Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы


Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi



бет23/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
билеттер ПЕДАГОГИКА

Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi
Бұл принцип философияның ''тəжiрибе – танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе – ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.
Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелердi атап өтейiк.
- Оқу – өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.
- Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң маңызын ашу.
- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.
- Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.
- Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.
- Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.
- Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.
- Тəжiрибелiк сабақтардың көмегiмен оқушылар теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелердi iс жүзiнде тексерiп, ғылыми бiлiмдердi меңгеруге мүмкiншiлiктерiн жасау.
- Оқушылардың тəжiрибелiк əрекеттерi тек мектеп, сынып шеңберiнде қалып қоймай, мектептен тыс өмiрмен, еңбекпен ұштасып отыруы шарт.
Саналылық пен белсендiлiк принципi
Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.
Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн қамтамасыз ету.
- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн негiзге алу.
- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.
- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi ақпаратпен ұштастыра бiлу.
- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.
- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.
- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.
- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.
- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет