Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования


Бастауыш сыныпта етістікті оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет25/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту әдістемесі 
 
Абдигалиева Молдир Болатовна 
 
Бастауыш класс мұғалімі 
 
Новый орта мектеп-лицейі, Астана ауданы, Ақтөбе облысы
СЕКЦИЯ: Бастауыш білім беру 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ең жақсы жоспар - уақыт 
талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай 
межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз 
- елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! 
Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен 
иық түйістіру» деп жолдауында атап өткен болатын. Қарыштап дамып келе 
жатқан жас мемлекетіміздің алдына қойған мақсаты биік, бағыты айқын. Бұл 
жоспарды жүзеге асыруда ана тіліміз - қазақ тілінің де маңызы зор [1].
Бүгінде осы мақсатта оқыту әдістемесінде, педогогика ғылымында көптеген 
оқытудың жаңа тәсілдері іске асырылуда. Бұдан қазақ тілін оқыту әдістемесі де 
құр алақан емес. 
Бастауыш сыныптарда етістікті оқыту әдістемесінің өзектілігі - бұл оқытуда 
тиімді әдістерді анықтау, талдау және ұсыну болып табылады. Тиімді оқыту 
әдістері көп, қазір де олар жаңару үстінде.
Етістік - сөз таптарының ішінде ең көлемді де күрделісі болып саналады. 
Етістіктің ең күрделі сөз табы екендігі оның лексика-семантикалық 


49 
ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалардың 
қат-қабаттылығынан, грамматикалық категориялардың әр-түрлілігінен, жаңа сөз 
жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратың синтаксистік 
қызметінен, т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістік зат есім 
секілді көне (сөз табы), басқа сөз таптарын жасауға негіз болған сөз табы. 
Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр түрлі 
өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады. 
Кейбір еңбектерде етістікке «қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі 
процестердің атын білдіретін сөз табы» деген анықтама беріледі. Дұрысында, 
«етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді, қимылдың атын етістіктің кейбір 
тұлғалары ғана (қимыл есімі немесе тұйық етістік) білдіреді. Етістіктің 
семантикалық өрісі кең. «Оның себебі,-дейді А.Ысқақов, - ол семантика тек 
субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде 
ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан 
амал, әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай, күй, сияқты процестерге қатысты 
ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр-түрі, қашан 
да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады» [7]. 
Оқушыларды етістік ұғымымен таныстыру 2 сыныптан басталады. 
2 сыныпта морфологияға 34 сағат бөлінеді. Бұл сабақтарда сөз таптары 
жайлы ұғым: сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы әр топтың 
өзіне тән сұрақтарымен таныстырады. Бұл жерде қаралатын тақырыптар: Етістік 
және оның сұрақтары, сонымен қатар дара және күрделі етістіктер. 
3 сыныпта морфологияға 30 сағат бөлінеді. Бұның ішіне етістікке қатысты 
ұғымдар:
Етістіктер туралы білімді еске түсіру; 
Негізгі және туынды етістік
Негізгі етістік, оның анықтамасы; 
Туынды етістік, оның анықтамасы; 
Болымды және болымсыз етістік. 
4 сыныпта морфологияға 52 сағат бөлінеді. Соның ішінде етістікке қатысты 
жаңа ұғымдар: 
Етістік, оның жіктелуі; 
Жекеше және көпше жіктелу үлгілері; 
Етістік шақтары: осы шақ, келер шақ [2]. 
Етістікке оқушының қызығушылығын оятып, оның қажеттілігіне көз 
жеткізетін дидактикалық талаптардың бірі - оқушыға етістіктен берілетін 
теориялық білімнің практикалық мәні екі жүйеде қатар, сабақтастырыла 
жүргізілуі тиіс: біріншіден, етістіктен өткеннен кейін оқушы оның қай сөз табына 
жататынын, қай сөз таптарымен қалай қатынасқа түсетінін, сол сыныптағы 
бағдарлама көлемінде меңгеруге міндетті. Бұл ұғым - түсініктер оқушының 
етістіктен біліктілігін қамтамасыз етеді. 
Етістікті оқытқанда, байқау әдісі жақсы нәтиже беру үшін, мұғалімнің 
оқушыларды байқауға дайындау жұмысы мына мәселелерді қамтиды: 
1. оқушылардың байқайтын нәрсесін аңғара алу үшін, оның өткен 
материалдардан теориялық білімінің болуы; 


50 
2. кейде байқайтынына қатысы бар кейбір деректерді алдын ала білдіру; 
3. нені, не үшін байқау керектігін алдын ала ескерту. 
Мысалы, етістікті жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның 
мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару (келып емес кел + іп, кел 
– а емес кел – е екенін дұрыс қолдана білу). 
Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық байқау 
сабақтың әр кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл сабағында қазір 
онша көп орын алмайды. 
Қазақ тілі сабағында етістіктен білім беруде ең тиімді байқау - аз уақыттық 
байқау. Байқаудың тым ұзаққа созылғаны (3-4 сағатта бір ғана объектіні байқау) 
оқушыларды жалықтырады. Соның салдарынан басқа сабақтарда олардың 
байқауға ықыласы болмайды. Сондықтан да етістікті оқытқанда, аз уақыттық 
байқау әдісі тиімді. 
Қазақ тілі сабағында етістіктен берілетін білімнің бірі бірдей оқушылардың 
байқауы арқылы меңгеріле бермейді. Сондықтан да тілдік-теориялық материалдар 
оқушыларға мұғалімнің түсіндіруі арқылы да меңгертіледі. 
Қазақ тілінде етістік материалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз - оның 
ұғымдары мен ережелерін логика заңдарын басшылыққа ала отырып, ғылыми 
тұрғыда белгілі бір жүйемен оқушыларға айтып беруі. Түсіндірудің негізгі өзіндік 
ерекшелігі - дәлелдеу. Мұғалімнің түсіндіруінде үнемі пайымдау, ой 
қорытындысын шығару, дәлелдеу дегендер болып отырады. 
Оқу материалдарын түсіндіру бір-ақ ізбен жүрмейді. Ол түрленіп отырады. 
Солардың негізгі түрлері мыналар: 
1. Бағдарлама мен оқулықтағы етістік туралы білімді түгел түсіндіру.
2. Оқулық пен бағдарламада көрсетілген етістік туралы материалдардың ең 
негізгісін ғана мұғалімнің түсіндіруі.
3. Оқушыларға бағыт беру.
4. Оқушылардың өздігінен түсінуі немесе түсіндіруі.
Етістікті әңгіме әдісімен оқытатын мұғалімдер мыналарды білуі шарт дейді 
Ғ.Арғынов. 
1. Әңгіме кезінде мұғалім аз, оқушылар көп сөйлеуге (ереже айту, мысал келтіру, 
жолдастарының жауабының дұрыс-бұрысын дәлелдеуге) тиіс. 
2. Сұрақ алдымен сыныпқа қойылуы керек. Содан кейін аз үзілістен соң оған 
жауап беретін оқушының фамилиясын, атын атаған дұрыс. Мұндай жағдайда 
мұғалім сұрағына сынып болып қатысқан дұрыс және сынып болып жауап 
қайтаруға тырысады, оқушылардың белсенділігі, жауапкершілігі артады. 
3. Сыныпқа сұрақтарды анық, айқын етіп қою. 
4. Қиын сұрақтарды екі қайтара айту. Сол арқылы олардың оқушыларға түсінікті 
болу жағын ескеру. 
5. Қойылған сұрақтарға оқушылардың қысқаша әрі толық жауап беруін талап ету. 
6. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беруге барлық оқушы қатысуы керек. 
7. Оқушы жауабын әбден тыңдап алған соң ғана мұғалім оны мақұлдауға немесе 
толықтыруға құқылы. 


51 
8. Бір оқушыдан сабақ сұрауға көп уақыт кетіруге болмайды. Өйткені көп 
сұралған оқушы да жалығады. Соның салдарынан көптеген оқушы сынып 
еңбегіне қатыспай қалады. 
9. Оқушыдан карточка арқылы сұрауға да болады. 
10. Мұғалімнің рұқсатымен жауап беріп тұрған оқушыға сыныптағы басқа 
оқушыларға сұрақ қойғызуға болады. 
11. Оқушылар жауабының аяқталған ойды білдіруін және әдеби тілде берілуін 
талап ету. 
12. Оқушы жауап бергенде, оның кітапқа көз жүгіртпеуін, біреудің сыбырын 
қайталап айтпауын қадағалау. Екінші сөзбен айтқанда, әр оқушы білгенін өз 
сөзімен баяндауға тиіс. Қай әдісті болса да ұзаққа созбай, басқа әдістермен, 
алмастырып отырса, ол жаңа материалды түсіндіргенде де, сол сияқты қайталау, 
пысықтау да оқушыларға білім беруге немесе білгенін түсіндіруге көмегін 
тигізеді [3]. 
Оқушыға етістікті меңгертуді формалдылықтан аулақтататын бұл 
жолдардың ең тиімді де басты жетістігі - оның ойлау қабілетін арттырумен қатар, 
оқушылардың тілін дамытуға, олардың жалпы тілдің түсініктерін ой елегінен 
өткізіп, сөйлеу тілінде саралап қолдануға жол ашады. Таратып айтсақ, мысалы, 
оқушы анықтаманы өз бетінше құрастырса, біріншіден, оның байланыстырып 
сөйлеу дағдысы қалыптасады, екіншіден, етістікке байланысты атауларды 
пайдалану нәтижесінде сөздік қоры молаяды, үшіншіден, жұрт алдында сөйлеуге 
машықтанады, төртіншіден, басқаларды да тыңдауды үйренеді, бесіншіден
оқушылар бір-бірінің қабілет-дарынын қанаттандырып, басқалардың пікірімен 
санасуға қол жеткізеді. 
Қарапайым қорытындылар жасаудан бастап, үлкен тарауларды өткеннен 
(мысалы «сөз таптары») оларды талдату, бір жүйеге енетін, яғни, «сөз таптарына» 
енетін зат есімді, сын есімді, етістікті т.б. саралау, оларды классификациялау 
жұмыстары үстінде ойлау операциялары дамытылуымен қатар, оқушының зейін, 
ерік, шығармашылық қиял, тақырыптық ерекшелігі де өрістейді. Етістікті игеру 
мен жорамалдар ұсыну және оларды дәлелдеу үстінде тілдік біліктілігі оқушының 
өз ойын сөйлеу тілінде дұрыс құруы арқылы да танылады. 
Оқушының өздік жұмыстарында әрқашан сабақтастық ұстанымын 
басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізген тиімді. Себебі оқушы үшін етістік 
бұрын соңды өтілген тақырып болса, етістіктің категориялары мүлдем жаңа 
көсемше, есімше, етістіктің райлары, шақтары тақырыптарын өз бетінше меңгеруі 
қиын . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет