Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет38/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағдарлама мазмұны
Жаңа білім беру бағдарламасы әзірленген кезде, бірінші 
шешім, әдетте, сәйкесінше ұлттық заңнама және қолданыстағы 
біліктілік жүйесі (еуропалық, ұлттық, салалық, институционал-
дық) негізінде тағайындалған біліктілік деңгейіне қатысты бола-
ды. Еуропалық біліктілік жүйесінде (EQF) кеңінен қолданылатын 
үш цикл анықталды:
• бакалавриат (бірінші цикл);
• магистратура (екінші цикл);
• докторантура (үшінші цикл).
Қазақстанда бағдарламаның академиялық аспектілері білім 
беру, дағды қалыптастыру және оқыту мазмұнының көлемі осы 
деңгейге сәйкес келетініне кепілдік бере отырып, ұлттық біліктілік 
және Еуропалық біліктілік жүйесімен келісілуі тиіс. Қазақстан Бо-
лон үдерісінің
61
мүшесі болып табылатынын ескере отырып, біз 
бағдарламаның Болон үдерісінің стандарттарымен және Еуропа-
лық біліктілік өлшемімен (EQF) келісілген/келісілмегеніне ерекше 
назар аударамыз.
60
National Research Council. 2011. Successful STEM Education: A Workshop Summary. Washington, DC: 
The National Academies Press. https://doi.org/10.17226/13230
61
https://ec.europa.eu/education/policies/higher-education/bologna-process-and-european-higher-education-
area_en


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
77
Бағдарламаның ұзақтығы мен академиялық несиенің 
байланысы
Болон үдерісі шеңберінде Еуропалық трансферт (аудару) 
және академиялық несиелерді жинақтау жүйесінің (ECTS)
62
ережесінде бағдарлама мен сәйкесінше несиенің ұзақтығына 
қатысты тиісті нұсқаулар бар
63
. Бағдарламаны әзірлеушілер өз-
дерінен күтілетін мынадай үміттерді ақтауы қажет:
• ECTS-тің бір несиесі студенттердің 25-30 сағаттық оқу 
жүктемесіне және тиісті оқыту нәтижелеріне ойдағыдай 
қол жеткізуіне байланысты бөлінеді;
• ECTS-тің 60 несиесі толық жұмыс күнімен есептелетін 
оқу жылына немесе оның баламасына (және тиісті оқы-
ту нәтижелеріне қол жеткізуіне) қатысты жұмыс жүкте-
месіне бөлінеді;
62
https://ec.europa.eu/education/resources-and-tools/document-library/ects-users-guide_en
63
https://iqaa.kz/en/international-documents/ects-user-guide; 
https://ec.europa.eu/assets/eac/education/ects/users-guide/index_en.htm


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет