Билет Геоэкология пәнінің маңызы


Биосфераның қазіргі кездегі экологиялық жағдайы



бет15/18
Дата21.12.2022
өлшемі54,68 Kb.
#58623
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2 Биосфераның қазіргі кездегі экологиялық жағдайы
Адамның іс-әрекеті жыл санап биосферадағы өтіп жатқан процестерге әсер етуде. Адамның іс- әрекет нәтижесінің биосфераға әсер етуі жөнінде кейбір мәселелермен біз алдыңғы тақырыптарда танысып өттік. Биосфера белгілі бір деңгейге дейін осы өзінде болып жатқан процестерді реттеп отыруға қабілетті. Бірақ, мұндай әсер етулер шектен тыс өсе берсе биосферадағы тепе – тендік бұзылып, экологиялық апаттарға әкеліп соғады.
Ғалымдардың есептері бойынша кеінгі кезде сотүстікте ауаның орташа температурасы ХІХ ғасырдың соңымен салыстырғанда 0,5-0,60 С-қа көтеріле бастағаны байқалады.
Биосферны зерттеуші ғалымдар ауа температурасының осылай көтерілуін атмосферада көмір қышқылының газының мөлшерінің көбеюімен байланысты деп түсіндіруде.
Экологиялық проблемалар жылу энергетикалық өнеркәсіптерде энергия алумен де байланысты. Қазіргі кезде электр энергиясы негізінен су электр станцияларына, жылу және атом станцияларынан алынады.
Су электр станцияларының табиғатқа зияны жоқ сияқты болып көрінеді. Ал шын мәнінде бұлар табиғатқа да, адамға да орна толмас зиян келтіреді. Ең алдымен:
1. үлкен өзендерде бөгеттер салу үлкен аймақтардың су астында қалып қоюына алып келеді, мұның өзі шабындық жерлердің жоғалуына әкеліп соғатыны анықталып отыр;
2. өзендерде бөгет салғанда балықтардың уылдырық салу үшін миграция жасауына кедергі жасайды;
3. су қоймаларында су тұрып қалады да ағысы төмендеп суда және су жағасында тіршілік ететін барлық тірі организмдердің тіршілігіне әсер етеді;
4. судың көтерілуі жер асты суларына әсер етіп, су жағасының балшыққа айналуына әкеледі, сонымен қатар, таулы өзендердегі бөгеттер жер сілкінісі жиі болатын жерлерде де қауіп төндіреді.
Экологиялық жағынан алып қарағанда атом электр станциясы қазіргі энергетикалық кешендердің ішіндегі тазасы болып саналады. Бірақ жер бетіндегі тіршілік иелеріне өте қауіпті. Радиоактивті қалдықтар қалдырады. Көмірдің аздаған табиғи радиоактивтігі барын көп адамдар біле бермейді. Жылу электр станциясында көмір өте көп жағылатын болғандықтан, радиоактивтік ластану атом электр станциясына қарағанда жоғарырақ. Дегенмен, адамзат баласы өзінің тіршілігі мен аман саулығы орман экожүйесімен биосферасындағы байланысты екенің түсінді. Соңғы жылдар әлемнің көптеген елдерінде орман отырғызу жұмыстары қолға алына бастады. Оның ішінде ҚР территориясында іске асуда.
Қазіргі кездегі техника мен көп мөлшердегі энергияны пайдаланатын адамзат қоғамы жердің табиғатына ықпал ететін қуатты күш. Егер адамзат табиғаттың заңдылықтарын ескермей және миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық апаттарға әкеліп соғатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде адамдар өз іс – әрекеттерінің нәтижесінде бірнеше табиғи экологиялық аппатраға ұшырады және табиғаттың қазіргі жағдайы адамдарды қатты толғандыруда. Міне, сондықтан да қазіргі кезде экология осы табиғи дағдарыстардан шығуға жол көрсетуге көмектесетін ғылым ретінде ерекше маңызға ие болып отыр. Табиғаттың байланыстарының заңдылықтарын аша отырып, адамдар айналасын қоршаған сыртқы табиғи ортамен өздерінің қатынастарын қалай өзгертіп және ұйымдастыру керектігін тереңірек түсінуде. Бұл мүмкіндіктердің бәрі көбінесе, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет