Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет117/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

5. Оқу тапсырмалары.
Оқытушыларға белсенді оқытудың ин-
новациялық және жеке тұлғаны дамытуға бағытталған көптеген 
тәсілдерін қолдану ұсынылады. Курс топтарының өзара бірлесіп 
әрекет етуі, технологиялық талаптар мен этикет жөніндегі нұсқау-
лықтар студенттерге нақты әрі айқын түрде жеткізілуі керек. Оқыту 
бойынша атқарылатын іс-әрекет оқыту нәтижелеріне қол жеткізу-
ге қолдау білдіруі керек және оқытудың әртүрлі стильдерін ескеруі 
қажет (мүмкіндігі шектеулі білім алушылар мен қабылдау деңгейі 
төмен және жоғары білім алушылар үшін). Бұл тапсырмаларға топ-
тық жобалар, кейс-стадилер, қиындықтарды шешу бойынша жүр-
гізілетін талқылаулар кіруі мүмкін. Тапсырмаларға тиісті техноло-
гиялар мен мультимедиялық ресурстар қолдау білдіруі қажет.
Курста студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен қа-
рым-қатынас жасауына жағдай туғызатын көптеген мүмкіндіктер 
қарастырылуы керек.
6. Студенттерге қолдау білдіру.
Жоғары оқу орындары оқы-
тушылар мен студенттерге қолдау көрсетіп, олардың тиімділігін 
арагідік бағалап отыруы тиіс. Кампус аумағындағы курс және 
көрсетілетін қолдау қызметтері туралы үйреншікті ақпараттан 
басқа (кітапхана, ақпараттық технология, бағдарлама бойын-
ша ағымдағы берілетін кеңестер, әкімшілік қолдау көрсету) сту-
денттерге технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалануға 
қатысты қосымша көмек қажет болуы мүмкін. Оқытушылар сту-
денттердің қолданыстағы академиялық қолдау көрсету қызмет-
терін, мәліметтер базасын және кампустың басқа да ресурстарын 
білетініне және қол жеткізе алатындығына көз жеткізуі керек.
7. Студенттердің кері байланысы.
Өзінің онлайн-оқыту 
тәжірибесінің сапасын арттыру үшін студенттерді ресми және бей-
ресми кері байланысқа шығуға ынталандыру керек. Курстарды 
144
http://turnitin.com


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
205
бағалауға арналған сауалнама әзірлеу кезінде университеттердің 
мынадай көрсеткіштерді ескеруіне болады:
• курс пен күтілетін нәтижелер туралы ақпараттың қол-
жетімділігі және ашықтығы;
• оқыту нәтижелері мен білім беру бағдарламалары мазмұ-
нының және оқыту, білім беру және бағалау әдістерінің 
айқындылығы;
• курстың оңтайлылығы мен құрылымы;
• онлайн материалдардың сапасы мен тиімділігі;
• курс кезіндегі қарым-қатынас пен өзара бірлескен іс-әре-
кеттің сапасы;
• курстарды өткізу барысындағы технологиялар мен плат-
формалардың тиімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет