді болуы мүмкін.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте анықталғандай, «шарт - бұл басқа нәрсе (шартты түрде) маңызды, объектілер кешенінің маңызды компоненті, оның қатысуымен бұл құбылыстың орындалуы міндетті» [161, с. 67]. Бұл шарттарды түсіндіру зерттеу объектісінің себеп-салдарлық жағдайларынан талап етіледі.
Н.М.Борытко «педагогикалық шартты» педагогикалық үдерістің бағытымен байланысты белгілі бір дәрежеде белгілі бір нәтижеге жетуді саналы түрде білдіретін сыртқы жағдай деп түсіндіреді [152, с.46]. Біздің зерттеуімізде бұл нәтиже болашақ мұғалімнің басқару құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. В.И.Андреевтің пайымдауынша, педагогикалық шарттар «контент элементтерін құрастыру мен қолданудың мән-жайлары; әдістер (әдістемелер), сондай-ақ ... мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ұйымдастыру формалары, құралдар және т.б.» [164, с. 124].
Педагогикада «шарттар» оқиғалардың себептері ғана болып қоймайды, сонымен қатар бір мезгілде олар сол себеп-салдардың әсерін күшейтеді немесе әлсіретеді.
В.И.Андреев педагогикалық шартты «жағдайды, қазіргі жағдайды, білім берудің пайда болатын жағдайын анықтау. Оларды қоғамда анықталған сыртқы шарттар және білім берудің өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін- өзі басқару қабілетімен анықталатын ішкі шарттар» деп бөледі [165, с. 327]. Ю.К.Бабанский педагогикалық шартты жағдайға байланысты объективті мүмкіндіктер жиынтығы, білім беру үдерісімен бірге жүретін жағдайлар мен шаралардың белгілі бір түрде құрылымдалғаны және мақсатқа жетуге бағытталғаны деп түсінеді [166, с. 327].
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып, болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын – оның басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыздандыруда жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі іс-әрекеттерінің кіріктірілуінде жүзеге асуға міндетті шарттардың жиынтығы деп қарастырамыз.
Диссертациялық жұмыста өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес педагогикалық шарттарды анықтау барысында алдымен, біздің зерттеуімізге жақын келетін еңбектерде айқындалған педагогикалық шарттар түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Мәселен, Н.В.Мосина университетте болашақ мамандардың денешынықтыру және спорт саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға арналған педагогикалық шарттар кешенін былай анықтайды:
«университетте танымдық, практикалық және профессор-оқытушылар құрамының іс-әрекеттеріне студенттерді белсендіру. Бұл шарт оқытушылармен бірлікте жұмысты жүзеге асырады (әдістемелік семинарлар, семинарлар, кураторлардың кездесулері, интербелсенді кездесулер (оқыту семинарлары мен брифингтер), жеке кеңес беру, әкімшілік кездесулер (факультеттің ғылыми кеңесі), студенттермен жұмыс істеу (іскерлік ойын түрінде, эвристикалық әңгімелер, аудитория, дербес және ортақ ғылыми-зерттеу жұмысы);
университеттің оқу үдерісінде педагогикалық және басқарушылық рефлекцияны қолдану.Басқарушылық қызметтегі рефлексия профессор- оқытушылар құрамының басқарушылық қызметін, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, кәсіби проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруді өздігінен талдауы керек;
студенттердің жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасы. Бұл жағдай мына нысандар арқылы жүзеге асырылады: бірлескен ғылыми конференциялар өткізу, оқу орындарында және балалар сауықтыру лагерінде педагогикалық тәжірибеден өту, университетте, қалалық, аудандық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу» [167, с. 13]. Дегенмен, біздің ойымызша, автор таңдаған шарттар педагогикалыққа қарағанда, ұйымдық жағдайға көбірек ұқсайды. Сонымен қатар, автор болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін психологиялық жағдайды ұсынбағанын атап өткен жөн.
И.А.Елисееваның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру үшін әзірлеген моделінде келесі шарттар анықталды:
«басқарушылықты оқыту қажеттілігі, басқарудың жетіспеушілігін және белгілі бір кәсіби мәселелерді шешуде әдістерді жетілдіруді, маңызды нәтижелерге жету ықтималдығын бағалауды, сондай-ақ оқытудан кейінгі қиындықтарды болдырмау мүмкіндігін бағалауды ескеру;
жаңа білім мен әдістерді меңгеру үшін қажетті уақыт пен күш-жігерді басқару және бағалаудағы менеджерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқарылатын оқу орнының әлеуетін бағалауға байланысты ішкі оқыту мүмкіндіктерін субъективті бағалау;
хабардар болу деңгейі, олардың тиімділігі мен қажеттіліктерге қаншалықты сай екендігі анықталған, қолжетімді білім беру қызметтері мен оқыту мүмкіндіктерін субъективті бағалау» [168, с. 8].
Автор әзірлеген басқару құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық шарттары білім беру мекемелерінің басшыларымен немесе педагогикалық қызметтегі тәжірибесі бар мұғалімдермен жұмыс жасағанда пайдаланылуы мүмкін, алайда студенттердің басқару құзыреттілігін қалыптастыру үшін пайдаланылмайды. Бұл жоғарыда аталған жағдайлар оқыту тақырыбы бойынша жоғары дәрежеде көрсетілуін, сондай-ақ олардың қызметіндегі басқару құзыреттілігінің жетіспеушілігін білдіреді.
О.П.Денисова басқаруға психологиялық дайындықтың психологиялық шарттарын төмендегідей бөлді:
-«басқарушылық қызметке эмоционалды-құндылықты қалыптастыру және адамдар арасындағы ішкі тұлғалық қарым-қатынас;
-өзін-өзі басқарушылық қызмет субъектісі ретінде тану қабілетін арттыратын рефлексиялық позицияны дамыту;
-кәсіби қызметтің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыру» [169, с. 74].
О.П.Денисованың айтуынша, болашақ менеджерлерді басқару үшін психологиялық даярлықты қалыптастырудың педагогикалық шарттарына мыналар жатады:
«басқарушылық қызметтің ерекшелігі мен мазмұны туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету;
-басқару психологиясы саласында білім алуды, қабілеттерді және дағдыларды әртүрлі оқыту формалары арқылы қалыптастыру» [169, с. 74-75]. Психологиялық-педагогикалық шартқа байланысты О.П.Денисова оқу үдерісінде «оқушылардың психологиялық дайындықтың қажетті деңгейіне
жетуіне» кепілдік беретін шаралар кешені деп түсінеді» [169, с. 74]. Болашақ менеджерлерге арналған автор ұсынған психологиялық-педагогикалық шарттар қалыптасқан және мақұлдаудан өткен, оларда басқарушылық аспект басқару қызметінде жетекші болып табылады. Оның үстіне, біздің зерттеуіміз үшін авторлық идея «педагогикалық шарттар сыртқы сипаттармен (сыртқы жағдайлармен) байланысты құрылса, ал психологиялық шарттар ішкі сипатқа байланысты болады» [169, с. 74].
О.Ю.Заславскаяның айтуынша, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру үшін «басқару құзыретінің негізгі компоненттерін дамытуға арналған шарттарды жасау қажет:
басқарушы құзыреттіліктегі басым компоненті негізгі ойлау операцияларын (талдау, синтездеу, бағалау және т.б.) белгілі бір деңгейде меңгеру [170, с. 23];
белгілі бір тапсырманы немесе тапсырманы шешу үдерісін іске асыру қажет болған кезде проблеманы шешу жағдайында жұмыс істей білу;
өзінің оқу жұмысын құра білу, оны басқару, өзіндік құндылықтарын және оны орындау кезіндегі кемшіліктерін сезіну қабілеті;
педагогтың рефлексиясын дамыту» [170, с. 23].
Мұнда автордың әзірлеген шарттары сипатына қарай педагогикалық болып табылатынын айта кету керек, себебі олар тек мұғалімнің білімдерін, дағдыларын және операцияларын меңгеруге бағытталған. Сонымен бірге, бұл шарттар мұғалімнің жеке сипаттамаларын ескермейді, яғни олар басқару құзыретінің функционалдық құрамын қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру деңгейлері авторда былай сипатталды. Бірінші деңгей – болашақ басқару құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған бастапқы кәсіби бағдарлау деңгейі. «Бұл деңгейде басқарушылық қызметтің және ресми кәсіби сәйкестендірудің алғашқы мотивациясы студент бірінші ресми индикаторлар негізінде болашақ мамандығымен танысқан кезде пайда болады. Екінші деңгей – кәсіби дайындық деңгейі, кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттер бағдарламасын терең түсіну, нақты мектептегі тәжірибені ескере отырып, басқарушылық білімді, білік пен дағдыларды түзету, жинақталған кәсіби және басқарушылық қасиеттерді тұрақтандыру. Келесі деңгей – педагогикалық тәжірибе бойынша мұғалімнің кәсіби дайындығына қойылатын жаңа талаптарға қанағаттанбаудан және педагогикалық тәжірибе бойынша мұғалімнің кәсіби дайындығына жаңа талаптардан хабардар болу» [171, с. 30-31]. Осы деңгейлердің әрқайсысында мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінде өзгеріс жүреді. Осылайша, О.Ю.Заславскаяның айтуынша, «басқарушылыққа даярлау процесі көп деңгейлі жүйелі және тұрақты сипатқа ие болады» [171, с. 31].
Ал, отандық ғалым Т.М.Баймолдаев мектеп басшысының басқару ісіне даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын төрт топқа бөліп қарастырады:
мектеп басшысының кәсіптік-оқыту әрекетін қоғамның сұранысына, білім беру жүйесіндегі өзгерістердің логикасына қарай ұйымдастыру; 2) білім
мазмұнын басшының басқару әрекетінің технологиясына сәйкестендіре үйлестіру; 3) мектепте пайдаланылатын жаңашыл технологияларды ғылыми тұрғыда негіздеу; 4) шығармашылық ізденіске бағдарлау [172].
Әрине, Т.М.Баймолдаевтың еңбегі біріншіден орта білім басшыларына арналғандықтан, екіншіден теориялық-әдіснамалық еңбектер қатарында саналатындықтан, педагогикалық шарттарды жоғарыда аталғандай ғылыми негізде беру заңды. Осы шарттар басқа зерттеулерде практикалық тұрғыдан нақтыланып, зерттеу нысандарына қарай пайдаланылуы мүмкін.
Р.С.Сеитова педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің коммуникативтік-басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын үшке бөліп анықтайды: бірінші педагогикалық шарты тұрғысынан студенттердің коммуникативтік-басқарушылық құзыреттілігінің мазмұныны құрайтын білімдер, іскерліктер, кәсіби тұлғалық мәнді сапалардың қалыптасу үдерісін үздіксіз өзіндік бақылауына мүмкіндік беретін – болашақ мұғалімдердің рефлексиялық белсенділігін көтеруді қарастырады. Бұл студенттердің оқу іс-әрекеті мен олардың нәтижелерін рефлексиялық орта есебінен, рефлексиялық іс-әрекет негізінде өткізуді көздейді. Екінші шарты – студенттердің өздігінен білім алу іс-әрекеттерін басқару болса, үшінші шартын – білім беру үдерісі субъектілерінің диалогтік өзара әрекеттестігін ұйымдастыру [173].
Біздің пайымдауымызша, осы шарт оқытушы мен студенттің біргеліктегі іс-әрекетін жүргізуде қолайлы жағдайдың құрылуы нәтижесінде соңғысының яғни, болашақ мұғалімнің коммуникативтік-басқарушылық құзыреттілігінің тиімді қалыптасуына ықпал ететіндігі анық.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген ғалымдардың болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы анықтаған педагогикалық шарттарын талдай отырып, біз олардың ой-пікірлерінің бір-біріне қайшы келмейтіндігін байқадық. Керісінше бірін бірі толықтыра түседі. Мәселен, В.М.Мосина ұйымдастырушылық шарттарға ерекше көңіл бөлсе, И.А.Елисеева болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың шарттарын анықтауда олардың теориялық білім деңгейіне баса назар аударады, ал О.П.Денисова олардың осы саладан психологиялық тұрғыдан даярлануына лайықты шарттарды жасайды. О.Ю.Заславскаяның айқындаған педагогикалық шарттарында басқарушылық құзыреттілік қалыптасуының деңгейлеріне (кәсіби бағдарлануы, кәсіби даярлығы және тәжірибелік деңгей) аса мән берілуін біз қолдаймыз. Т.М. Баймолдаев басқарудағы педагогикалық шарттарды ғылыми негізде ұсынған болса, Р.Сеитова болашақ мұғалімнің коммуникативтік- басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда рефлексиялық белсендіруді оқу іс-әрекеттері негізінде ұйымдастыруға, диалогтік қатынас формаларына басымдық береді. Осы талдаулар нәтижесінде біз өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес педагогикалық шарттарды анықтаймыз.
параграфта айтып өткеніміздей, диссертацияда басқару ұғымын субъектілердің өзара әрекеттестігі деп қарастырғандықтан, шарттарды түзгенде де осы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттестік мәселесіне мән береміз.
Сонымен біздің көзқарасымызша, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың бірінші шарты – білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесуін формалармен, құралдармен қамтамасыздандыру. Біріншіден, білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесу оқу іс-әрекеті үлгісі мәнмәтінінде орын алады.
Ол студенттерге мыналарды ұсынады:
жасанды жағдайларда емес, нақты проблемалар бойынша жұмыс істеу;
оқытушының берген білімін меңгеріп қана қоймай, нақты мәселелерді талдауға, оларды шешуге және талқылауға қатысу арқылы үйрену;
нақты жағдайлардың контексінде әртүрлі шешімдерді таңдау және қабылдау үшін түрлі дерекқорлармен жұмыс жасау;
сыни тұрғыдан ойлауды үйрену және шешім қабылдауға жауапкершілікпен қатысу.
Екіншіден, басқару құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тиімділігі оқыту мен оқудың жаңа міндеттеріне сәйкес келетін және білім беру қарым- қатынастарының коммуникациялық құрамдас бөлшегі ретінде ерекше маңызға ие болған, студенттердің ұйымдастыруымен және басқару арасындағы қарым- қатынастың әртүрлі қырларын анықтауға бағытталған гуманитарлық оқыту әдістерін қолданумен тікелей байланысты аудиториядағы топтық жұмыс, командалық жұмыс, қызметті жобалау қабілеті. Гуманитарлық технологиялар заманауи қарым-қатынастың барлық артықшылықтарын біріктіре алады, сонымен қатар олар қарым-қатынасын, ұстанымдарын, мамандықты және қызметтің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, басқаруды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеке мағына береді. Біз зерттеуімізде кейс арқылы оқыту, іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі арқылы оқытуды бөліп көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |