Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет91/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Онлайн және аралас оқыту
Онлайн оқыту мен аралас оқытуға арналған курстардың әзір-
ленуінде көптеген ортақ құрылымдық ерекшеліктер болғанымен, 
онлайн режимде оқыту тәжірибесі күндізгі оқыту тәжірибесі-
нен өзгеше екендігі жалпыға белгілі. Онлайн оқыту оқытушыдан 
әртүрлі дағдыларды меңгеруді талап етеді. Алайда оқытушылар-
дың көпшілігі өздерінің дағдыларын тез бейімдеуге ғана икемді 
емес, сонымен қатар өздерінде бар көптеген материалдар мен ре-
сурстарды да онлайн оқу ортасына жылдам сәйкестендіре алады. 
Басты мәселе студенттердің ынтасы мен қызығушылығына қолдау 
көрсету болып табылады. Студенттердің қызығушылығын арттыру 
үшін оқытушылар икемдей алатын бірқатар тәсілдер бар:
• курс барысында студенттермен жасалатын өзара іс-әрекетті 
түсіндіру және білім алушылардың өзара іс-әрекетіне қойы-
латын талаптарды түсіндіру (ақпараттық технологияларға 
қойылатын функционалдық талаптарды қоса алғанда);
• студенттерге қатаң мерзімдер мен жұмыс уақытын пайда-
лана отырып, ғаламторда жұмыс істеу барысында өзіндік 
тәртіп орнатудың және өзін-өзі ретке келтірудің басқа түр-
лерін дамытуға көмектесу;
• студенттердің бірде-бір тобы, тіпті шағын топ болса да, қо-
лайсыз жағдайға тап болмас үшін, оқытудың қолжетімділігі 
мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін-
діктерді пайдалану. Бұл аспектілер мыналарды қамтиды: 
1)әртүрлі білім алушылардың қажеттіліктеріне жауап бе-
ретін форматта мультимедиялық контентке қол жеткізу-
дің балама құралдарын ұсыну; 2) күрделі әрекеттерді азай-
та және мүмкіндігінше сенімді, қарапайым нұсқаларды 
таңдай отырып, ақпараттық технологияларды қолданудың 
қарапайымдылығын есепке алу; 3)барлық студенттер үшін 
материалдың ыңғайлы оқылуын қамтамасыз ету;
• дидактикалық, дәріс оқу тәсілдерінен фасилитациялық 
(мүмкіндік беретін) тәсілге көшу, онда оқытушы білім бе-
рудің скаффолдингін қамтамасыз етеді (ECTS академиялық 
несиелер жүйесінде несие тікелей оқытушылық қызметтің 
сағаттарына емес, студенттердің оқуға жұмсайтын сағатта-
рының саны негізінде беріледі);


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
160
• селқостық танытатын оқытуға емес, белсенді оқытуға және 
студенттердің іс-әрекетіне назар аудару. Бірлесіп оқыту, із-
деніс-зерттеу жұмыстары негізінде оқыту, шынайы кәсіби 
ортада оқыту, эмпирикалық оқыту сияқты белсенді оқыту 
тәсілдері білім алушылардың оқыту үдерісіне неғұрлым то-
лықтай енуіне септігін тигізеді;
• «Төңкерілген оқыту» технологиясын қолдану, онда студент-
тер онлайн-сессия алдында берілген материалды оқиды
ал сессияның өзі материалды және студенттердің қойған 
сұрақтарын талқылауға арналады;
• студенттерге берілетін курс мазмұнын шағын «тез 
игерілетін» бөліктерге бөлу арқылы оқу үдерісінің тиімділі-
гін арттыру (мысалы қысқа бейнеролик немесе аудиома-
териалдар, әр фрагменттің соңында негізгі ойларды қоры-
тындылау және бөліп беру);
• онлайн-оқытуда көзбе-көз «тірі» қарым-қатынас жетіспей-
ді. Оқу мазмұнын интерактивті ете отырып, сіз студент-
теріңізге курсыңыздан көбірек пайда алуға және олардың 
қызығушылығын айтарлықтай арттыруға көмектесесіз;
• студенттер үшін қауымдастық құру. Мысалы әлеуметтік 
желілерде форумдар, блогтар немесе топ ұйымдастыру. 
Студенттердің өзара бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал ету (фа-
силитация) олардың курсқа қызығушылық танытуын және 
табысты болуын едәуір арттырады. Студенттердің постта-
рына жауап беру, сұрақ қою, студенттерді өз курстастарын 
толғандыратын сұрақтарды қоюға шақыру, электрондық 
поштасына жаңалықтарды, сілтемелер немесе хабарланды-
руларды жіберіп отыру арқылы өзіңізге курстың белсенді 
қатысушысы болуды қамтамасыз етіңіз;
• студенттердің сабаққа қатысуы және сабақ кезінде не 
тиімді екенін анықтау үшін онлайн-сабақтарда орын алған 
жағдайларға бағалау жүргізу. Бұл онлайн ортада пайдала-
нылатын құралдарды және олардың студенттердің сабаққа 
қатысуы мен оқуына әсерін сыни бағалауды қамтиды;
• орындалған тапсырмалар бойынша уақтылы формативті 
және жиынтық кері байланыс беру студенттерге кері бай-
ланысты келесі тапсырмаларды жақсарту үшін пайдала-


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
161
нуға мүмкіндік береді. Үлкен сыныптарда кері байланысты 
қамтамасыз ету қиын.
• орындалған тапсырмалар бойынша уақтылы қалыптасты-
рушы және жиынтық кері байланыс беру студенттерге ке-
лесі тапсырмаларды жақсы орындау үшін кері байланысты 
пайдалануға мүмкіндік береді. Үлкен аудиторияларда кері 
байланысты қамтамасыз ету қиын, бірақ жүзеге асыруға 
болады. Жақсы ойластырылған айдарлар студенттердің жұ-
мысын бағыттап отыруға көмектеседі және оқытушыларға 
айдарға тікелей байланысты пікірлер жазуға жәрдем береді.
Жоғары білім беру бойынша онлайн оқыту және аралас оқы-
тудың «Quality Matters»
116
сапа стандарттарымен студенттерге курс 
туралы ақпарат берген кезде мына тармақтарға ерекше назар ау-
дарылады:
• курсты қайдан және неден бастау керектігі туралы, курс ту-
ралы жазылған пікірлерді қайдан табуға болатындығы ту-
ралы нақты нұсқаулар;
• білім алушыларды курстың мақсатымен, құрылымымен та-
ныстыру;
• онлайн-пікірталасқа қатысу туралы болжалдың нақты си-
паттамасы. Электрондық поштаны және өзара әрекеттесу-
дің басқа нысандарын нақты көрсету;
• сақталуы қажет курс саясаты мен осы білім беру мекемесін 
сипаттайтын кодекстің ғаламтор-сілтемесіне нақты сипат-
тама жасау және ұсыну;
• курста оқу үшін ең төменгі технологиялық талаптарды көр-
сету және осы технологияларды қалай сатып алуға бола-
тындығы туралы ақпарат беру;
• компьютермен жұмыс істеу дағдыларын және білім алушы-
дан күтілетін цифрлық сауаттылыққа қатысты дағдыларды 
көрсету;
• оқу пәнінің алғы деректемелері туралы болжалдарды көрсету;
• оқытушының өзін-өзі кәсіби тұрғыдан таныстыруы ту-
ралы ақпараттың онлайн режимде қолжетімді болуын 
қамтамасыз ету.
116
https://www.qualitymatters.org/sites/default/files/PDFs/StandardsfromtheQMHigherEducationRubric.pdf


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет