Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
144
Олар, егер әлдеқайда тиімдірек болмаса, ұқсас болуы мүмкін. Бұл
әсіресе оқытудың болжамды нәтижелері білім алуға емес, бағалау
мен сыни тұрғыдан талдау сияқты әлдеқайда жоғары деңгейдегі
танымдық дағдыларға бағытталған кезде дұрыс болады.
Курстың мазмұнын белсенді түрде
зерттеуге студенттерді
ұдайы ұмтылдырып отыратын оқыту мен білім беру әдістерін
таңдаған дұрыс. Жоғары білімге сәйкес келетін оқыту және оқыту
әдістері мыналарды қамтиды:
• іздестіру-зерттеу жұмыстарына
негізделген оқыту сияқты
белсенді оқыту тәсілдері және мәселелер бойынша оқыту;
• «төңкерілген оқыту»
технологиясы, мұнда оқу материалы-
ның көпшілік бөлігі сабақтан тыс оқытылады, ал сабақ уақы-
ты пікірталастар мен жаттығулар үшін
пайдаланылады;
• студенттердің аталған пән бойынша зерттеу үдерісіне тар-
тылуына немесе қатысуына бағытталған зерттеуге негіз-
делген оқыту;
• студенттерге модельденген немесе шынайы жұмыс кеңісті-
гінде оқуға мүмкіндік беретін өндірісте және шынайы кәсі-
би
тәжірибе негізінде де оқыту;
• «аралас оқыту» технологиясы, онда онлайн-компоненттер
студенттерге оқу мен берілген тапсырмаларды орындауға
қосымша мүмкіндіктер береді;
• студенттер бірге жұмыс істеген кезде олардың бірін-бірі
оқытуына қолдау білдіру үшін
өздерінің жетекшілігімен
оқыту;
• шағын топтарда оқыту, мысалы
семинарлар мен топтық
пікірталастар;
• рефлексивті оқыту;
• дәрістерді әлдеқайда тиімді және қызықты етуге мүмкіндік
беретін
әдістерді қолдана отырып, үлкен топтарға (дәрі-
стер) сабақ беру.
Оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа тәсілдері мен қағидалары
11-кестеде келтірілді.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
145
Достарыңызбен бөлісу: