6.9. бұрғылау білдектерінде жмыс жасау кезіндегі негізгі қауіпсізодік ережелері.
Егер бұрғыла убілдектерінде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік сурақтарына көңіл аудармаса, онда ол орында орында өндірістің зақым болуы мүмкін. Өндірістің зақымдардың негізгі себебене кесуші құралдармен жұмыс жасау кезіндегі, айлабұйымды және электрлі жетектерді қолдану кезіндегі техникалық қауіпсіздіктерді сақтамауды жатқызамыз. Білдекте жұмыс жасау кезінде жоңқаны таалауға, бөлшекті, дайындаманы және басқа да заттарды ұстай білуге ерекше назар аудару керек.
Кесуші құралдар.Бұрғылау кезінде айналушы құралды қоршау мүмкін емес, сондықтан айналушы құралға қармалануына мүмкіндік бермейтін арнайы киім жағдайы маңызды орындалады. Жыртылған барлық түймелері түймеленбеген, бас киімге толық жиналмаған шаш, сыртқа шығарылып тұрған әйелдер үшін орамалы, галстуктері,бұрғылуышының білдектің және құралдың айналып тұрған бөлігіне армалуының себебі болып табылады. Қоршауға білдектің барлық жетекті және беріліс мехаизмдері (тісті дөңгелек, шынжырлар, қайыстар, тегешіктер, біліктер) жатады. Сондықтан білдекті қолдану кезінде ыңғайлы болатын қорғаушы қоршаулардың орнатылуын қадағалау керек.
Құймалы (таспалы) жоңқа.
Құймалы жоңқа көбінесе қолдың немесе аяқтың кесілуіне себеп болады.қазіргі күнге дейін кең диапазондағы кесу режіміндегі кесу үрдісінде оның орнықты ұсақтылуының арнайы құралдары табылмады. Зақым білдекпен жұмысжасау кезінде, сондай – ақ жұмыс орынын тазалау кезінде болуы мүмкін. Білдекті және жұмыс орынын жоңқадан тазалау үшін арнайы қармаулар қолдану керек.
Ұшпалы жоңқа және морт металдардың шаңы.
Қоланы, жезді, шойынды, әр түрлі қорытпаларды өңдеу кезінде элементті ұшпалы жоңқа және шаң болады. Жоңқа бұрғылаушының бетін және қолын зақымдауы мүмкін, ал шаң - көзді бітеуі (ластауы) мүмкін. Морт металдарды және бейметал материалдарды өңдеу кезінде жұмыс орының ауасы көп жағдайларда керексіз құрамдастары бар өңделген материалдың шаңымен ластанады. Ұсақ жоңқа және шаң болатын материалдардан жасалған дайындамада саңылауды өңдеу кезінде міндетті түрде көзілдірік киюі тиіс және сорғыш құрылғылармен жалғанған арнайы пневматикалық жоңқақабылдағыштарды орнату керек.
Дайындамаларды бекітуге арналған айлабұйым.
Абайсыз жағдайлар дайндаманы немесе құралды сенімсіз бекітуден болуы мүмкін және зақым келтіреді. Дайындаманы және құралды бекіту кезінде жасалған кілт өлшемінің сәйкес келмеуінен бұрандамадан немесе сомыннан тайып кетуі мүмкін.
Дайындамалар және өңделген бөлшектер.Зақымдар кей кездері дайындаманы орнату кезінде және өңделген бөлшекті қолмен шешкен кезде болады (дайындаманың аяққа құлап кетуі; қолдың дайындамамен білдек тұғырының арасында қысылып қалуы).
Аяқтың немесе басқа да дене бөліктерінің зақымдануы көбінесе бөлшектің дұрыс салынбауы нәтижесінде, еденнің және жұмыс орынының қанағатсыздандырылған жағдайы нәтижесінде болады. Ұсақ бөлшектердің қатқабат биіктігі 0,5 мм – ден, орташалардың 1 м – ден, ірілердің – 1,5 – ден аспауы керек.
Білдектің қозғалмалы бөліктері. Дайындаманы орнатуды және өңделген бөлшекті шешуді білдекті өшірген кезде және абайсыз қозғалыс кезінде болатын бұрғылаушыны зақымдауы мүмкін кесуші құралдан қашықта жүзеге асыру керек.
Электрлі тоқ.Қоршау, бұғаттаулар және жерқосқыштар әрқашан да нақты ережелерге сәйкес жарамды жағдайда болуы керек.
Зақымдану адамның эмульсиямен, маймен немесе жоңқамен ластанған немесе берілген еденге құлауы кезінде, адамдардың қақтығысуы кезінде немесе машинажасау заводындағы механикалық цехке тасымалдаушы құралдардың кіруінен болуы мүмкін. Сондықтан бұрғылаушы білдекте жұмыс жасау кезінде сақ болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |