6.1. Ажарлауыш білдектердің негізгі түрлері мен белгілері
Металлкескіш білдектер қажақты құралмен дайындамаларды өңдеу үшін ажарлайтын, жылтырататын, жетілдіретін және қайрайтын білдектер тобын құрайды.
Ажарлайтын білдектер өңделетін беттің Ra 1,25...0,02 мкм кедір бұдырлығын қамтамасыз етеді. Ажарлау білдектеріне дайындамалар ең алдымен механикалық және термиялық өңдеуден өтіп, минималды әдібін алу үшін өңдеуге жіберіледі. Дайындаманы ажарлау бетінің пішініне және ажарлау түріне байланысты бөледі: сырты дөңгелек тәрізді пішінді ажарлау үшін дөңгелек ажарлау білдектері (орталандыратын және орталандырылмайтын); іші дөңгелек тәрізді пішінді ажарлау үшін ішкі ажарлау білдектері (орталадыратын және орталандырылмайтын); ажарлау дөңгелегінің шетін және бүйірін өңдеу үшін жазық ажарлау білдектері.
Ажарлау білдектерінің негізгі түрлерінің жалпы көрінісі 6.1 суретте көрсетілген. Қажақты құралмен жұмыс істейтін білдектер моделдері цифрлармен және әріптермен белгіленген. Ажарлау білдектер тобы 3 санымен белгіленген (модельді білдіретін бірінші сан). Екінші сан бәлдек түрін көрсетеді: 1 – дөңгелек ажарлау білдектері; 2 –ішкіажарлау білдектері; 3 – сыдырып – ажарлау; 4 – арнайы ажарлау білдектері; 5 – қаралмаған; 6 – қайрайтын; 7 – жазықажарлау тікбұрышты немесе дөңгелек үстелімен; 8 – ысқылайтын және жылтырататын; 9 – арнайы көпжақты құралмен жұмыс істейтін білдектер. Егер білдек құрылымы жетілдірілген болса, онда олжаңа ұрпаққа жататын білдек, және оның шартты белгісіне әріп енгіземіз (мысалы,3А64). Үшінші сан білдектің негізгі техникалық сипаттамасын көрсетеді.
Сериялы жасылатын білдектерден басқа білдек жасайтын зауыттар арнайы білдектер шығарып, оларға шартты зауыттық нөмір береді – білдектің паспортінде қосымша ақпараттар болады.
Ажарлау білдегінде басты кесу қозғалысы ажарлау дөңгелегінің айналуында. Оның дөңгелеу жылдамдығы (басты кесу қозғалысының жылдамдығы), м/с, V=35…60 м/с, жоғары жылдамдықты ажарлауда V=80...120 м/с.
Достарыңызбен бөлісу: |