Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


 Курстың дизайны және оқу материалдары



Pdf көрінісі
бет116/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

3. Курстың дизайны және оқу материалдары.
Онлайн-курс 
оқытушының білім беру саласындағы және ғылыми зерттеулер 
жүргізу дағдысындағы озық тәжірибесін көрсетуі тиіс. Білім беру 
мазмұны университет кампусында дәстүрлі түрде ұсынылатын 
курстың мазмұнымен салыстырылуы керек.
Жақсы әзірленген курс мыналарды қамтуы қажет:
• бағдарлама бойынша оқыту нәтижелеріне және Еуропалық 
142
https://moodle.org/; http://www.sakaiproject.org/; www.instructure.com; www.blackboard.com, 
http://mahara.org, https://www.digication.com/
143
www.youtube.com, https://apps.apple.com/us/app/itunes-u/id490217893, www.open.edu/
openlearn/, www.ted.com/talks


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
203
біліктілік шегінің деңгейіне сәйкес келетін оқытудың нақты 
және өлшенетін нәтижелері;
• бағалау және оқыту әдістерінің оқыту нәтижелерімен сәй-
кес келуі;
• жоспарланған оқу қызметіне және оның мазмұнына сәйкес 
келетін технологиялар;
• мазмұны бойынша логикалық және жүйелі түрде ұсы-
нылған оңтайлы навигация;
• білім беру бағдарламасына сәйкес келетін және осы сала 
бойынша ағымдағы зерттеулерге негізделген курс матери-
алдары;
• нақты нұсқаулықтары бар оқу материалдары;
• инклюзивті білім беруді есепке ала отырып, мүмкіндігі 
шектеулі студенттер үшін қолжетімді үлгіде ұсынылатын 
білім мазмұны;
• академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес қолданыла-
тын курс материалдары.
4. Бағалау.
Бағалау академиялық үлгерімнің маңызды көрсет-
кіші болып табылады және курс өткізудің тиімділігін жанама түрде 
анықтайды. Бағалау тапсырмаларынан мыналар күтілед:
• оқыту нәтижелерін синхронды немесе асинхронды формат-
та өлшейді;
• бағалауда қолданылатын әртүрлі инновациялық және 
тиімді дағдыларды (сыни тұрғыдан ойлау, мәселерді шешу 
және т. б.) қарастырады;
• білім алушылар үшін тұжырымдалған нақты және ақпарат-
тық бағалау айдарларына негізделген;
• өзін-өзі бағалау және өзара бағалау мүмкіндіктерін ұсынады;
• жиынтық бағалау, сондай-ақ қалыптастырушы бағалау түр-
лерін де қамтиды;
• студенттердің оқу үлгерімін жақсартуына жәрдем береді 
және курстың басынан аяғына дейін олардың оқу үлгерімін-
дегі ілгерілеуді атап көрсетіп отырады.
Бағалау үлгілеріне жасалатын кеңейтілген таңдауды онлайн ре-
жимінде пайдалануға болады, мысалы эссе, онлайн-пікірталастар, 
онлайн-тесттер және топтық жобалар. Академиялық адалдыққа қа-
тысты орын алуы мүмкін кез келген қиындықтың алдын алу үшін 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
204
оқытушылар кейбір жазбаша жобаларды синхронды емтихандар-
мен немесе жедел жауап беруді қажет ететін тапсырмалардың 
басқа түрлерімен толықтыра алады. Плагиатқа жол бермеу үшін 
оқытушылар студенттерді университеттің академиялық адалдыққа 
қатысты саясаты туралы құлағдар етіп, оларды Turnitin
144
платфор-
масы арқылы өз тапсырмаларын тексеруге қызықтыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет