2 Литосферақабатындағы өзгерістер Ғаламторда дұрыс ақпарат таба алмай ойдан жаза салдым, басты текстті жазғаннан соң әр өзгерістерді өз сөзінмен сипаттай өт, сол жетіп қалар.
Литосфера жердің қатты қабаты және онда өзгерістер үздіксіз жүріп жатады.
Жалпы өзгерістерді бөліп көрсету үшін сыртқы және ішкі литосфера деп қарастырайық.
Ішкі литосферада мантия мен ядро қоймалжын материя болғандықтан қандай да тұрақтылық жоқ, яғни процесс онда тоқтамайды. Ал сыртқы, жер бетіндегі литосферада өзгерістер жиілігі аймақтың сейсмикалықтығына байланысты. Өзгерістерге жер бетінің биіктігінің өзгеруі (тау көтерілімдері, тау немесе үстірт аласарауы), топырақ эрозиясы, үгілу процесі,
Өзгерістердің себептеріне келсек ішкі өзгерістерді ядродан туындайтын террмоядролыө энергия әсірінен пайда болады. Ал сыртқы өзгерістерің себептері көп, литосфералық тақталар қозғалысы, антропогендік фактор, ғарыш обектілерінен, үгілу, т.б
Билет 4 1 Қазақстанның географиялық орнының экологиялық салдары Қазақстан олтүстіктен оңтүстікке 1600 км, батыстан шығысқа 1925 км-ге созылып, 2717,3 мың шаршы кмді немесе жер құрлығының 1,8 пайызын алып жатыр. Қазақстанның солтүстік шекарасы Байкал көлінің, оңтүстік шекарасы Стамбул және Мадрид қалаларының ендігіне сәйкес. Қазақстан ендігінде Канаданың жалпақ жапырақты орманы мен даласы, Орталық Қытайдың құрғақ және шөлді даласы көрініс тапқан. Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан және Түрікменістанмен шекаралас. ОңтүстікШығыстан басқа жерде табиғи шекара (кедергі) жоқ, сондықтан ауа массасымен және өзен ағынымен техногендік ластаушылардың трансшекаралық қозғалысы (көшуі) жеңілдейді. Қазақстан ерекшелігі - оның Орталық Азияның батыс бөлігіндегі континенттік орны мен аумағының үлкен бөлігінің ағынсыз болуы. Географиялық орнының осы ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан табиғатының сипаты төмендегідей: шұғыл континенттік климат, суресурстарының тапшылығы мен бірқалыпты таралмауы, аридті және семиаридті ландшафттардың басымдылығы. Табиғи жағдайының әр түрлілігі Қазақстан аумағының кеңдігімен анықталады. Қыратты жазықтар (теңіз деңгейінен 500 - 600 м. абс.) мен ұсақ шоқылар Қазақстан ауданының 50 пайызын алып жатыр. Қазақстан аумағында ойпатты жазықтар (100 - 250 м. абс.) үлесіне 30 пайызы, ал тауларға (1000 - 4000 м. абс.) 20 пайызы тиесілі. Жер бедеріндегі биіктіктер алшақтық: -132 метрден (Қарақия ойысы) 6995 метрге (Хан Тәңірі) дейін. Қазақстанның минералдышикізат ресурстарына ерекшебайлығы, оның ішінде мұнай мен газкені, металл кендері қорының байлығы, Республиканың жалпы сирек қоныстануы, елді мекендер, қалалар, өнеркәсіптік тораптардың нүктелік орналасуы, көліктік тордың нашар дамуы, экономиканың негізінен аграрлы өнеркәсіпті шикізаттық сипаты - Қазақстанның экономикалық- географиялық орнының жалпы фоны осындай. Ормансыз, шөлді-далалы экожүйенің басымдылығына байланысты Қазақстанның Жер биосферасының биомассалық ғаламдық теңдестігінде алатын ролі үлкен емес. Дегенмен қолданылуы шектеулі жыртуға келетін топырағы бар табиғи жайылымдардың кеңдігін адамзаттың стратегиялық резервті жер фондына жатқызуға болады. Қорықтар ауданы кең емес (Республика ауданының 0,3 пайызы).