6.7. Үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау технологиясы.
Бұрғылау білдектерінде саңылауды бұрғылау және кеңейбұрғылаудан басқа үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау операцияларын орындауға болады. Үңгілеу саңылау дәлдігін 9 – 11 квалитетке дейін және беттің кедір – бұдырлығын Rz40 – 10 мкм дейін алуға мүмкіндік береді және сопақтық, конустық және басқа да ақауларды болдырмайды.
Үңгілеуіштерде бұрғыға қарағанда екі емес, үш немесе төрт кесуші жиектері бар, далдалар жоқ және бағыты жоғары қатаңдығының арқасында бұрғыға қарағанда жақсырақ, үңгілеу кезіндегі беріс бұрғылау кезіндегіден біршамаға көп, сондықтан саңылауларды кеңейбұрғылауды үңгілеумен алмастыру ұсынылады. Үңгілеу негізінен бұрғылау мен кеңейбұрғылау арасындағы аралық операция болып табылады. Сондықтан үңгуіш диаметрі түпкілікті саңылау диаметрінен ұңғылауда алынатын әдіп шамасынан кіші болуы тиіс.
Бүйірлі беттерді үңгілеу – ұң жоғылау - дөңгелектерді, құйылшаларды, тірек сақиналарды бүйірінде тістері бар тіліктеу үңгілеуіштермен жүзеге асырылады. Бүйірлі үңгілеуіштердің бағыттаушы шетмойындары болады.
Бұрамалар мен бұрандамалардың цилиндрлік немесе конустық бастиегіне цилиндрлік немесе конустық үңгілеуіштердің көмегімен цилиндрлік немесе конустық тереңдік үңгілеу жасалады, оларды үңгілеуіштер деп атайды.
Ұңғылауды бұрғылау немесе үңгілеуден кейін ұңғылағышпен жасайды. Бұл саңылауды өңдеудің соңғы операциясы болып табылады, өңделетін беттің төмен кедір бұдырлығын және диаметр (7.8) бойынша үлкен дәлдікті қамтамасыз етеді.
Ұңғылау барысында материалдың мәнсіз қабаты бір уақытта ұңғылағыштың бірнеше тістерімен қатар кесіледі.
Ұңғылауышпен өңделген саңылаудың алдында бұрғының немесе үңгілеуіштің өлшемін, қаралай ұңғылауға 0,25...0,50 мм, ал тазалай 0,05...0,015 мм әдіп қалған есеппен таңдап алады.
Мынаны ескеру қажет, ұңғыланған саңылаудың диаметрі ұңғылауыштың диаметріне әрқашан бірнешеге үлкен болады. Саңылау мен ұңғылауыштың диаметрлерінің айырмашылықтарын азайту үшін, олардың өңделетін саңылауға байланысты ұңғылауыштың дұрыс бағытын қамтамасыз етуі керек. Бұны өзібекіткіш қысқылардың көмегімен жүзеге асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |