Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
164
мандар өздерінің кәсіби қызметі туралы саналы түрде ой жүгірту
арқылы оқыту барысында құзыретті болады деп сенді. Рефлекси-
ялық тәжірибе қазіргі уақытта мамандықты оқыту мен дамыту-
да басты орын алады. Осы саладағы танымал сарапшылар көбі-
несе
ерекше дағдыларды, таланттылықты және құзыреттілікті
көрсетеді. Осындай сарапшылық деңгейге көтерілу үшін рөл үл-
гілері, тиімділігі жоғары тәжірибе көрсеткендерді бақылау, дербес
тәжірибе, тәлімгерлік, тәжірибе және жинақтаған тәжірибесі тура-
лы рефлексия қажет. Рефлексияны дамытуда, мысалы кеңестерді,
құрылымданған тәсілдерді және кері байланысты қолдану арқылы
қолдау жасап отыру қажет. Мұндай рефлексиялық тәжірибе өмір
бойы оқытудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқытудағы үздік жетістіктері үшін көтермелеу
НУ-дың оқыту сапасын арттыру тәсілінің тағы бір компоненті
оқытудың озық тәжірибесін анықтау болып табылады. НУ-да оқы-
тудағы үздік жетістіктері үшін жыл сайын марапаттау өткізіледі.
Бұл марапаттар НУ-дың оқыту және
білім беру стратегиясымен
тығыз байланысты.
Оқытудағы үздік жетістіктері үшін берілетін марапаттар
НУ-дың Оқу және білім беру мәселелері жөніндегі комитеті жыл сайын
университеттегі үздік оқыту тәжірибесін анықтайды. Бұл байқауға оқытушы-
лар,
нұсқаушылар, ассистенттер, докторант-ассистенттер қатысады. Мара-
паттар мектеп/факультет деңгейінде білім берудегі жетістіктерді марапат-
тау тәжірибесін толықтырады және НУ-да оқытуды үнемі жетілдіруге ықпал
ететін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Университеттің страте-
гиясына сәйкес мынадай марапаттау санаттары бар: инновациялық оқыту;
ғылымды оқытумен біріктіру; инклюзивті оқыту және академиялық адалдық.
Қосымша марапаттар НУ-да интернационалдандыруға қосқан зор үлесі, оқы-
тудағы көшбасшылығы және тәжірибесімен алмасқаны үшін беріледі.
Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
165
1. Сіздің курста қолданылатын білім беру мен оқыту әдістері оқыту
нәтижелеріне қалай сәйкес келетінін сипаттаңыз.
2. Білім беру мен оқытудың ең қолайлы қандай әдістері студент-
теріңізге келесі жетістіктерге қол жеткізуге көмектесетінін ой-
ланыңыз:
а) синтез және бағалау сияқты әлдеқайда жоғары деңгейдегі та-
нымдық
дағдылар;
б) геодезиялық өлшемдер немесе химиялық титрлеу сияқты
тәжірибелік дағдылар;
в) адалдық немесе этикалық мінез-құлық сияқты қарым-қаты-
насты және/немесе құндылықты қалыптастыру.
3. Орынды да мүмкін болатын жерде кейс стадидің мазмұны,
тапсырмалары, мысалдары мен материалдары шынайылыққа
және студенттерді оқытудың мәнмәтініне сәйкес келетініне –
нақты тәжірибені ескеретініне және студенттің болашақ маман-
дығымен байланыста болатынына қалай кепілдік бере аласыз?
4. Оқыту және білім берудің қолданылған әдістері студенттердің
әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес келетініне
қалай көз жеткізе
аласыз? Оқытудың осы аспектісі бойынша кәсіби әрекеттеріңіз-
ге мысалдар келтіріңіз.
5. Ғылым оқытумен қаншалықты біріктірілген? Бұған қандай әді-
стермен қол жеткізіледі?
6. Сіздің оқу бағдарламаңызда немесе курсыңызда қандай ұғымдар
ерекше маңызға ие, үйренуге қиын немесе күрделі құрылымға ие?
Студенттердің бұл ұғымдарды игеруі қалай қамтамасыз етіледі?
Достарыңызбен бөлісу: