Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет25/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
билеттер ПЕДАГОГИКА

Берiктiк принципi
Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi: оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi, уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады.
Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.
- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.
- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.
- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында сақтату.
- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.
- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады.
- Бiлiмнiң берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен шұғылданып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.
- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.
- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайтудың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.
- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.
- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.
- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.
Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру – оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.


БИЛЕТ №13
Оқыту әдістерінің жіктелуі.
Әдіс деген сөз гректің «metoclos» деген сөзінің қазақшасы. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Білім мазмұны – нені оқыту керек? деген сұраққа жауап береді.
Оқыту әдісі – қалай оқыту керек? деген сұраққа жауап береді.
Оқыту әдісі – оқыту процесі сияқты екі жақты процесс. Мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, сондай-ақ заттарды немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т.б. таным әрекеттерін жасайды. Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс-әрекетін балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады. Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары. Оқыту әдістерінің тиімділігі мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет