Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Бұрғылау білдектерінде өңдеу технологиясы және әбзел



бет22/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

6.5. Бұрғылау білдектерінде өңдеу технологиясы және әбзел.

Бұрғылау білдектерінде тек бұрғылап қана қоймай, сонымен қатар саңылауларды ары қарай өңдейтін технологиялық операцияларда орындауға болады. Қазіргі уақытта бұрғылау білдектерінде келесі жұмыстарды жүзеге асыруға болады:



  • Өтпелі және тұйық саңылауларды бұрғылау (6.9, а - сурет);

  • Саңылауды үлкен диаметрге қайта бұрғылау (6.9, б - сурет);

  • Саңылауды жоғары квалитетпен және жоғары кедір – бұдырлық параметрімен алу үшін үңгілеу(6.9, в - сурет);

  • Бұрғыланған саңылау негізінде бұранда және бұрама бастиектеріне арналған жазық түпті ұяны үңгіштеу(6.9, г - сурет);

Сурет 6.9. Бұрғылау білдектерінде орындалатын жұмыстар:

а- бұрғылау; б – қайта бұрғылау; в – үңгілеу; г – үңгіштеу; д – ұңғылау; е – жаю; ж – ішкі бұрандаларды кесу; з – бүйірлерді тіліктеу (ұң жоңғылау)


  • Өңделетін беттің жоғары ділдігін және жоғары кедір бұдырлығын қамтамасыз ететін цилиндрлі және конусты саңылауларды ұңғылау (6.9, д - сурет);

  • Тығыз және тегіс саңылау бетін және де кедір – бұдырлығы Ra 0,63...0,8 мкм алу үшін шынықтырылған болаттан жасалған шығыршықты немесе шарикті арнайы құрал – біліктермен жаю (6.9, е - сурет);

  • Бұрандаойғыштармен ішкі бұрандаларды кесу (6.9, ж - сурет);

  • Саңылау осіне перпендикуляр тегіс бетті алу үшін сыртқы және ішкі құйылмалардың бүйірлерін тіліктеу (ұң жоңғылау)(6.9, з - сурет);

Бұрғылау білдектерінің технологиялық мүмкіндіктері жоғарыда айтылған жұмыстармен шектелмейді.Оларда қуыс тойтармаларды шырқ айналдырып, көп жақты саңылауларды өңдеуге және басқа операцияларды орындауға болады.

Бұрғылау білдектерінде саңылауларды әр түрлі кесуші құралдармен өңдейді: бұрғылармен, үңгуіштермен, үңгішпен, ұңғылағыштармен, кескіштермен және бұрандаойғыштармен.

Бұрғылау білдектерінде саңылауды өңдеуге арналған құралдардың жіктелуі және олардың кесу режімдері 2 – бөлімінде нақты келтірілген.

Бұрғыны, ұңғылағышты, үңгішті және басқа да кесуші құралдарды бұрғылау білдегінің айналдырығына бекіту үшін келесі қосалқы құралдарды қолданады: өтпелі бұрғылау төлкесі; бұрғылау қысқысы, құрадл біліктер және т.б.

Өтпелі конусты төлкелер құралдың артқы ілмегінің конусының нөмеріне сәйкс келмеген жағдайда конусты артқы ілмекті кесуші құралды бекіту үшін қызмет етеді. Мысалы, жону – бұрамакескіш бідектерінде ( 4 – бөлімін қараңыз).

Өтпелі төлкелердің ішкі және сыртқы беттерін МСТ 8522 – 70 бойынша 0 – ден 6 – ға дейінгі жеті санды Морзе конусымен орындайды. Төлкені бұрғымен бірге білдек айналдырығының конусты ұясына орналастырады.Егербір төлке жеіспесе, онда бірінші өтпелі төлкелерді қолданады.

Бұрғылау қысқылары диаметрі 20 мм –ге дейінгі цилиндрлі артқы ілмекті кесуші құралды бекіту үшін қолданылады.

Үш жұдырықшалы бұрғылау қысқыларда құралдар кілттермен бекітіеді (6.10, а - сурет).Қысқы тұрқысының ішінде (6.10, б - сурет) сомынмен2 біріккен бұрандасы бар үш жұдырықша 1 көлбей орналасқан. Құрсаманы 3 қысқы тұрқысының саңылауында орналасқан арнайы кілтпен 4 айналдырады. Құрсаманың сағат тілімен айналуы кезінде онымен бірге сомын да айналады.



6.10 – сурет. Цилиндрлі артқы ілмекті бұрғыларды бекітуге арналған бұрғылау қысқылары:

а- дайындаманы қысуға арналған кілті бар қысқының жалпы түрі; б – қысқы құрылғысы: 1 – жұдырықшалыр; 2 – сомын; 3 – құрсама; 4 – кілт.

Қысқыш жұдырықшалар төмен түсе отырып біртіндеп жақындайды және бұрғының немесе басқа кесуші құралдың йилиндрлі артқы ілмегін қысады. Құрсаманың сағат тіліне қарсы айналуы кезінде жұдырықшалар жоғары көтеріле отырып алшақтайды және қысылған құралды босатады.

Екі жұдырықшалы брғылау қысқыларында құралдың артқы ілмегін екі жұдырықшаны тұрқының Т – тәрізді ойықтарына жылжыта отырып бекітеді. Бұл жұдырырықшаларды оң жіне сол бұрандалары бар бұрама көмегімен жақындатады және ажыратады.

Аз диаметрі цилиндрлі артқы ілмекті бұрңыларды қысу үшін көбінесе цангілі қысқылар қолданылады.

Жылдамауысымды бұрғылау қысқыларын бұрғылау білдектерінде жұмыс жасау кезіндегі қосалқы уақытты қысқарту үшін қолданады. Олар білдекті өшірмей кесуші құралды ауыстыруға мүмкіндік береді. Осындай конуты артқы ілмекті кесуші құралды бекітуге арналған қысқылардың бірі 6.11, а – суретте көрсетілген. Цилиндрлі артқы ілмекті бұрғыны қысқының конусты саңылауына 6 бекіту үшін өтпелі конусты кескіш төлкені орнатады (6.1, б - сурет). Соңғы уақыттарда сериялы және жаппай өндірісте диаметрі 10 мм – ге дейінгі цилиндрлі артқы ілмекті бұрғыларды бекіту үшін осындай төлкелер кеңінен қолданылады. Бұрғылау білдегінің айналдырығына орнатылған бұл төлке бұрғының қатаң бекітілуін қамтамасыз етеді.

Өздігінен орнығатын бұрғылау қысқылары саңылауды алдын ала бұрғылап өңдеу кезінде қолданылады. Қысқылар кесуші құралды өңделетін саңылау осі бойынша орталықтандыруға мүмкіндік береді.

Қорғағыш қысқылары бұрғылау білдектерінде бұранданы кесу кезінде бұрандаойғышты бекіту үшін қызмет етеді.

Мұндай қысқыларды қолдану кесілетін бұранданың сапасын көтереді және бұрандаойғышты сынудан қорғайды (6.12 - сурет)



Еркін отырған жиекқұрсау 7 жетекші жұдырықшалы жарты жалғастырғыш 5 жетектегі жалғастырғыштарға 2 және 4 серіппемен 6 қысылады. Жартыжалғастырғыштың 4 бүйірінде орналасқан жұдырықшалар 3 2 – ші және 5 –ші жалғастырғыштардың ойысына кіреді де оларды қозғалысқа әкеледі. Жартыжалғастырғыштың саңылауының 2 және 4 бұранда кесілуінің аяқталуымен бірге бұрандаойғыштың да айналуы аяқталуымен бірге бұрандаойғыштың да айналуы аяқталады, ал жартыжалғастырғыш 5 2 – ші және 4 –ші жартыжалғастырғыштардың ілінісінен шығып айнауын жалғастыра отырып сырғанай бастайды.

6.11. сурет. Тезауысымды бұрғылайтын қысқы (а) және цилиндрлік артқы ілмегі бар бұрғыларды бекіту үшін арналған конустық төлке (б):



1 – қысқының тұрқысы; 2 – ауысымды төлке; 3 – шариктер; 4 жалғастырғыш; 5 – сақина; 6 – жиекқұрсау;

Сурет 6.12. Толық және жарты саңылаулардың бұрандаларын кесіп алу үшін қорғауыш қысқылар:

1 – бұрандаойғышты бекітуге арналған сақина;

2,4 – жетектегі жартыжалғастырғыш; 3 – жартыжалғастырғыштың жұдырықшалары; 5 – жетекші жұдырықшалы жарты жалғастырғыш; 6 – серіппе; 7 – жиекқұрсау; 8 – реттелетін сомын.



Сурет 6.13. Құралды білдектің айналдырығынан шығаруға арналған сыналар: а – жазық сына; б – радиусты сына.



Сурет 6.14. Кесуші құралды білдектің айналдырығынан шығаруға арналған эксцентриктік кілт.

Білдектің айналдырығының қарсы айналуымен бұранда кесілген саңылаудан бұранда ойғышты дұрыстайды. Қысқыда бұрандаойғышты бекіту үшін сақина 1 қызмет атқарады.

Кері бағыты жоқ бұрғылау белдігінде бұранда кесу барысында қос бағытты қысқылар қолданылады (айналдырықтың қарсы бағытта айналуын қамтамасыз ететін құрылғы).

Олардың көмегімен кесіліп алынған саңылаулардан бұрандаойғыштарды дұрыстайды. Бұрғылау білдегінің айналдырығында бекітілетін ұңғылағыштар үшін тербелетін жиекқұрсаулар қолданылады. Олар құралға өңделетін саңылаулардың осіне сәйкес келетін жағдайға мүмкіндік береді.

Кесуші құралды, өтпелі төлкелерді және бұрғылайтын қысқыларды білдектің айнадырығының саңылауынан арнайы сыналардың немесе эксцентриктік кілттердің көмегімен шығару ұсынылады (сурет 6,14)

Өңделетін дайындамаларды дұрыс орнату және бекіту үшін бұрғылау білдегінің үстелінде әр түрлі айлабұйымдар қолданылады, олардың көп таралғаны машиалық қысқылар (бұрамалы, эксцентрлік және пневматикалық), призмалар,тіреуіштер, бұрыштықтар, кондукторлар, арнайы айлабұйымдар және т.б болып табылады.

Бұрамалы машиналық қысқылар бірлік өрісінде кең қолданылады, ол пневматикалықтарды жаппай және сериялық өндірісінде әр түрлі топтағы білдектермен жұмыс барысында жиі қолданылады.



Иінтірек – жұдырықшалы қысқышы бар тез іс – әрекет ететін машиналық қысқылар бұрғылау білдектерінде жұмыс барысында қолданылады. Олар дайндаманы тез қосуын қамтамасыз етеді. Жазық бағыттаушысы бұрылатын бөлігінде 2 жылжымалы еріннің 5 табаны 9 орнатылған. Қысқыштармен еріндердің арасындағы аралықты өңделетін дайындаманың өлшеміне байланысты трапециялық бұрандамасы бар бекітілетін бұрамамен 4 реттеледі.

Сурет 6.15. Иінтірек – жұдырықшалы қысқышы бар тез іс – әрекет ететін машиналық қысқылар:

1 – тұрқы; 2 – бұрылатын бөлік; 3 – қозғалмайтын ерін; 4 – бұрама; 5 – ерін; 6 – тұтқа; 7 – эксцентриктік білік; 8 – екілік жұдырықша; 9 –табан.

Ерін 5 иінтірек түрінде орындалған, оның соңына зксцентриктік білікшенің 7 екілік жұдырықшасы 8 әрекет етеді. Ол тұтқаның 6 көмегімен жылжыйды. Тұтқаның еріні 5 мен жұдырықшасына 8 табан 9 тіреу жұмысын атқарады. Өңделетін дайындаманы қысу үшін тұтқаны 6 горизонтальды жағдайға қою керек.

