6.8. Ішкі бұранда кесіп алу технологиясы
Ең алдымен бұрандаойғышпен ішкі бұранда кесіп алу үшін саңылау болу қажет.
Егер дайындамадағы саңылауды құю немесе қалыптау жолымен алынса, онда ішкі бұрандаларды кесіп алу үшін шақтамалардың шекті өлшемдерін қамтамасыз ету қиынға соғады. Қысыммен құйып немесе модельдерге бақымалап дайындамалардың саңылауын алудан басқасы.
Ішкі бұрандаларды бұранда - ойғышпен ыңғайлы шарттарда алу үшін саңылауды бұрғылаумен немесе үңгілеуішпен дайындап беру қажет.
Бұрандаойғышпен алынған ішкі бұранданың диаметрі бұрғылаумен алынған саңылаудың диаметрінен үлкен болады.
Бұрғылаумен саңылау дайындау барысында брандаойғышпен бұранда кесіп алу үшін бұрғының диаметрін МСТ 19257 – 73 бойынша таңлап аламыз. Егер бұрғыланып алынған саңылаудың диаметрі берілген МСТ – ға сәйкес келмей кіші болса, онла бұрандаойғышқа жүктеме артып кетіп, бұранда жыртық болып, бұрандаойғыш сыналанып және сынып қалуы мүмкін. Егер бұрғыланған саңылау үлкен болып кетсе, онда бұранданың толық пішіні болмайды.
Бұрғылау білдектерінде ішкі бұранда кесіп алу үшін келесі ережелерге суйенуі қажет:
Құйып немесе қалыптау жолымен алынған саңылаулардан бұранда алмау ұсынылады. Бұл жолмен жолмен алынған саңылаулардан бұранда алу үшін ең алдымен кеңей қайта бұрлап немесе ұңғылау керек, себебі қажетті бұранда келетін диаметр алу үшін күйіктерден, отқабыршақтардан, қақталмалардан тазарту керек.
Ішкі бұранда кесу барысында бұрандаойғышты бұрғылау білдектерінің тербеленетін өзіорталандыратын қорғауыш, қысқымалы және қос бағытты қысқыларда бекіту қажет.
Бұранда кесуге дайындалған саңылаудың бұрандаойғыштың кіретін жағынан қиық жиек болуы қажет (бұрышы60о, биіктігі бұранданың бір қадамынан көп болмауы керек).
Бұрғылау білдектерінде бұранда кесу барысында айналдырықтың реттеліп жылжуына ерекше назар аудару керек, олардың қарама – қарсы салмақтары тең болуы керек, жеңіл жылжып, бұрандаойғыштың кесуі плавно болуы керек. Айналдырықтың жылжуы барысында үлкен осьтік күштемемен диаметрдін ортасында бұранда бұзылуы мүмкін;
Бұрандаойғыш үлкен жүктемелерді қабылдайды, сондықтан бұрандама кесу барысында суытатын және құралды майлау сұйықтарын қолдану керек. Операцияның соңында бұрандаойғышты қарсы бұрап алып шығу керек.Глухой және сквознойсаңылауларда бұранда кесу технологиясы әр түрлі болады.
Жартылай саңылаудың бұрандасын кесіп алғаннан соң бұрандаойғышты тек вывеньч- мғана алуға болады. Сондықтан бұрандаларды тек қос бағытты, ол қарсы бағытта айналатын, және де үлкен жылдамдықпен алынатын бұрандаойғышы бар білдектерде алады (уақытты үнемдеу үшін).
Егер бітеу саңылауды айналдырық айналымының бағытын өзгертетін қос бағытты механизмі жоқ білдекте кесетін болса, онда бұрандаойғыштарды бекіту үшін сәйкес келетін қорғағыш құралғасы барарнайы қос бағытты қысқыларды қолданылады. Бітеу саңылауды кесу кезінде бұрандаойғыш сынып қалмауы үшін, міндетті түрде арнайы қорғағыш қысқыларды қолдану керек.
Бітеу саңылауларды кесу үшін кішкене дуалды бөлігі бар (кесілетін бұранданың үш қадамына тең болатындай) машиналық бұрандаойғыштарды қолдану керек.
Кесумен нашар өңделетін аустенитті құралымды пластикалық легірленген болатта және де қызуға берік, титанды және жеңіл қорытпаларда бұранданы кесу осы жұмысты орындау кезінде есепке алынатын келесі сараланған ерекшеліктерге ие:
Егер дайындама қызуға төзімді қорытпадан болса, ол жеткілікті қатаңдыққа ие және оны білдек үстеліне орнату кезінде бұранда осінің базалық бетке перпендикулярлығын қамтамасыз етеді: онда бұранданы кондукторды қолданбай кесуге болады. Егер бұранда осінің базалық бетке перпендикулярлығы қатаң талап етсе, ал дайындаманың қатаңдығы және оның бідекке бекітілуі берілген дәлдіктің алынуын қамтамасыз етпесе, онда бұранданы кондукторды қолдана отырып кесу керек;
Қызуға төзімді қорытпадан жасалған дайындамада бұранданы кесу үшін тістері шахмат тәрізді орналасқан бұрандаойғыштарды қолдану керек. Өтпелі саңылауларды кесу үшін бір бұрандаойғышты, ал бітеу саңылауларға екі немесе үш жиынтықты бұрандаойғыштарды қолданады.
Қызуға төзімді қорытпалардан жасалған дайндамада бұранданы кесу кезінде бұрандаойғышты міндетті түрде суыту керек. Егер салқындатқыш сұйықтық сорғымен берілсе, онда оның құрамына кіруі керек: 60% сульфафрезол, 25% керосин және 15% амин қышқылы. Егер білдекте сорғы болмаса, онда 85% сульфофрезолдан және 15%амин қышқылынан тратын салқындатқыш сұйықтықты бұрандаойғышқа қалшақпен жағады немесе бұрандаойғышты осы сұйықтыққа батырады;
Салыстырмалы түрде біршама қатаңдыққа және жоғары созылымдылыққа ие, алюминилі және мырышты қорытпадан жасалған дайындамаларда бұранданы білдекте айналдырық берісінің мәжбүрлеу жылдамдығымен бұранда қадамы бойынша кесуді ұсынады.
Егер білдекте айналдырықтың мәжбүрлеу берісінің механизмі болмаса, онда оның теңдесетін жүктеменің азаюымен болатын жеңіл жүрісін қамтамасыз етуі тиіс. Қозғалмалы білдектердің үлкен массасы кезінде және үлкен осьті жүктемемен айналдырықтың жылжуы кезінде кесілетін бұранда көбінесе ортаңғы диаметр бойынша бөлінеді.
Силуменді қорытпалардан жасалған дайындамаларда жасалған дайындамаларда бұранданы кесу кезінде кесу жылдамдығы 1,2...1,5 есе жоғары болуы керек; ал салқындату – болатта бұранданы кесуден біршама қарқынды болу керек;
Жеңіл қорытпалардан жасалған дайындамаларды өңдеу кезінде бұрандаойғышты салқындату үшін керосинді қолдану жақсырақ; және де 8...10% эмульсияны қолдануға болады. Бұрандаойғышты маймен салқындатуға болмайды және де кесілген бұранданы жабысқан жоңқадан тазартуды қиындатады.
Аустенит класына жататын қиын өңделетін болаттардан және титан қорытпаларынан жасалған дайындамаларда М4 тен М30 дейінгі бұрандаларды кесу үшін тез кесетін болаттан жасалған жырашықсыз бұрандаойғышты қолдануы мүмкін. Мұндай бұрандаойғыштардың стандартталғандар мен салыстырғанда біршамаға жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |