Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.
Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары(оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).
Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.
Мектеп басшысының қызметі
Мектепке жалпы басшылық ету;
Мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;
Жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;
Мектеп жұмысын жоспарлау;
Оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;
Ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;
Мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;
Оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;
Оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;
Мектеп кітапханасымен жұмыс;
Мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;
Мектепшілік бақылау жүйесінде басшылық жасау;
Мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;
Мектеп асханасымен жұмыс;
Демеуші мекемелермен байланыс орнату;
Баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
Техникалық қауіпсіздік талабына орындауды қадағалау;
Халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметі Жалпы білім беруді жүзеге асыру;
Оқу бағдарламасынының орындалуын қадағалау;
Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын бекіту;
Сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;
Пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;
Сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін
Оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;
Оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;
Оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;
Пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;
Кітапхананың жұмыс. Сыныптан тыс оқуды тексеру;
Зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;
Еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;
Оқушылардлың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.
БИЛЕТ №22 Білімді тексеруге қойылатын талаптар.Тексерудің түрлері мен әдістері. • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;