Дайындаманы орнатып және құралдың өңделетін саңылаудың осіне байланысты дұрыс жағдайын қамтамасыз ету үшін бұрғылау білдектерінде кондукторлар қолданылады.

Кесуші құралды бағыттау үшін кондуктордың тұрқысында кондукторлық төлкелер бар, олар саңылаудың сәйкес сызбамен өңделуін қамтамасыз етеді. Бұл төлкелердің құрылымы мен өлшемдері стандартталған. Тұрақты (саңылауды бір құралмен өңдеу барысында шағын сериялы өндірісте кондукторларда қолданылады) және тез ауысымды құрылымы бар (ірі сериялы және жаппай шығару өндірісіндегі кондуторлар үшін) төлкелер болады. Төлкелерді У10А немесе 20Х боаттарынан жасайды және қажетті қаттылықты беру үшін термиялық өңдеуден откізеді.

Төлкенің тозуын және жылжып кетуін азайту үшін өңделетін саңылаудың құралында пайда болатын қисаюға байланысты төлкеде оның астыңғы бүйірімен дайындаманың беті аралығында саңылау қалтырады. Нәтижесінде жоңқа төлке арқылы өтпей жанына лақтырады. Шойынды бұрғылау барысында 0,3...0,5 d саңылауын орнатады, d – төлке саңылауының диаметрі.

Болатты және жабысқақ материалдарды бұрғылау барысында саңылауды жоғарылатады.(мыстардың, алюминилердің және басқа да қорытпалар).



Сур 6.16. Конструкторлық төлкелер:

а-тұрақты; б – тез ауысымды.

Конструкторлы тақталар – олар конструкторлық төлкелерді саңылауға бекіту үшін жұмыс атқарады.

Конструкторлық тақталардың тұрқымен қосылуымен байланысты тұрақты, аударылатын, алынғыш, ілінетін және көтерілетін болып бөлінеді. Тұрақты тақталарды толыққанды кондуктор тұрқысымен немесе бұрамамен жасап шығарады. Аударылатын тақталар өңделетін бөлшекті бекіту және алу барысында кондуктордың тұрқысының осіне байланысты айналады. Алынатын тақталарды тұрқысынан бөлек жасап шығарады.

Ілінгіш кондукторлық тақталарды екі бағыттаушы оқтаулардың төменгі шетіне бекітеді де сомынмен бекітеді. Оқтаулардың жоғарғы шеттері білдектің айналдырығының арғанасына бекітілген төлкелердің саңылауына еркін кіреді. Олар тұрқының копайналдырықты бұрғылайтын бастиегіне баспақталған. Көтерілген кондукторлы тақталардың шеттерінде екі саңылау болады, оларды екі бағыттаушыоқтаулардың жоғары шеттеріне бекіту барысында қолданылады. Бекітілген тақтайларды сомынмен қатайтады.Бағыттаушы оқтаулардың төменгі шеттері кондуктордың тұрқысының саңылауына кіреді. Бағыттаушы оқтаулардың көтерілуін және түсірілуін кондукторлық тақталармен бірге пневможетекпен жасайды.

Кондукторларды қолданудың арқасында белгі жасаудың қажеттілігі жоқтығында, орталандыратын саңылауларды салмауға, бекіту барысында дайындамаларды дұрыстауға және белгі бойынша бұрғылауға байланысты басқа да операциаларды жасамауға мүмкіндік береді және жұмысшының шаршауын төмендетеді және т.б. сондықтан оларды сериялы және жаппай шығару өндірістерінде кеңінен қолданылады. Кондукторларды құрылымына байланысты бөледі: бастырмалы, сырғитын, аудармалы және бұрылатын.

Бастырмалы кондукторлардың екі түріболады:

Бекітілетін және бекітілмейтін. 6.17 суретінде төрт саңылауды 6 бұрғылау үшін бекітілмейтін бастырмалы кондуктордың сұлбасы көрсетілген. Өңделетін дайындаманы айлабуйымның 5 бетіне базалық бетімен бекіту үшін бұрғыланатын саңылауларды бұрғының жұмысшы беріліс бағыттаушысын осіне сәйкес келтіріп вертикаль түрінде орналастырады. Осы бекіткен жағдайдан кейін дайындамаға кондукторлық тақтаны бастырады. Саңылаудың осіне байланысты екі бекітетін саусақтар 1 және 2 бағыттаушы төлкелердің 3 дұрыс жағдайын қамтаммасыз етеді.

Бұрғылайтын білдектерде қолданылатын, бұрылатын және және жылжымалы айлабұйымға нормальданған тіреуіштер, бұрылатын және жылжымалы үстелдер, қалыпты жағдайда қолданылатын саңылауды өңдеуге арналған алынғыш жұмысшы айлабұйымдармен бірге, өңделетін дайындаманы бұрылатын кондуктормен бекітіп және қатайту үшін және кесуші құралды бағыттау үшін қолданылады. Созылмалы планшайбалы горизонтальды айналу осі бар бұрылатын айлабұйымдарды бұрылатын тіреуіштер деп атау қалыптасқан, ол вертикаль айналу осі бар айлабұйымдарды – бұрылатын үстелдер деп атайды.



Сур.6.17. Бекітілмейтін бастырмалы кондукторлар:

1 және 2 – орнықтыру саусақтары;3 – бағыттаушы төлкелер; 4 – кондукторлық тақта; 5 – айлабұйымның базалық беті; 6 – саңылау.

Әмбебеп жиналатын айлабұйымдар (ӘЖА) көптеген зауыттарда қолданып, әр түрлі металкескіш білдектерде дайындамаларды өңдеу барысында бекіту жұмысын атқарады. (Мысалы: бұрылмайтын білдекте саңылауды өңдеу үшін) ӘЖА – ң қолдануы уақыт пен жабдықтың үлкен үнемділігін береді.

Көпайналдырықты бұрғылайтын бастиектер бұрғылайтын білдек үшін қосымша айлабұйым болып табылады.

Бұл бастиектер әр түрлі құралдармен бір уақытта бірнеше саңылау өңдеуге мүмкіндік береді, сондықтан бұрғылау білдектерінің шығару өнімділігін жоғарылатады.



6.18 – суретте алтыайналдырықта тапаншалы бастиегінің сұлбасы көрсетілген. Ол әр түрлі кесуші құралдармен саңылауды өңдеуге арналған. Бастиекте алынып салынатын айналдырықтарды бекітеді, олардың жетектері әр түрлі беріліс сандарынан тұрады. Осындай бастиектердің құрылымы вертикальды – бұрғылау білдегінде айналдырықтарының бұрылу барысында әр түрлі саңылауларды өңдеуге мүмкіндік береді: бұоғылау, үңгілеу, ұңғылау, бұранда кесу және шеттерді ұң жоңғылау.

6.18 – сурет. Алтыайналдырықты тапаншалы бастиек:

1 – орнықтырғыш; 2 – орнықтырғыш иінтірегі; 3 – жетекші жартылай жалғастырғыш; 4 – жалтырғыш иінтірегі; 5 – негізгі тұрқы; 6 – өзек; 7,8 – тіреуші бұрамалар; 9 – төрткілдеш; 10 – тісті дөңгелек;11 – конусты тісті беріліс; 12 – шаппа механизм; 13 – тісті тәж; 14 – бұрылмалы тұрқы; 15 – бастиек айналдырығы.

Әр айналдырықтың бастиегі келесі саңылауды өңдеу үшін сәйкес кесуші құралмен автоматты түрде вертикалды жағдайға бұрылады, осыдан білдектің және жылдамдықтың ауысуын тоқтаусыз жүзеге асыруға болады. Құралы бар айналдырықты жұмысқа қосу үшін білдектің сүйеу төлкесінде бекітілген револьверді бастиегі көтеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет