Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет37/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

3.2 Білім беру бағдарламасын әзірлеу
Білім беру бағдарламалары міндетті, элективті немесе қосым-
ша жүргізілетін оқыту және білім беру курстарынан немесе мо-
дульдерінен тұрады. Бағдарламаны әзірлеу оқыту бағдарламасы-
ның жалпы құрылымын жасауды көздейді. Оқыту курстарындағы 
білім беру жұмыстары мен бағалау түрлері бір-бірін толықтырып 
тұратынын білдіретін тұтастай көзқарас қажет. Бағдарламалар 
нөлден бастап жасалуы тиіс немесе көбінесе қолданыстағы бағдар-
ламалар негізінде өзгертілуі керек. Бағдарламаны әзірлеу төменде-
гідей аспектілерді ұсынуды талап етеді:
• бағдарламаны негіздеу – оқу барысындағы қажеттіліктерді, 
нарықтағы сұраныстарды және мүдделі тараптардың қа-
жеттіліктерін қанағаттандыру;
• бағдарламаның университеттің міндетімен байланысуы;
• студенттер ұмтылатын оқу нәтижелері;
• бағдарламаға енгізілетін курстар (негізгі және элективті
басқа бағдарламалардың курстарын қоса алғанда);
• оқыту, білім беру және бағалау әдістерінің үйлесуі;
• аралас оқыту мен электрондық бағалауды біріктіру;
• бағдарлама шеңберінде оқытудың даму барысын, ілгеріле-
уін бақылайтын тетік;
• зерттеулерді білім беру бағдарламасына кіріктіру (білім 
беру мекемесіне жүктелген міндетке байланысты);
• болашақ жұмыспен қамтылу дағдыларын дамыту және 
бағдарлама мазмұнының осы мамандық пен кәсіптің нақты 
әлемімен сәйкестігі;


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
76
инклюзия, интернационалдандыру, көптілділік және нақты 
бір пән шеңберінде оқытуға мамандандырылған қадам жа-
сау сияқты факторлар (мысалы, STEM саласындағы педаго-
гика (жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инжене-
рия және математика)
60
;
• бағдарламаның сапалы болуын қамтамасыз етіп, жетілдіру 
үшін қолданылатын тетіктер.
Топпен жұмыс істейтін оқытушылар өздерінің тәжірибелерін 
біріктіріп, кәсіби көзқарастарын үйлестіре отырып, білім беру 
бағдарламасының сапасына үнемі нақты ықпалдарын тигізеді. 
Студенттер, түлектер, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі та-
раптар бағдарламаны жобалау үрдісіне қатыса алады. Қарастыры-
латын факторлар мен тәсілдер мыналарды қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет