13 билет 1 Мемлекеттік табиғи қорықтар Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.
Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар:
* Ақсу-Жабағылы қорығы
* Алматы қорығы
* Наурызым қорығы
* Барсакелмес қорығы
* Қорғалжын қорығы
* Марқакөл қорығы
* Үстірт қорығы
* Батыс Алтай қорығы
* Алакөл қорығы
* Қаратау қорығы
Қорықтарда сирек кездесетін жануарлар мен құстар өмір сүреді, өсімдіктер жайқалып өседі. Қорықты құрудағы мақсат – жануар мен табиғатты сақтау және қорғау. Қазақстандағы қорықтардың жалпы ауданы – 1 610 973 гектар.
Ақсу-Жабағылы қорығы
Қазақстандағы тұнғыш қорық. Талас Алатауының солтүстік-батысын және Өгем жотасын алып жатыр.1926 жылы құрылған.
Алматы қорығы
Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік қорық.
Наурызым қорығы
1934 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр.
Барсакелмес
Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды.
Қорғалжын қорығы
1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр.
Марқакөл қорығы
1976 жылы құрылған. Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен Азутау жотасы арадығындағы Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар.
Үстірт қорығы
Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі.
Батыс Алтай қорығы
1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан.
Алакөл қорығы
1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан.
Қаратау қорығы
2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан.