Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Деректерге негізделген сапаны арттыру жөніндегі мәсе-



Pdf көрінісі
бет114/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

6. Деректерге негізделген сапаны арттыру жөніндегі мәсе-
лелер туралы рефлексия.
Сапа мәдениеті сенімді дерек-
терге негізделген ақпараттандырылған шешімдер қабыл-
дауды талап етеді. Бұл ретте университеттерге деректерді 
басқарудың тиімді жүйелерін құру ұсынылады
141
.
Автономияның әлдеқайда жоғары дәрежесі, нақты стратегия-
сы мен миссиясы бар, сапа этикасы мен сапаны басқарудың ин-
теграцияланған құрылымдарын алға жылжытатын, студенттерді 
өз тәжірибелерінің өзегіне тартатын және өз қоғамдастығының 
141
Bollaert, L., Brus, S., Curvale, C., Harvey, L., Helle, E., Jensen, H., Komljenovic, J., Orphanides, A., 
& Sursock, A. (Eds). (2007). Embedding Culture in Higher Education. A Selection of Papers from the 1
st
European Forum for Quality Assurance on November 23-25,2006, Germany


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
201
сапаны жақсарту құндылықтарына деген адалдығымен бөлісе оты-
рып, көшбасшылықты және қызығушылық тудырған тараптардың 
ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға қатысуын қолдайтын 
университеттің неғұрлым жетілдірілген сапа мәдениетін құруға әл-
деқайда көбірек мүмкіндігі бар.
Бұл аталған сипаттамалар толық қамтылған сипаттама болып 
табылмайды, дегенмен қазіргі сапа үрдістеріне шолу жасап, талқы-
лауда бастапқы дерек бола алады.
НУ сапа мәдениетін қалыптастырудың алғашқы қадамдарын жасады. 
Университет сапа құндылықтарын ұстанады және бұл университеттің страте-
гиясында бекітілген (2018-2030):
НУ-дың бес стратегиялық мақсатының бірі саналатын 2 Стратегиялық 
мақсат – академиялық артықшылық болып табылады. «НУ-дың оқытушыла-
ры мен зерттеушілері университет қызметінің аталған негізгі салаларында 
әлемдік жоғары стандарттарға қол жеткізе алатын қабілетін көрсетуді жалға-
стыруы тиіс». Яғни түлектер мен зерттеулердің сапасы мен жетістіктерінің 
тұрақты түрде артып отыруы халықаралық дәрежеде танылып, беделге 
ие болуда өте маңызды рөл атқарады. Бұл өршіл мақсат қолжетімді болуы 
үшін университеттің тиімді сапа жүйесін қоса алғанда, көптеген факторлар 
арқылы нығайтылуы тиіс.
НУ-дың сапа құрылымы университеттің СҚА тетіктерінің көмегімен 
академиялық басымдылыққа қолдау білдіру стратегиясының мақсатын қол-
дайды. Институционалдық бағалау бағдарламасының есебінде «НУ-дың қы-
змет көрсету сапасын тұрақты арттырып отыратынына НУ-ға қызығушылық 
тудырған тараптардың айнымас адалдығы...» деп атап көрсетілген. Институ-
ционалдық бағалау бағдарламасының тобы да «бүкіл университет көлемінде 
сапаны қамтамасыз етуден сапа мәдениетіне көшуді жалғастыруды ұсынды». 
Әрине, әлі көп нәрсені жүзеге асыру және жақсарту қажет, бірақ сапа мәде-
ниетін дамыту – уақыт пен ұжымдық күш-жігерді қажет ететін тұрақты іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет